Сыбайлас жемқорлық теріс құбылыс ретінде әлемнің барлық
елдеріне таныс.
Шынайы экономикалық өркендеуге, сыбайлас жемқорлық құбылыстарын барынша
азайтқан мемлекеттер ғана қол жеткізетіндігі белгілі. Сыбайлас жемқорлық деп бұл
қылмыстың тек бір түрі болып табылатын қарапайым параны түсіну қате болар еді. Бүгінгі
таңда сыбайлас жемқорлық – бұл өз мүдделері үшін заңдарды айналып өту арқылы
материалдық және құқықтық артықшылықтар алу, бұл «өз» адамдардың есебінен
жергілікті жеке мәселелерді шешу, бұл мемлекеттік функцияларды қоғамның
мүдделеріне, Ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне қайшы келетін жеке мүдделер үшін
пайдалану.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың
негізгі басымдықтарының бірі ретінде айқындалған, бұл Мемлекеттік кірістер
органдары үшін де басымдылық болып табылады. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік
құбылыс ретінде мемлекеттік кірістер органдарының имиджіне теріс әсер етеді,
салық төлеушілердің сеніміне нұқсан келтіреді, сонымен қатар мемлекеттің
нарықтық экономикасының дамуына қауіп төндіреді. Мемлекетіміздің экономикалық
және ұлттық кауіпсіздігіне орасан зор зиян келтіреді.
Осыған байланысты, Абай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күреске ерекше назар аударады. Сыбайлас жемқорлық
көріністерінің алдын алу және оған жол бермеу бойынша шаралар қабылданады. Сондай-ақ
тұрақты негізде біздің басқарма қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа
төзбеушілікке тәрбиелеу бойынша жұмыстар жүргізіледі.
Біздің қызметшілеріміздің моральдық келбетін арттыруға жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстар да ықпал етеді – дербес әңгімелесу, сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша бейнематериалдарды көрсету, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жасауға байланысты заңнаманың ережелерін түсіндіру.
Г. ЕШИМБЕТОВА,
Абай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының құқықтық және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің басшысы