ТАБИҒИ ЖАҢАРУ ӨЗЕГІ

Құттықтаймыз
1 231 Views

Қазақ халқының әлеуметтік-мәдени өмірінде ерекше орын алатын Наурыз мейрамы – жаратылыстың қазақ халқына берген сыйы, табиғи көркем мереке. Олай дейтініміздің себебі, қазақ даласының тіршілігі жаңарып, қазақ елінің мәдени жаңғыруы осы қасиетті мерекеде орын алады.Наурыз мерекесінің маңызы ерте кездегі халықтың дәстүрі мен әдет-ғұрпының беделін көтеруге ықпал етіп, халықтың дүниетанымын байытып, жас ұрпаққа рухани мұраны жеткізуге себепші болуында.

Наурыз мерекесі елімізде 1991 жылдың 15 наурызында Қазақ КСР Президенті қаулысының негізінде мемлекеттік мәртебеге ие болды. Елбасы «Наурыз мерекесі – табиғат оянатын кез» деп атап өткендей, жақсылықтың мерекесі атанған әз Наурызды бүкіл ел болып ерекше көңіл-күймен қарсы алатынымыз анық. Осынау ұлық мерекеде адам болмысындағы қадір-қасиеттер, нақтылай айтқанда, ізгілік, адалдық, тазалық сияқты кісі бойындағы періштелік мінез-құлықтар ардақталып, қазақтың ұлы әлемі нұрланатын кез.

Ұлыстың ұлы күнінің ұлылығы мен қасиеттілігі ата-бабаларымыз Наурыз айында жасалған қылмыс пен әдепсіздік жай уақыттағыдан өте ауыр деп есептеліп, аса қатаң шара қолданылатын болған. Халық арасында «Наурыз таза үйге кірсе, үй ішіне ауру-сырқау, бәле-жала жоламайды» деген сенім бар.

Қазіргі уақытта да мерекеге дайындықты айтарлықтай жоғары деңгейде өткізіп, қоғамдық мән берген абзал. Осыған орай, еліміздегі әскери мекемелер де ұлттық мерекені жыл сайын атап өтуден қалыс қалмайды. Ұлыстың ұлы күнін Шымкент қалалық 35/748 әскери бөлімі де айрықша қарсы алып, киіз үйлер жасақтап, әскери қызметшілер және олардың отбасы мүшелері ұлттық тағамдардан дастарқан жайып, ұлттық ойындардан сайыс ұйымдастырады.

Сөз орайы келгенде ұлттың рухани өмір ерекшелігінің көрінісі – Наурыз мерекесі қазақ халқының әрбір отбасына құт-береке ала келсін дегіміз келеді.

Ғазиза ОРАЛОВА,

35/748 әскери бөлімінің қызметкері, сержант.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *