ТУҒАН ЕЛІ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

Мерей
21 Views

Нағашыбек Қапалбекұлы – бүгінге дейін 50 кітап шығарғанбелгілі жазушы, қоғам қайраткері. Жамбылдың 40 томдық жинағын және Сүйінбайақынның 10 томдық шығармалар жинағын шығарды. Бес университеттің Құрметті профессоры,төрт қоғамдық ұйымның академигі. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. «Құрмет» орденімен және оннан аса медальдармен марапатталған. Қазіргі таңда ЮНЕСКО-ныңмәдениеттерді жақындастыру орталығының бас ғылыми қызметкері ретінде көптеген ғылыми-зерттеужұмыстарын жүргізуде.

Жақында жазушының туған елі оның 75 жасқа толған мерейтойын кеңінен атап өтті. Ұзынағаштағы мәдениет үйіне қошеметтеген жұрт сыймай кетті. Той тізгінін қолына алған Жамбыл атындағы филармонияның бас директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ақан Әбдуәлиев әдеби-сазды салтанатты жиынды мәнді сөзімен әрлеп жүргізіп отырды.

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің құттықтауын облыстың мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Данияр Әлиев оқып берді.

Жамбыл ауданының әкімі Нұрлан Ертас өз сөзінде былай деді: Бүгін – қазақруханиятының дамуына өлшеусіз үлес қосқан қаламгер, жазушы, қоғам қайраткеріНағашыбек Қапалбекұлы ағамыздың 75 жылдық мерейтойы. Бұл мерейтой – тек бірадамның ғана емес, тұтас қазақ әдебиеті мен тарихының, ұлттық рухымыздың мерекесі. Нағашыбек Қапалбекұлы – біздің ауданымыздың тумасы, Қарасай, Сұраншы, Саурық батырларының, Сүйінбай, Жамбыл, Үмбетәлі ақындарының ұрпағы.

Туған жердің қасиетті топырағынан нәр алып, бала күнінен әдебиетке, тарихқадеген құштарлығын танытқан қаламгер өзінің бар саналы ғұмырын халқына қызмететуге арнап келеді. Нағашыбек Қапалбекұлы біздің ауданымыздың қазақ тарихындабас әріптермен жазылатын есімдері ұмыт бола бастаған көптеген тарихи тұлғалар, батырлар мен би-шешендердің өмірі мен ерліктерін, сондай-ақ Сүйінбай, Жамбыл, Үмбетәлі, тағы басқа ақындардың шығармашылық мұраларын зерттеп, деректердіжинақтап, олардың бейнесін халық жадында мәңгі қалдыруға, ұлттық рухты жаңғыртуға мол үлесін қосуда. Соның дәлелі ауданның батырлар мен ақындардың мерейтойларына арнап бірнеше томдық жинақтар шығарып, оқырмандарын қуантып жүрген жазушы.

Қазіргі күні ағаның 50 кітабі жарық көрді. Бұл еңбектердің барлығы тек қана кітап бетінде қалып қоймай, халықтық шараларда, ғылыми конференцияларда, танымдық басқосуларда кеңінен қолданылып, кейінгі ұрпаққа тарихи тағылым ретінде ұсынылып келеді», – деп кеңінен толғанды.

Көрнекті ақын, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қасымхан Бегманов, Ақын, драматург, Мемлекеттіксыйлықтың лауреаты Нұрлан Оразалин, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті ректорының кеңесшісі, экономика ғылымының докторы Серікбай Нұрғисаев құттықтау сөз сөйлеп, жазушының қаламгерлік қуатын жайлы айтты.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымыныңдокторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қансейіт Әбдезұлы қаламгердің шығармашылығы жөнінде кеңінен қамтылған баяндама жасады. Оның әсерлі баяндамасына жиналғанқауым дүркін-дүркін қол соғып отырды.

Қонаев атындағы университеттің ректоры, заң ғылымының докторы ӨмірәліЖалаири, атақты атбегі, қоғам қайраткері, Алматы облысының Құрметті азаматы ОрынтайҚырғызбаев, аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы, Алматы облысы және Жамбыл ауданының Құрметті азаматы Әскербек Абаев, тағы басқалар сөз сөйлеп, жазушыеңбегін жоғары бағалап, ақ тілектерін жаудырды.

Көрнекті ақын, республикалық «Қазақ әдебиеті» газетінің Бас редакторы, Ұлттық Ғылым академиясының академигі, филология ғылымының докторы Бауыржан Жақып жазушы ағасына арнаған өлеңін шабыттана оқыды. Сонымен бірге Нағашыбек Қапалбекұлының жаңадан шыққан «Сакура гүлдегенде» атты кітабының тұсаукесері рәсімі өткізілді. Аудандық мәдениет үйінің көркемсөз үйірмесінің мүшелері қаламгер шығармаларынан үзінділерді мәнерлеп орындап берді.

Мерейтой иесіне ерекше сый-сияпат көрсетілді. Еліміздің түкпір-түкпірінен және шетелден көптеген ұйымдар мен қайраткер тұлғалардан, ақын-жазушылардан көптеген құттықтаулар мен жеделхаттар түсті.

Той әрі қарай «Диас» атты қазақ үй пішіндес мейрамханада жалғасын тапты. Онда белгілі жазушылар – Нұрдәулет Ақыш, Қуандық Түменбай бастаған қаламгерлер, академик, тарихшы Берекет Кәрібаев, филология ғылымының докторы, профессор Алмасбек Мәуленов, Мемлекеттік архивтің директоры Сәбит Шілдебай, тағы басқа да руханиятымыздың белгілі тұлғалары қатысып, өз тілек-құттықтауларын жеткізді.

Жазушы Нағшыбек Қапалбекұлының мерейтойы ән-жырмен өрнектеліп, өте әсерлі өтті.

Ардақ Какимова,

Жамбыл атындағы филологиялық ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми қызметкері.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *