«СТУДЕНТІК ҒЫЛЫМ: ЖАСТАР КӨЗҚАРАСЫ»

Білім
75 Views


Егемен еліміздің Үшінші мегаполисіндегі Шымкент университетінде «Студенттік ғылым: жастаркөзқарасы» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Оны аталмышжоғары оқу орнының ректоры Нұрлыбек Ақынұлы Сейітқұлов қысқаша кіріспе сөзсөйлеп ашты. Ол Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Шымкент университеті Ғылыми кеңесінің 2025 жылғы 27 ақпандағы (№7 хаттама) Богуслава Леска ханымға Шымкент университетінің Құрметті профессоры атағыберілгенін хабарлады. Қадірменді қонаққа арнайы Диплом табыс етіп, иығынақамзол жапты.

Конференция барысында Шымкент университетінің делегациясы «Ғылым мен Халықаралық қатынастар» жөніндегі проректор, биология ғылымыныңдокторы, профессор Ақмарал Өмірбекқызы Исаева бастаған топ ПольшадағыА.Мицкевич атындағы Познань университеті докторантурасы нақты ғылымдар мектебінің директоры, профессор Богуслава Леска мен осы жоғары оқу орнының профессоры Войцех Антковиакпен кездесті. Ондағы басты мақсат – ғылым және білімберу саласындағы ынтымақтастық байланыс орнату болатын. Екі жақты меморандум аясында қос ел арасындағы білім, ғылымды барынша дамыту көзделген.

Конференцияның пленарлық мәжілісінде спикерлер – Польшаның Познань қаласындағы Адам Мицкевич атындағы университеті химия кафедрасыныңпрофессоры, hub докторы Богуслава Леска «Algal extracts for cjsmetics»; осыжоғары оқу орны биология факультетінің деканы, профессор Беата Мессиаш«Symprjms of water eutrophicatjon and problem with cyanobacteria»; пәкістандықғалым, профессор, доктор Махмоод-Ур-Рахман Ансари «Bioinformatics forBiological Science Students: а helping tool in research» (Online ZOOM);И.Раззаков атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университетінің ағаоқытушысы, филология ғылымының кандидаты Мира Жээнбековна Тумонбаева «Заманауибілім жүйесіндегі мультимедиалық технологияның рөлі»; Қазақстан ПедагогикалықАкадемиясының профессоры Самат Рахымбайұлы Дулатов «Деңгейлік оқытудыңматематика сабағындағы тиімділігі»; Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік ҚазақстанЗерттеу университеті заң факультеті «Халықаралық қатынастар және Халықаралыққұқық» кафедрасының оқытушысы Жасұлан Орынбаев «Түркі мемлекеттерініңинтеграциялық бастамалары мен перспективалары»; Ташкент педагогикалық университетінің ІІ курс студенті Сарбиноз Мансурбек қизи Шомуратова «Improvingreading comprehension through graphic organizers»; Шымкент университетінніңстуденттері – Нулифар Джуманкулова «Педагогикалық қызметте Gradecope жасандыинтеллектісін қолдану»; Элиор Кулниязов «Жасөспірімдердің дене тәрбиесі жәнеспортпен шұғылданушылардың жеке тұлғасын қалыптастыру жолдары»; Балауса Сағындыққызы Сапар «Жастарға арналған ұлттық киім үлгілерін жобалауға арналған«Робот-дизайнер» тақырыптарында баяндама жасады.

Бұдан кейін конференция жұмысы төмендегі секциялар бойынша білім беру бағдарламалары топтарына сәйкес жүргізілді:

«Жаратылыстану ғылымдары: инновациялар мен технологиялық қадамдар» (секция модераторы – «Жаратылыстану ғылымдары» кафедрасының ағаоқытушысы, ауыл шаруашылығы ғылымының кандидаты К.Б.Тілегенова).

«Тіл білімі мен ұлттық әдебиеттегі жаңа бағыттар» (секция модераторы – «Филология» кафедрасының меңгерушісі, магистр, аға оқытушы ГүлнұрӘбубәкірқызы Белгібаева).

«Қазіргі экономика: өзекті мәселелер, жетістіктер менинновациялар» (секция модераторы – «Бизнес және басқару» кафедрасының меңгерушісі, экономика ғылымының кандидаты, доцент Қуатбек МұхтарбекұлыҚалықұлов).

«Физика-математикалық ғылымдар, информатика ІТ технологиялар, есептеу техникасы. Сәндік-қолданбалы өнердегі және қазіргі заманғы көркемдік тәжірибелердегі креативті тұжырымдама» (секция модераторы – «Математика және информатика» кафедрасыны меңгерушісі, PhD докторы Зағира Сапарбекқызы Көбеева).

«Білім берудегі цифрландыру кодексінде білім алушылардың кәсіби дамуындағы психологиялық-педагогикалық тенденциялары» (секция модераторы – «Педагогика» кафедрасының меңгерушісі Қайрат Әменұлы Ибрагим).

«Дене шынықтыру және спорт жүйесіндегі трендтер мен инновациялық технологиялар» (секция модераторы – «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының доценті Ж.О.Қонарбаев).

«Білім беру кеңістігіндегі әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдардың даму тендециясы» (секция модераторы – магистр, аға оқытушы Мөлдір Зайнидуллақызы Палванова).

Соңында конференцияға қорытынды жасалып, үздік баяндама иелері марапатталды. Жүлделі орын алған студенттердің тізімі:

1 орын – Саутпаев Нұр-Мұхаммед, Сайлау Ұлан Сәкенұлы,Қамбарбек Нұрдос, Мырзабек Қаракөз, Салыбекова А.Қ., Анварова Эзоза, Шомуратова Сарвиноз, Сатинбек Аружан.

2 орын – Досхожаева Айша, Сапар Ерлан, Ермекбаева Әсел, Абдималикова Ақбаян Ануарбекқызы, Тұнғышбек А., Акмурзаева Шынар, Бақыт Нурай, Ильясов Баймурат, Рахимова С.А., Мирланова К.М., Шералиева Муяссар, Жапбар Шыңғыс, Мунаввархонова Махлиехон Музаффархон қизи, Умаралиева Диера Адхамжон қизи, Әліқұл Гүлсезім Нұрлыханқызы, Рустамшикова Севинч Миркодировна.

3 орын – Шала Ерлан, Дүйсебаев Жандос, Бекишев Арман, Жасұзақ Арсен Маратұлы, Абдысадық Ақбота Асқарқызы, Мыңжасар Сырым Ермаханұлы, Шалкарова Алия, Дүкенбаев Нүрдос, Анартаев Умар, Сапар Балауса, Мұхтар Сауран, Абайқызы Толқын, Сарсенбаева З.А., Акбердиева А.Н., Касымова М.М., Варганов Анатолий, Тоганбаева Ақбота, Мақсұтбекқызы Талшын, Бердан Назерке Нұрсейтқызы, Азизова Мадина Рустамовна, Бекқұлы Сания, Әбіл Айман Дарханқызы, Саттарова Зульфира Задибековна.

Жалпы алғанда, «Студенттік ғылым: жастар көзқарасы» атты Халықаралық конференция студенттердің білім, ғылымға деген құштарлығының артқанын аңғартты. Әрине, мұндай ізгілікті де игілікті іс-шаралардың жалғасын тапқаны абзал.

Ә.ҚАҢТАРБЕК.

Шымкент қаласы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *