Бүгiндеқоғамдық қабылдау көп. Мекеме басшылары, депутаттар бiр күн қарапайым халықтiлегiн тыңдау үшiн қабылдау өткiзудi жұмыс тәртiбiне енгiзiп жүр. «Қоғамдыққабылдау өтедi» деген хабарландыруды оқып көпшiлiктiң арасында осы қабылдауларне мәселе шешедi, пайдасы бар ма» деген сұрауы көп пiкiрлері де жоқ емес. Дегенмен, қоғамдық қабылдауға келетiндер көп. Қоғамдық қабылдаудың тұрғындарүшiн қаншалықты қажеттiлiгiн Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, Заңдылық,құқық тәртібі және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақтыкомиссияның төрағасы Данабек Исабековпен өткен қоғамдық қабылдау барысында шынсезiне түстiк. Бiр мекеме iшiнде емес, көпшiлiк үшiн жариялылық болып саналатынБАҚ өкілдерімен бірге қоғамдық қабылдаудың өтетiндiгi көп көкейiне қона кетсекерек, бұл хабарды естiген ел сол күндерi өз өтініш, тілектерін,арыз-шағымдарын арқалап келіп жатты.
Сонымен, Шымкент қалалық «Nur Otan» партиясы филиалының бас ғимаратында өткен Мәслихат депутаты Данабек Ержанұлының қоғамдық қабылдауына кезекке тұрғандар аз болған жоқ. Жасыратыны жоқ, ерте келіп, тапжылмай күтiп отырған тұрғындар да болды. Мұның өзi ел үшiн қоғамдық қабылдаулардың қажет екенi дәлелдеусiз-ақ байқалып тұр. Сонымен, көпшiлiк асыға күткен қоғамдық қабылдау уақытында басталды. Бiз де өз миссиямыз бойынша, депутат өткiзген қоғамдық қабылдаудың жариялы болуына мүмкiндiк жасап, депутат пен халық арасындағы қабылдауға келген тұрғындардың мұқтаж-тiлектерi айтылған қабылдау жиынын газет бетіне жариялағанды жөн көрдік.
«Nur Otan» халықтық-демократиялық партиясының басшылығы аймақтық және жергілікті жерлердегі халықтың тыныс-тіршілігінен хабардар және елмен етене жақын болу мақсатында бірқатар қоғамдық қабылдау бөлімдерін ашқан болатын. Мұндай жұмыс түрі сондай-ақ, биліктегілердің жергілікті жерлердегі адамдардың өтініш-шағымдарын тыңдап, қордаланған проблемаларын шешуге қолайлы болды. Көптеген азаматтар әділдік іздеп талай мемлекеттік органдардың есіктерін тоздырып, талай басшының алдына барады. Арыз-шағымдардың артында қилы тағдыр тұратыны белгілі. Жыл өткен сайын қоғамдық қабылдау бөлімдеріне өтініш айтып, көмек сұрап келетіндер саны артуда.
Осы орайда, Исабеков Данабек “Nur Otan” партиясының Шымкент қалалық филиалында жаңа сайланған депутат ретінде алғашқы қоғамдық қабылдауын өткізді.
Жеке мәселелері мен елді мекендердің мәселелерін айтып келген азаматтар қарасы көп болды. Қабылдауға алдын-ала жазылғаны және жазылмағандарын түгел қабылдап, мәселелерін тыңдады.
Қабылдауға келген қала тұрғындары әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын, тұрғын үй мәселелерін қозғады. Сонымен қатар, тұрғындар өздерінің өзекті мәселелерін алға тартты.
Солардың бірі – Абай ауданы, Гагарина көшесінің тұрғыны Абдихаирова Гүлнұр деген азаматша көп балалы отбасы ретінде әлеуметтік көмек пен азық-түлік бойынша жәрдем сұрап келген.
Айтылған өтінішке назар аударған халық қалаулысы Данабек Исабеков көп балалы ананың мекен-жайына арнайы ат басын бұрып, азық-түлікпен көмек көрсетті.
«Өзім көп балалы анамын. Тұрмыстың тауқыметі жаныма батқасын «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалына көмек сұрап келдім. Менің жағдайымды ескеріп, дер кезінде көмек көрсетіп отырған Данабек Ержанұлындай ел ағаларына алғысым шексіз. Істері алға бассын. Осындай халқының мұң-мұқтажын ескеріп, тыңдайтын азаматтар көбейе берсін», – дейді Гүлнұр Абдихаирова.
Сондай-ақ, Игілік тұрғын алабы, Жаңа талап округінің тұрғыны, Эшмуратов Кубей есімді азаматтың елді мекеннің көшесіне шағал тас төсеу мәселесі бойынша тікелей эфирде онлайн арқылы Абай ауданы әкіміне байланысқа шығып, мәселенің оңды шешілуіне ықпал жасалынды.
Қоғамдық қабылдауға келген Махкамов Тәліп есімді ақсақал №55 автобустың маршрутын іске қосуды өтініш жасап келген. Көлік мәселесі мен автобус кестелері маршруттарын жүйелі жүзеге асырудың негізгі бағыттары жайында жол және көлік басқармасымен тікелей онлайн байланысқа шығып, аталған мәселенің жүйелі түрде шешімін табатыны туралы ақпаратты жеткізді.
Қоғамдық қабылдауға тұрмысы төмен, тұрақты жұмысы жоқ, зейнеткерлікке уақыты жақын Жаңабай Бибідүрия атты азаматша да келді, айтуынша өзі де, ұлы да жұмыссыз. Қолдау мен көмек сұрап келген. Жұмысқа тұрғызып, демеу көрсетуге және ұлын да жұмысқа орналастыру бойынша оң шешім қабылданды.
Жалпы қоғамдық қабылдауға қарапайым азаматтармен бірге БАҚ өкілдері де қатысты, 13 азаматтың өтініші қаралды. Оның ішінде 4-уі онлайн форматта, 5 қала тұрғынының мәселесі оң шешімін тапты. Қалған мәселелердің орындалуын қатаң бақылауда және жеке назарында ұстайтынын жеткізген Шымкент қалалық мәслихат депутаты Данабек Ержанұлы «барлық ұсыныс-пікірлер мен өтініштер жауапсыз қалмайды және олардың нәтижесі бойынша ақпаратпен алдағы уақытта хабардар етіп отырамыз», – деп ағынан жарылды.
Осындай қоғамдық қабылдаулар арқылы қараша халықтың өзекті мәселелері билікке жетіп, оның оң шешілуінің жағдайлары қарастырылатыны анық.
Аталған қабылдауда көтерілген мәселелер назарға алынып, сұрақ иелеріне нақты жауаптар берілді.
«Қоғамдық қабылдауға халық үлкен үмітпен келеді. Біздің мақсатымыз ел сенімін ақтап, қолдан келген барлық көмекті көрсету болса, біз осы жолда барынша жан аямай еңбек ететін боламыз»,-деді Данабек Исабеков.
Сондай-ақ, бұрынғыдай емес, тұрғындар жеке мәселелерiмен емес, қоғамға ортақ көкейтестi мәселелерiн де көбiрек қозғайтындығы бұл халықтың деңгейiнiң өскенiн, тiптi билiкке де талап қоя алатындығын байқатты. Тұрғындардың қоғамнан әдiлдiктi, теңдiктi, ашықтықты iздейтiндiгi байқалды.
Сөз соңында айтарымыз, қоғамдық қабылдаудан тұрғындар әділдікті, теңдікті, жариялықты талап етеді және сенім артады. Сондықтан ел сенімі әрдайым биікте болады, мәселелері оң шешім табады деген ниеттеміз. Данабектей халқын сүйер азаматтың алдағы істеріне зор үміт артып, игі бастамалар күтеміз.
Аягөз ДҮЙСЕНБАЕВА