ТУБЕРКУЛЕЗ ТУРАЛЫ НЕ БІЛУ КЕРЕК?

Денсаулық
19 Views

Туберкулез — өкпе және лимфа түйіндерінде ерекше қабыну өзгерістерінің пайда болуымен сипатталатын жұқпалы ауру. Бұл тек өкпе ауруы ғана емес, сонымен қатар адамның барлық ағзаларының – сүйектердің, бүйректердің, мидың және ми қабықтарының, терінің, көздің, тағы басқа да ағзалардың да зақымдануы. Алайда өкпе туберкулезі жиі кездеседі. Жұқтырудың негізгі көзі – туберкулездің ашық түрімен ауыратын, яғни сыртқы ортаға микобактерияны бөлетін адам.
Бұл дерт адамнан адамға ауамен таралады. Жөтелгенде, түшкіргенде өкпе туберкулезі бар адамдар ауаға туберкулез бактерияларын жаяды. Туберкулез қоздырғышының сыртқы ортада ұзақ уақыт сақталу қабілеті бар. Мысалы, микобактериялар тозаңдаған, көгерген үй жайларда адам үшін қауіпті, жылдар бойы өмір сүруге қабілетті.
Туберкулез ауруына тек адамдар ғана емес, сонымен қатар сиыр, ешкі, бұғы, түйелер де шалдығады. Ауру жануардың сүті немесе еті адам үшін жұқтыру көзі болуы мүмкін.
Науқастар өмір сүретін жерде санитарлық жағдайлар мен сақтық шараларын сақтау өте маңызды. Егер өкпе туберкулезімен ауыратын науқас барлық гигиеналық талаптарды сақтаса, онда ол айналасындағыларға қауіпсіз. Өкпе туберкулезі тұқым қуаламайды. Туберкулез ауруымен ауыратын ата-аналардың балалары сау болып туады. Алайда, барлық сақтық шараларын сақтамаған жағдайда бала туберкулезді жұқтырып, ауырып қалуы мүмкін.
Туберкулез микобактериялары адам ағзасына түскен кезде ауру жұқтырылады, бірақ туберкулез ауруының дамуы әр жағдайда болмайды. Өкпе туберкулезінің ауруы иммунитет төмендеген, жеткіліксіз тамақтану, қанағаттанарлықсыз санитарлық-гигиеналық жағдайларда орын алады. Негізінен иммунитеті нашар жас балалар, жыныстық жетілу кезеңіндегі жасөспірімдер және иммунитеті төмен қарт адамдар ауырады.
Туберкулез ауруына ықпал ететін факторлар:

  1. Толыққанды тамақтанудың болмауы.
  2. Туберкулезбен ауыратындармен тығыз, ұзақ мерзімде қарым-қатынас жасау (кішкентай балаларға қысқа мерзімді қарым-қатынастың өзі жеткілікті)
  3. Маскүнемдік.
  4. Темекі шегу.
  5. Нашақорлық.
  6. Ілеспе аурулардың болуы (диабет, асқазан жарасы, өкпенің созылмалы аурулары)
    Туберкулез белгілері:
    Ұзақтығы екі аптадан асатын жөтел.
    Шаршау және әлсіздік.
    Дене салмағының төмендеуі.
    Температураның ұзақ көтерілуі.
    Түнде тершеңдік.
    Кеуде қуысындағы ауырсыну.
    Қан түкіру.
    Туберкулезді қалай анықтауға болады:
    Тері туберкулин сынамасы. (Манту) адамның жұқтырғанын көрсетеді.
    Рентгенологиялық тексеру (флюорография) өкпенің зақымдалғанын көрсетеді.
    Қақырықты зерттеу жөтел кезінде бөлінетін микробтардың бар-жоғын анықтайды.
    Туберкулездің алдын алу шаралары:
    1.Салауатты өмір салты. Таза ауада серуендеу, күн және су процедуралары, дене шынықтырумен айналысу, демалыс пен еңбек жүктемесінің дұрыс үйлесімі толыққанды дәруменге бай тамақтану, жеткілікті және уақтылы ұйқы.
    2.Жыл мезгіліне қарамастан таза ауада мүмкіндігінше көбірек болу.
    3.Жеке гигиена ережелерін сақтау, жуу құралдарын және ағынды суды пайдалана отырып қолды, ыдыстарды жуу, тұрғын үй жайларды ылғалды жинау және желдету.
    4.Жөтел этикасын сақтау.
    5.Туған кезде БЦЖ-мен міндетті түрде вакциналау және 6-7 жаста қайта вакциналау.
  7. Туберкулезді дер кезінде диагностикалау.

М. ИЗТАЕВА,
«Облыстық фтизиопульмонология орталығы» паллиатив бөлімінің мейірбикесі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *