Түркістан ОрталықАзия мемлекеттерінің парламенттік диалог алаңына айнала білді. Өткен аптада Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан Парламенттері Палаталарының басшылары киелі шаһардың төріне жиналды. Бірінші рет. Мақсат –көрші елдер арасындағы достық және тату қатынасты сақтау, өңірдегі өзара тиімдіынтымақтастықты нығайту. Келешек Түркістан өңірінде сауда-саттық,көлік-транзиттік саладағы серіктестік артады, жаңа бірлескен жобалар қолғаалынатыны сөзсіз.
Демек, Түркістан төрге озып, екінші тынысы ашылды.
Міне, Түркістан осы басқосу арқылы өзінің рухани астана екенін тағы бір дәлелдеді. Соңғы әлетте Түркістан күннен күнге құлпырып, әсем жоғары қабатты үйлері көздің жауыналардай бой көтерген. Түркістан облыс атанғалы бері де тамаша ел тамсанаржұмыстар атқарылып келеді. Ал қазіргі әкімі Дархан Сатыбалды келгелі Түркістантүлеген үстіне түлеп, гүлдену үстінде. Жаңа әкім іскерлігімен қатар, руханиятәлемінде де құлшына бет бұрды. Осы орайда өңірде орын алған саяси, әлеуметтікоқиғаларға Дархан Амангелдіұлы дер кезінде дабыл қағып, тез шешім қабылдауқабілетінің арқасында көптеген істер жеңіл атқарылатынын айта кетейік.
Кеше ғана тұтқиылдан тап берген қарғын су тасқыны кезінде әбжіл қимылдап, әйтеуір адам шығынын болдырмай, абыроймен алып шықты. Саурандық сасқалақтаған ағайынды сабырға шақырып, мал мен үй-жай шығыны ретке келтіріліп, мемлекет тарапынан өтелетінін мәлімдеді. Түркістан өңірі тасқын астында қалып жатқанда, еңсесін түсірмей, қайта бауырмалдығын, көрегендігін танытып, Түркиядағы зілзаладан жапа шеккен халыққа да көмек қолын соза білді. Ұйымдасқан ілкімді жұмыстың арқасында бір ғана Түркістан облысы он тоннаға жуық гуманитарлық көмек жіберді. Сауапты іске бір адамдай жұмылған жомарт жүректі өңір тұрғындарынан қажетті көмектер әлі де келіп жатыр.
Айтқандай жақында ғана Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдыны қабылдады. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды былтыр жалпы өңірлік өнім көлемі 3 триллион теңгені құрағанын, ал ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі алғаш рет 1 триллион теңгеден асқанын айтты. Салаға 75 миллиард теңге инвестиция тартылды. Сонымен қатар шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 184 579-ға жеткен.
Мемлекет басшысына су құбыры бұрын-соңды болмаған жеті елді мекеннің ауызсумен қамтамасыз етілгені жөнінде мәлімет берілді. Биыл 25 елді мекенге ауызсу құбырын тартып, тозығы жеткен сумен қамтамасыз ету желісін жаңарту жоспарланып отыр. Сондай-ақ 56 елді мекен табиғи газ құбырына қосылып, 47 елді мекеннің электр желілері жаңартылады.
Облыс әкімі өткен жылы 54 мектептің құрылысы жүргізіліп, оның 21-і пайдалануға берілгенін жеткізді. Биыл тағы 20 мектептің құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында өңірде 63 білім мекемесінің құрылысы мақұлданды. Бұдан бөлек, биыл ауылдық жерлерде 49 медицина нысаны салынады.
Президентке Сырдария өзені бойындағы елді мекендерді су басу қаупінің алдын алу үшін жүргізілген жұмыстар жөнінде баяндалды. Алдын ала қамданғанның нәтижесінде бес аудандағы 43 елді мекенді су басу қаупі жойылған. Толассыз жауған нөсер жауын салдарынан бірқатар ауданда жекелеген үй аулаларын су басып қалғандықтан, 200-ге жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді. Қазір жағдай тұрақтанып, тұрғындар үйлеріне оралды. Арнайы комиссия шығын көлемін анықтап жатыр.
Тоғыз жолдың торабы, қасиетті мекен Түркістанның даңғыл жолы толастамақ емес. Жыл өткен сайын киелі қала адам танымастай келбетке ие бола бермек.