Түркістан облысына жұмыс сапарымен Венгрияның Алматы қаласындағы Бас консулы Cаболч Карой Сёке мен Сыртқы сауда бойынша дипломатиялық өкілі Иштван Тибор Ковач келді. Венгриялық делегациямен Түркістан облысыәкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров кездесті. Тараптар екі ел арасында, оның ішінде Түркістанмен экономикалық қарым-қатынасты күшейту, ауыл шаруашылы, өнеркәсіп, білім, мәдениет және туризм, спорт салалары бойынша ынтымақтастықты нығайту мәселелерін жан-жақты талқылады.
Басқосуда облыс әкімінің орынбасары Түркістан облысының әлеуетіне кеңінен тоқталып, инвесторларға қарастырылған мүмкіндіктер туралы айтты.
– Облыс орталығы – Түркістан қаласы 6 жыл ішінде көркейіп, әсіресе, туризм және кәсіпкерлік салалары қарқынды даму үстінде. Халықаралық рейстер саны артып жатыр. Түркістан өңіріне инвестиция салуға ниетті шетелдік инвесторлар да көбейді. Біз әрқашан өнеркәсіп орындарын ашамын деген азаматтарға қолдау көрсетуге дайынбыз. Ол үшін мемлекет тарапынан жеңілдіктер де қарастырылған. Өңірде барлық қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген арнайы экономикалық және индустриалды аймақтар бар. Оңтүстік халқы – еңбекқор. Кез келген жұмысты игеруге қабілетті. Тіпті, басқа өңірлер біздің жұмыс күшімізді пайдаланады. Басты мақсатымыз – жергілікті тұрғындарды жоғары еңбекақылы тұрақты жұмыспен қамту, – деді Нұралхан Көшеров.
Бас консул алдағы уақытта маңызды жобаларды бірлесе атқаруға ұсынысын жеткізді.
– Түркістанда осыдан 7 жыл бұрын болғанмын. Қазір қала танымастай өзгерген. Түркістан қаласының маңыздылығын білемін. Сондықтан дәл осы мекенде жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Қазақстандық жастар үшін Венгриядағы ЖОО-да бакалавр және магистратура деңгейлері бойынша тегін білім алуға мүмкіндік бар. Шәкіртақы да қарастырылған. Біздің әйгілі «Jazz Band» өнер ұжымы Түркістан қаласында өнер көрсетсе деген ұсынысымыз да бар. Спорттық шараларға да белсене атсалысуға, екі елдің ұлттық ойындарын Түркістан қаласында ұйымдастыруға әзірміз, – деді Cаболч Сёке.
Өз кезегінде Венгрияның сыртқы сауда бойынша өкілі Қазақстандағы венгриялық компаниялардың санын арттыруды көздеп отырғанын, ноу-хау технологияларын ендіруге қолдау көрсететінін жеткізді.
Кездесу соңында келесі айда екі ел кәсіпкерлерімен онлайн кездесу ұйымдастыру, қандай бағытта кәсіп ашу мүмкіндіктері көп екеніне талдау жүргізу келісілді.
Осы күні венгриялық делегацияға Түркістандағы экономикалық және индустриялық аймақтарға, өндірістік паркке аралау ұйымдастырылып, ондағы жүзеге асырылып жатқан жобалар таныстырылды.
210 ЖОБАҒА ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ БЕРІЛГЕН
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен еліміздегі барлық өңірлердегі ауыл тұрғындарының табысын арттыру мақсатында«Ауыл аманаты» жобасы қолға алынған болатын. Созақ ауданына арнайы баспасөзтурына барған журналистер өңірдегі «Ауыл аманаты» жобасы арқылы кәсібінөркендетіп отырған азаматтардың шаруашылығымен танысты. Өткен жылы аталғанбағдарламаға қатысуға аудан бойынша 277 тұрғын жобасын ұсынып, 210 жобаға 1млрд. 168 млн. 610 мың теңге несие берілген.
«Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы кәсібін дөңгелетіп отырған созақтықтар арасында Құрманбек Маюсов та бар. Жартытөбе ауылының тұрғыны жоба құны 5 миллион теңгені құрайтын термопанель өндірісін қолға алған. Қазіргі уақытта алғашқы тапсырыстарын алып үлгерген кәсіпкер 3 азаматты жұмыспен қамтып отыр.
Сондай-ақ, Қызылкөл ауылының тұрғыны Бақытхан Ердешұлы да жоба көмегімен тігін шеберханасын ашқан. Ол 7 300 000 теңге көлемінде несие алып, тігін цехын ашқан. Бүгінде цех ауылда ғана емес, аудан көлемінде тапсырыс қабылдап келеді. Алдағы уақытта өндіріс көлемін арттыруды да көздеп отыр.
Бұдан бөлек, Жартытөбе елді мекенінің тұрғыны Жамал Балакүл «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 6 млн. теңге несие алып, жаңа жылыжайдыіске қосуда. Үйіргелік диқандықты қолға алған кәсіп иесі қазіргі таңда 1 гектаржерге қызанақ пен қияр егіп, жылына екі рет өнім алуды жоспарлап отыр.
Қазіргі таңда облыс көлемінде балық шаруашылығымен айналысуға қызығушылар саны да артып келеді. Осындай кәсіпкерлер қатарында Шолаққорған елді мекенінің тұрғыны Ержан Асқаров та бар. Ол бағдарлама аясында 8 500 000 теңге несие алып, аудандағы балық шаруашылығын дамытуда. Қазіргі уақытта оның шаруашылығында 10 мыңнан астам сазан балығы өсіріледі.
Сонымен қатар, Шолаққорған ауылының тағы бір тұрғыны Әлішер Отаров жастарға арналған 2,5 пайыздық несие алып, өз кәсібін дамытып келеді. Кәсіпкер мемлекеттен алған қаржыға «DAMIR & AIA» атты балаларға арналған гидромассаж орталығын ашқан. Гидромассаж – балалардың қан айналымын жақсартуға, тері түсін және бұлшықет тонусын жақсартуға көмектеседі.
МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛУДЕ
Биыл Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дақылдары 873,6 мың гектарға орналастырылып, өткен жылмен салыстырғанда 3,4 мың гектарға артты (2023 ж. – 870,2 мың га).
Жыл сайын мал басының ұлғаюына орай, жем-шөпке сұраныстың артуына сәйкес, егіс құрылымын қалыптастыруда малазықтық дақылдарға басымдылықберілуде. Биыл малазықтық дақылдар өткен жылмен салыстырғанда 6,2 мың гектарғаартып, 227,9 мың гектарға егілді. Бұл – жалпы егіс көлемінің 26 пайызы.
Агроқұрылымдарға мал азығы дақылдарын еккені үшін және мал шаруашылығын дамытуға мемлекеттік қолдаулар тұрақты көрсетілуде.
Оның ішінде жоңышқа, жүгеріге нақты сатып алған тұқымына, минералды тыңайтқыштарына және пестицидтердің шығын көлемдерінің 50 пайызынасубсидия қаржысы төленеді.
Жеңілдетілген жанар-жағар май агроқұрылымдардың сұранысына сәйкес, 28,9 мың тоннаға қажеттілік анықталды. Оның ішінде мал азығын жинауға тауар өндірушілерден өтінім қабылданды. Бүгінгі күнге ақпараттық жүйе арқылы 9,3 мың тонна дизель отынына 2231 өтінім қанағаттандырылды. Жұмыстар жалғасуда. Биыл мал қыстату науқанына 4,0 млн. тонна ірі сояулы мал азығын дайындау жоспарлануда.
АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНІНДЕ 45 ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛАДЫ
Түркістан облысының агроөнеркәсіптік кешенінде отандықнарықты жергілікті өнімдермен толықтыру мақсатында ірі инвестициялық жобалардыжүзеге асыру жұмыстары қолға алынды. Өңір басшысы Дархан Сатыбалдының осыбағыттағы жұмыстарды күшейту жөніндегі тапсырмасы аясында жаңа жобаларзерделеніп, жүзеге асуда. 2024 – 2026 жылдары жалпы құны 507,3 млрд. теңгеніқұрайтын 105 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Жаңадан 8300 жұмыс орны құрылады. Оның ішінде 2024 жылы жалпы құны 114,2 млрд. теңгені құрайтын 45жобаны жүзеге асыру көзделген.
Биылғы I тоқсанда Түркістан облысының агроөнеркәсіптік кешенінің негізгі капиталына 11 млрд. теңге инвестиция тартылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,4 есе, тамақ өнеркәсібіне 2,7 млрд. теңге инвестиция тартылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4,8 есе артты. Құны 3,8 млрд. теңгені құрайтын 6 жоба жүзеге асырылды.
Атап айтсақ, Қазығұрт ауданында «Қарқын-2030» ЖШС-нің «25000 басқа арналған мал сою бекеті» (1100,0 млн. тг), Сайрам ауданында «YUG-GROUP-INVEST» ЖШС-нің «Қуаттылығы жылыны 9600 тонна сүт өңдеу кәсіпорнынсалу (150 млн. тг), Сауран ауданында «Балмұздақ» ЖШС-нің «Балмұздақ, какао,шоколад, кондитерлік өнімдер, тамақ өнімдері, жартылай фабрикат өнімдерінсақтауға арналған қойма» (2 300,0 млн. тг) жобалары іске қосылды. Сонымен бірге Кентау қаласында «Абдашим» ШҚ-ның «1 га жылыжай кешенін салу» (80,0 млн. тг), Сарыағаш ауданында «ADIA» ЖШС-нің «2,5 га жылыжай кешенін салу» (600,0 млн. тг)және Шардара ауданында «VITA» ЖШС-нің «Қуаттылығы жылына 130 тонна балықөндіру» (1 500,0 млн. тг) жобалары да іске қосылып, жұмыс орындары ашылды.
АРЫСТА ӨНДІРІС ДАМИДЫ
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс кестесіне сәйкес Арыс қаласы тұрғындарымен кездесті. Атқарылған жұмыстарды баяндап,өзекті мәселелерді қозғады. Мемлекет басшысының инвестиция тарту, агроөнеркәсіпкешенін дамыту, су үнемдеу технологиясын енгізу жөнінде тапсырма бергенінетоқталған облыс әкімі осы бағыттарда жұмыс жанданатынын айтты. Арыстың ажарын ашып, инфрақұрылымы мен әлеуетін көтеретін жұмыстарды баяндады.
– «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Арыс қаласында 2023 жылы5 елді мекенде 947 млн. теңгеге 11 жоба жүзеге асырылды. Атап айтқанда, Жиделі,Ақдала елді мекендерінде Мәдениет үйінің, Қожатоғай елді мекенінде спорт залдыңқұрылысы, Атамекен, Сырдария елді мекендерінде 24 көшеге орташа жөндеужұмыстары жүргізілді. Биыл 5 елді мекенде 730 млн. теңгеге 8 жоба бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту мақсатында «Ауыламанаты» бағдарламасы бойынша 770 млн. теңгеге 131 жоба қаржыландырылды.Сондай-ақ «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша ауылдық жерлерге жолданғанжас мамандарға қолдау көрсету мақсатында 2023 жылы 17 маманға 6 млн. теңге бірреттік көтерме жәрдемақы, 5 маманға тұрғын үй сатып алу үшін 26 млн. теңгекөлемінде бюджеттік несие берілді, – деген Дархан Сатыбалды Арыста өндірістідамытып, зауыттар ашуға мүмкіндік мол екенін, осы бағытта жұмыс жүріп жатқанынжеткізді.
Арыста жалпы өңірлік өнім көлемі 2021 жылдан бері 23 пайызға өсіп, 2023 жылы 56 млрд. теңгеге жетті. Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны соңғы 3 жылда 36 пайызға өсіп, 2023 жылы 6 мыңға жетсе, олардың өндірген өнім көлемі 75 млрд. теңгені құрап, 2022 жылмен салыстырғанда 34 пайызға өскен. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 2023 жылы 9 млрд. теңгеден асып, жоспар 1,3 млрд. теңгеге артығымен орындалды.
Кездесуде Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекованың есебі тыңдалды. Облыс әкімі қала әкімі мен басқарма басшыларына Арысқа тартылған инвестиция көлемін ұлғайту, ауыл шаруашылығын жандандыру, ауыз су, газ және өзге де мәселелерді шешу жөнінде тапсырма берді.
Тұрғындар тарапынан өткір мәселелер қозғалып, сұрақтар қойылды. Сонымен бірге облыс әкімінің жеке қабылдауында да мәселелер легі тоқтаған жоқ. Тұрғындар әкіммен еркін пікір алмасып, өтініш пен ұсыныстарын жеткізе алды. Ол мәселелер Дархан Сатыбалдының қадағалауына алынды.
МАУСЫМЫНА 3 МЫҢ ТОННА ЖЕМІС-ЖИДЕК ӨНДЕЙДІ
Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының өндіріс ошақтарын ашып, аймақтың әлеуметтік-экономикасының дамуына қарқын беру, сол арқылы жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтып, әл-ауқатын арттыру тапсырмасына сәйкес Түлкібас ауданында ауқымды жұмыс атқарылуда. Соның бірі – Мичурин ауылдық округіндегі «Түлкібас жеміс-жидектері» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі. Бұл кооператив биыл аудан әкімдігінің тікелей қолдауымен 1 млрд. 100 млн. теңгеге жеміс-жидекті өңдеу жобасын іске асыруда.
Бүгін аталған нысанға аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов жауапты мамандармен арнайы табан тіреп, нысанның құрылыс барысын бақылап, ауқымдыжобаны жүзеге асырып жатқан кәсіпкер Бейбіт Төлешовпен пікірлесті. Мемлекеттарапынан қандай да бір көмек қажет болған жағдайда заң талаптарына сай қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізіп, кәсіпкерге сәттілік тіледі.
Жалпы аумағы 2200 шаршы метрді құрайтын кәсіпкерлік нысанының іске қосылуына жоспарланған 1 млрд. 100 млн. теңге қаржының 122 млн. теңгесі – кәсіпкердің өз қаржысы, 350 млн. теңгесі мемлекеттік қайтарымсыз грант есебінен, қалғаны жеңілдетілген несие арқылы қаржыландырылуда.
Бұл жерде маусымында 3 мың тонна алмадан 0,2 литрлік 16 млн. 300 мың дана дайын ыдыстағы шырын, 90 тонна кептірілген жеміс, 100 тонна кептірілген алма ұнтағын және 50 тонна балалар тағамын (пюре) өндіру жоспарлануда.
Кәсіпкер шикізатты да өзі өндірмек. Яғни, өзінің 360 гектар алма бауынан шыққан өнімінің сақтауға жарамай қалған бөлігін осы өндіріске жібермек. Қазіргі таңда негізгі нысанның құрылысы толығымен аяқталған. Алдағы күндері шатырын жабу және іші, сыртын әрлеу жұмыстары атқарылмақ. Бұл жұмыстар аяқталғаннан соң Қытай елінен қажетті құрылғылар алынып, оны орнату жұмыстары атқарылады.
Өндіріс орны толық іске қосылған жағдайда 35 адам тұрақты жұмыспен қамтылады деп күтілуде.
ЖАБДЫҚТАР МЕН ЖИҺАЗДАРДЫ САТЫП АЛУ ІСІНЕ ОТАНДЫҚ ӨНДІРУШІЛЕР ТАРТЫЛАДЫ
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Түркістан облысында 2023-2025 жылдары 63 жаңа мектеп бой көтереді. Келешекте онда 49 мың бала білім алады. Салынып жатқан мектептердің саны әр өңірдің қажеттілігін әрі демографиялық ахуалын ескере отырып анықталған. Сондықтан «Жайлы мектеп» жобасы – өңірімізде мектеп тапшылығын шешуге берілген үлкен мүмкіндік.
Мемлекет басшысының бастамасы негізінде қолға алынған заманауи, жайлы мектептердің салынуы өңірдегі үш ауысыммен оқытатын және апатты мектептер проблемалары шешілмек. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды аталған жоба аясындағы жұмыстарды саралау үшін жауапты мердігерлер мен жобаны үйлестіруші «Самұрық-Қазына» қоры өкілдерінің басын қосты. Мәжілісте ұлттық жобаны өңірде асырудың өзекті мәселелері жан-жақты талқыланды.
Әкім төрағалығымен өткен мәжілісте пилоттық жобаның іскеасыру барысы қаралды. Өңір басшысы жауаптыларға жұмысты ширатуды тапсырды.Жұмысшы санын арттырып, құрылыс кестесін екі ауысымда жүргізуді міндеттеді.Облыс әкімі жаңа мектептердің құрылысына құрылыс материалдарын, жабдықтар менжиһаздарды сатып алу ісіне барынша отандық өндірушілерді тарту қажеттігін айтты. Алайда құрылыс материалдарының бағасын шарықтатпауды қатаң ескертті.«Жайлы мектептерді» білікті ұстаздармен қамту аса маңызды. Бұл реттетараптардың қатысуымен апта сайын жиналыс өткізу жоспарланды.
Пилоттық жобаның өңірде жүзеге асуын Түркістан облысының әкімі жеке бақылауына алған. Бекітілген кестеге сай 29 оқу ұясы биыл қолданысқа берілмек, олардың 19-ы есіктерін қыркүйектің бірінде айқара ашпақ. Жобаны жүзеге асырудың екінші кезеңінде, яғни 2025 жылы тағы 34 мектеп халық игілігіне тапсырылады. Бүгінгі таңда мектептердің іргесі қаланып, 11 мектептің бірінші қабаты көтерілген. Тағы 9 мектептің екінші және үшінші қабаттары көтерілген.
– Президент жүктеген тапсырманы орындау үшін жұмыла жұмыс істеген дұрыс. Осы жобаны жүзеге асыру бойынша арнайы штаб құрылып, жоспарбекітілген. Енді осы жұмыстарды сапалы жүзеге асыру керек. Білім ұяларыныңқұрылысын уақтылы әрі талапқа сай етіп аяқтау бағытында жұмыс істеу қажет.Отандық құрылыс материалдарын пайдаланып, өз өндірушілерімізге қолдау көрсетілетін болды. Алайда әлеуметтік маңызы бар құрылыстан аса пайда табуды көздемеуге шақырамын. Бағаны шарықтатпау керек. Бұл жобаның жүзеге асуы – сізбен бізге сын. Кәсіби мамандар жасақтауды тездетіңіздер. Ең бастысы, құрылыс мерзімінің бұзылуына ешқандай жол беруге болмайды. Осыны ұмытпайық. Сапаның ақсамауын да қадағалаңыздар, – деп атап көрсетті Дархан Сатыбалды.
Құрылысы бірыңғай стандарт бойынша жүзеге асырылатын оқу нысандары заманауи құралдармен жабдықталады. Оқу кабинеттері, санитариялықтораптары және спорт залдары бар жеке блоктар қарастырылған. Оған қоса, жоғарыдеңгейдегі қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз етілмек. Мектептердің құрылыс материалдары сыртқы және ішкі көрінісі, сәулеттік жобасы бойынша да барлықмердігерге біріңғай нұсқа берілген.
КӘСІПКЕРЛЕРДІ НЕСИЕЛЕНДІРУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУЛАР ТУРАЛЫ БАЯНДАДЫ
2024 жылғы 2-3 мамырында Сауда комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков базарларды жаңғырту мәселесі бойынша Түркістан облысына жұмыссапарымен келді. Сапар барысында Түлкібас, Сарыағаш, Қазығұрт аудандарда жәнеТүркістан қаласының базарларында болды.
Сауда орындарын аралау кезінде Айдар Ахметбекұлы базарлар қызметін ұйымдастыру ережелерінің сақталуына (өрт қауіпсіздігі, санитарлықнормалардың сақталуы, қоғамдық тәртіп, QR коды бар базар паспортының болуы),аумақтарды күтіп ұстауға, сауда алаңдарын жабдықтауға және жарақтандыруғақойылатын талаптарға ерекше назар аударды. Сондай-ақ комитет төрағасы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда арнайы техниканың базар аумағына жылдам әрі еркінөтуін қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті. Оның пікірінше, барлық базарлар менсауда орындарын тиісті эстетикалық түрге келтіру қажет, ал сауда өркениеттіболуы тиіс.
Базарларды аралағаннан кейін мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және базар иелерімен жиналыс өткізілді. Аталған жиналыста облыстықбасқармалар мен департамент өкілдері базарларды жаңғырту, базарларда санитарлықнормалар мен өртке қарсы қауіпсіздікті қолдау бойынша жүргізіліп жатқанжұмыстар туралы, сондай-ақ базарларда электрондық кассалық аппараттарды пайдалану бөлігінде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты.
Комитет төрағасы тиісті басқармаларды базарлардың құрылыс жұмыстарын құрылыс ережелеріне сәйкес бақылауға шақырды. Базар иелеріне саудапавильондарын (ет, сүт, бакалея) ретке келтіру қажеттігі туралы ескертті.
Айдар Ахметбекұлы базарларды және сауда нысандарын өрт қауіпсіздігін, санитарлық нормалар мен ережелерді, жер заңнамасын, қалақұрылысы нормаларын және ҚР қолданыстағы заңнамасында көзделген басқа даталаптарды сақтау, тексеру бойынша мемлекеттік мекемелер өкілдерінен жұмыстобын құруды тапсырды. Сонымен бірге кәсіпкерлерді несиелендіруге бағытталғанмемлекеттік қолдаулар туралы баяндады.
Кездесуді қорытындылай келе, Айдар Ахметбекұлы базарларды жаңғыртудың жол картасына сәйкес жұмыстарды жалғастыру, базарларда базарәкімшілігімен және кәсіпкерлермен алдын алу іс-шараларын жүргізу қажеттігінатап өтті.