Дұрыс тамақтанбау, уақытында ұйықтамау, күйзеліс, маскүнемдік, шылымқорлық, нашақорлық секілді факторлар.
Туберкулездің қандай белгілері болады?
Екі аптадан ұзақ жөтелу, тез шаршау мен әлсіздік, дене салмағының төмендеуі, ұзақ уақыт дене қызуының көтерілуі, түнгі уақыттағы тершеңдік, кеуде қуысының ауруы, қан қақыру.
Туберкулезді қалай анықтауға болады?
Балаларға Манту сынамасын жасау арқылы ауру жұқтырған-жұқтырмағанын;
Рентгенологиялық (флюорография) тексеру өкпенің зақымдалғанын;
Қақырықты зертханалық жолмен зерттеу жөтелгенде бөлінетін микробтардың болуын анықтайды.
Туберкулездің алдын алу жөнінде нені білу қажет?
Туберкулездің алдын алудың алғашқы және өте маңызды қадамы туберкулезге қарсы екпе болып табылады. Бұл екпе әрбір жаңа туылған сау нәрестеге перзентханада 2-4 күн ішінде жасалады. 2022 жылы перзентханада туберкулезге қарсы егілген сәбилер 96%-ды құрады (бүкіләлемдік денсаулық ұйымының ұсынысы бойынша 95%-дан төмен болмауы тиіс). Екпелер балаларға аурудың жұғуы мен аурушаңдықты төмендетуге ықпал етіп, аурудың жаппай жұғуынан сақтандырады.
Ата-аналар балаларына Кальметта Герен (БЦЖ) вакцинациясын жасатудан бас тартқан жағдайда туберкулезден баланың сақтандырылмағанын есте сақтау қажет. Туберкулезге қарсы егілген балалардың ағзасында иммунитет 6-7 жылдан кейін ғана әлсірейді. Дәл осы жаста балаларға туберкулезге қарсы екінші рет екпе жасалады. Туберкулезге қарсы иммунитет жағдайын бақылау және балалардың ауруды алғаш жұқтырған сәтін анықтау үшін Манту сынамасы қойылады. Манту сынамасының зиянсыз екенін атап өту қажет. Туберкулинде тірі микроағзалар жоқ және салынатын мөлшерде ағзаның иммундық жүйесіне әсер етпейді. Манту сынамасы туберкулез ауруларының ошақтарында байланыста болған, 2 айдан асқан жастағы, «қауіпті топта» диспансерлік есепте тұрған балалар тексеріледі. 2022 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша облыста Манту сынамасын қоюға жатқызылған балалардың қамтылуы – 93,1%-ды құрады.
Туберкулезді қандай жолмен алдын алуға болады?
Балаларды Кальметта Герен бацилласымен (БЦЖ) туберкулезге қарсы егу Туберкулезді уақытында анықтау, ол үшін халықты (жасөспірімдер мен ересектер) жыл сайын флюорографиялық тексеруден өткізу.Салауатты өмір салты:
– Толыққанды, дәрумендерге бай тағамды тұтыну, жеткілікті және уақытылы ұйықтау, жыл мезгілдеріне қарамастан, таза ауаға көп шығу қажет.
– Жеке тазалық ережесін сақтау: қолды, ыдысты тазартқыш құралдарын пайдалану арқылы жуу, бөлмені жиі желдету, ет пен сүт тағамдарын міндетті түрде термиялық өңдеуден өткізу, гигиеналық дербес құралдар мен ыдысты қолдану.
Туберкулез – бұл барлық қоғамның өзекті мәселесі, оның таралуын білетін әрбір адам өзінің білімін күнделікті өмірде қолдана отырып тоқтата алады.
Туберкулезбен ауырмай денсаулығымызды сақтау әрқайсымыздың өз қолымызда! Денсаулықтарыңыз мықты болсын!
Н. ОМАРБЕКОВА,
А. ИБРАГИМОВА,
5-терапия бөлімінің медбикелері