ТУБЕРКУЛЕЗДІҢ ТҮРІ КӨП…

Денсаулық
61 Views

Еркектің жыныс мүшелері туберкулезінің этиологиясы басқа мүшелердің осындай туберкулезіне ұқсас балады, оның патогенезіне тән ерекшеліконың бүйрек пен несеп жолдары туберкулезімен байланысты болып табылады. Қуықасты безінің, ұрық көпіршіктерінің, ен мен ен қосалқысының туберкулезімен ауыратын науқастардан олардың бүйрегі мен жоғары несеп жолдарын мұқият зерттегенде шамамен 50 пайызынан туберкулез процесі табылған.

Бүйрек туберкулезіндегідейтуберкулездің алғашқы немесе кейінгі таралу кезеңінде инфекция гематогендіжолмен жыныс мүшелеріне түседі. Алайда, мүшеге туберкулез микобактерияларының түсуі барлық жағдайларда бірдей аурудың клиникалық дамуын көрсетпейді, ол кейінірекәлдебір жаңа немесе жергілікті қолайсыз факторлардың (тоңу, сыртқы жынысмүшелерінің зақымдануы және т.с.с.) әсер етуі нәтижесінде пайда болады.

Патологиялық анатомия. Еркектіңжыныс мүшелері туберкулезінің макроскопиялық морфологиялық көрінісі өте ерекше болады. Бастапқы сатыда, инфильтративтік процесте мүшенің іскені, бөрткені, нығыздалғаны байқалады, оның беті бедерленеді. Аурудың одан әрі дамуындаинфильтрация ошақтары іріңдеп, ыдырай бастайды. Бірқатар жағдайларда бұлпроцесс көршілес тіндерді (ен мен ен қосалқысының туберкулезінде ұманы, қуықбезінің туберкулезінде – несеп шығару өзегін) де қамтиды. Туберкулез ошақтары некрозды және іріңді заттардан арылып, каверналар түзіледі.

Белгілері мен клиникалық барысы. Еркектің жыныс мүшелері туберкулезімен ауыратын науқастардың жалпы күйі көбіне қанағаттанарлық болады. Шұғыл басталатын бастапқы сатыда дене температурасы көтерілуі мүмкін, қанның анализі лейкоцитозды анықтайды, ЭТЖартады.

Еркектердіңжыныс мүшелері туберкулезінің жергілікті белгілері айтарлықтай патогномиялы.Процестің алғашқы клиникалық көрінісі, әдетте, ен қосалқысы жағындағыөзгерістер болып табылады. Ен қосалқысының туберкулезі еркектердің жынысмүшелеріндегі барлық аурулардың шамамен 20 пайызын құрайды. Әртүрлі статистикалық мағлұматтарға қарағанда, 7-50 пайыз жағдайларда ен қосалқысыныңекі жақты ауруы кездеседі. Бұрын туберкулез эпидидимитіне болбыр, созылмалыауру тән деп есептейтін. Алайда, жарақаттануға немесе суық тиюге байланысты енқосалқысының туберкулезі науқастардың үштен бірінде жедел басталады.

Қуықасты безітуберкулезінің белгілері аса көп емес. Ауру басталғанда науқастар зәр шығарудыңболмашы бұзылғанына, көптеген ауру түйсіктері не шағым жасайды, ал, көпшілігішағымданбайды да. Осы қуыстар мен несеп шығару өзегі арасындағы үрпіден іріңшығуына ұштасатын терең жара мен безде туберкулез қуыстары пайда болғандадизурия құбылыстары кенет көбейеді. Әдетте, мұндай науқастардың зәрінентуберкулез микобактерияларын табады. Ұрық көпіршігінің туберкулезінде онықуықасты безі үстіндегі жұмыр түйінді сипау арқылы анықтайды. Көбіне ұрықкөпіршіктерінің туберкулезі қуық безінің туберкулезіне ұласатындықтан, процесс асқынған жағдайда олар қосылып кетеді.

Зертханалықсынамалар еркектің жыныс мүшелерінің туберкулезін ерте анықтауда маңызды рөлатқарады. Олар лейкоцитурияны анықтай алады, ал, лейкоцитурия бүйрек пен жоғарынесеп жолдары туберкулезінің немесе қуық безі туберкулезінің салдары болуы мүмкін. Несептің екі немесе үш үлгісін зерттеу арқылы лейкоцитурия көзінанықтайды. Еркектердің жыныс мүшелері туберкулезінің диагнозын дәлелдеудің еңсенімді әдісі – биопсия. Ен мен қосалқысы тінінің бір тілімін әдетте ашық(операциялық) жолмен, ал, қуықасты безі мен ұрық көпіршігі тінінің бір тілімін- пункциялық биопсия жолымен алады.

Емдеу. Еркектердің жынысмүшелерінің туберкулезін емдеу стрептомицин дәуірінде де негізінде операциялық жолмен шешілетін болып қалуда.

Енқосалқысының туберкулезінде әдетте оның қосалқысын сылып тастайды -эпидидимэктомия жүргізеді, бірақ, бұл мүше ішінара зақымданғанда оны кесуімүмкін. Ен жаппай зақымданғанда оны алып тастайды (орхиэктомия), ал ішінаразақымданғанда кеседі. Соңғы жылдары ен мен ен қосалқысы туберкулезінде бұдан даүнемді мүше сақтайтын операцияларды — кавернотомия мен кавернэктомиялы жүргізуде, яғни туберкулез ошағын кең ашып, құрғатады.

Қуықасты безі мен ұрық көпіршіктерінің туберкулезінде негізінен операциясыз емдейді. Бұл мүшелердегі туберкулез абсцесі ғана бұл ережеге көнбейді. Абсцесті ашуды тік ішектің алдыңғы қабырғасы арқылы немесе тік ішекке енгізілген саусақпен бақылай отырып, аралық арқылы жүргізеді. Барынша жұмсарған учаскеге ине пункциясын жасау арқылы алдын ала абсцестің бар екеніне көз жеткізеді. Ұрық көпіршігіне ірің жиналса (эмпиемада), везикулэктомия жүргізеді.

Еркектің жыныс мүшелерінің туберкулезімен ауыратын науқастар туберкулез диспансерінде ұзақ уақыт фтизиоурологтың бақылауында болып, толық айыққанға дейін жүйелі түрде химиялық терапия қабылдауы тиіс.

М.А.ҚУСТАНБАЕВ,

«Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттікмекемесінің №5 бөлім бас маманы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *