ТҮРКИЯДА ҚАЗАҚ КОНЦЕРТІ

Өнер
77 Views

Халықаралық «ТҮКРСОЙ» түркі мәдени ұйымы тарапынан Бағжылар әкімдігінің сахнасында Қазақстанның Батыс Қазақстан облысының орталығы – Орал қаласынан келген Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясының өнерпаздары Ыстанбұл мен Ялова қалаларында тұратын қазақ ағайындарға, қазақ өнерін сүйетін Түркі халықтарынаарнайы концерттік бағдарламасын ұсынды.

Соныменқатар, концерт бағдарламасы шеңберінде Аталар мирасы этнографиялық ҚазақстанРеспубликасының №148 мектеп-гимназиясының көркем еңбек пәнінің мұғалімі, белгілі суретші Қанағат Кодеков бастаған №187 мектебінің көркем еңбек, бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Қалдыбек Сапаров, Жәмила Есимова, Жазира Мейірбек жәнеТомирис Калиева сынды ұста шеберлерден құралған «Бабалар мұрасы» этнографиялықдизайн орталығының ұйымдастыруымен «100 жылдың үні» атты қолөнер бұйымдарының көрмесі өтті. Шеберлікпен жасалған қазақтың ұлттық бұйымдары қонақтарғаұсынылды.

«ТҮРКСОЙ» ұйымының жобасына Бағжылар әкімдігі, Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулдығы мен Алтай Қазақ қауымдастығының өкілдері демеушілік танытты. Ашылуында «ТҮРКСОЙ» уәкілі Санжар Мулязымоглу, Әділет және даму партиясы Бағжылар ауданы мәжілісінің мүшесі Күршад Коч, Батыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының басшысы Қуанышбек Мұқанғалиев сөз алып, қонақтарды қасиетті Рамазан айымен, әз-Наурыз мейрамымен құттықтады. Сонымен қатар, кеште алғашқы қазақ Бас консулы, Халықаралық «ТҮРКСОЙ» ұйымының Бас кеңесшісі Ержан Уәйіс, Алтай қазақтары қауымдастығының жетекшісі Жанымхан Жаналтай, мәдениет майталманы Бешір Көсе Салихлы Исмилкей Қазақ қауымдастықтарының басшылары Алтай Қарақол, Мәмедәлі Әлім және де қазақ диаспорасының көрнекті қайраткерлері қатысты.

Кеш Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі композиторы, танымал сазгер, «Құрмет» орденінің иегері Донеділ Қажымовтың орындауында Қ.Мырзалиевтың сөзіне жазылған «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» әні ұсынылды. «Атамекен» фольклорлық ансамблі «Қайран елім» атты күйін шертті. Дастан Есентеміров пен Ернар Өмірәлиевтің орындауындағы С.Сейфуллиннің «Тау ішінде», К.Әзірбаевтың «Туған жерім», А.Сұлтанбековтің «Домбыра» әндері қонақтардың көңілінен шықты. Арнайы жергілікті халық үшін дайындаған Кенесары Болғанбаевтың орындауындағы «Осман бей», Жаңылсын Насанованың «Үскідар» түрік әндері кешті қыздыра түсті. Концерттің бағдарламасының соңында Қазақтың ерекше сүйіспеншілігіне бөленген, ел арасында «Екінші әнұран» болып кеткен «Атамекен» әні орындалғанда жұрт аяққа тұрып, жатқа айтып, қосыла кетті.

Концерт соңында, осы іс-шараның Түркияда ұйымдастырылуына мұрындық болған Халықаралық «ТҮРКСОЙ» ұйымының өкілі Санжар Мулязымоглу ұйымның Бас хатшысы Сұлтан Раевтың ыстық сәлемін жеткізді. Сонымен қатар, Түркінің мейрамында керемет кешті өткізген өнерпаздар мен олардың жетекшілеріне алғысын білдірді. Сондай-ақ, Түркістан аймағындағы Қазақ, Қырғыз, Өзбек, Татар, Әзірбайжандармен 2026 жылдан бастап, Түркия Президенті Режеп Тайып Эрдоғанның ұсынысымен Түркия Республикасы да Наурыз мейрамын ресми түрде атап өтетінін баяндады. Бағжылар ауданы мәжілісінің мүшесі К.Кочке, мәдениет басқармасы басшысы Қ.Мұқанғалиевке, филармонияның директоры Халиолла Ергенұлына, Алтай Қазақтары қауымдастығының жетекшісі Жармұқан Жаналтаевқа «ТҮКРСОЙ»-дың Алғыс хаттарын және арнайы сыйлықтарын табыстады. Ұйымның Бас кеңесшісі Е.Уәйіс көрме басшысы, суретші Қ.Кодековке ұйымның атынан Алғыс хат табыстап, сөз алды. Е.Уәйіс қонақтар мен өнерпаздарды әз-Наурыз мейрамымен құттықтап, осындай жобалар мен бағдарламалар Түркия және Қазақстанның арасындағы мәдени байланыстың одан әрі арта түсуіне ерекше үлес қосатынын айта кетті. Өз кезегінде қолөнер шеберлері өздерінің бағалы сыйлықтарын ұйымдастырушы жаққа табыстады.

Екінші күні қолөнер шеберлері мен өнерпаздар Мәрмәр теңізінің жағасында орналасқан Ялова қаласында көрме және концерттерін ұйымдастырып, жергілікті халықтың көзайымына айналды. Концерт соңында Ялова облысы мәжіліс хатшысы Хасан Сойгүзел, облыстық мәдениет басқармасы басшысы Зия Каратекин, Ялова университеті тарих факультетінің деканы, профессор Октай Өзгүл сөз сөйлеп, қатысушыларға Алғыс хаттарын тапсырды.

Қазақтың өнері өрлесін! Түркі халықтарының ішінде ерекше орынға ие болған Қазақ өнері дүниежүзінде өзіне тиесілі орнын табатынына сенеміз.

Ер УБАЙДИН.

Ыстанбұл қаласы,

Түркия.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *