Түрік дүниесінің көрнекті өкілдерінің бірі, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, белгілі қаламгер, әйгілі ғалым, профессор Дархан Қыдырәлінің “Ұлы дала, тасқа жазылған тарих” (“Büyük Bozkır, Taşa Yazılan Tarih”) атты кітабы түрік тілінде жарық көрді. Құнды тарихи дүниені шығаруда Халықаралық “ТҮРКСОЙ” ұйымының Бас хатшысы, Қырғыз халық жазушысы, Шыңғыс Айтматовтың сенімді ізбасары, елші Сұлтан Раев тікелей қолдау көрсетті.
Мемлекет қайраткері, айтулы әдебиетші, толағай тарихшы, терең шежіреші, шоқантанушы Дархан Қыдырәлінің “Ұлы дала, тасқа жазылған тарих” (“Büyük Bozkır, Taşa Yazılan Tarih”) деп аталған кітабы бұдан бұрын бауырлас Қырғыз және Әзірбайжан елдерінде оқырмандарға жол тартқан еді. Осыған орай, тарихи кітапты дүниеге әкелген Дархан Қыдырәліге, оны шығарған “ТҮРКСОЙ” басшылығына, арнайы Бас хатшы Сұлтан Әкімұлына, ғылыми еңбекті аударып, редакциясын қараған Халықаралық “Түрік академиясы” ұжымына алғысымыз шексіз. Түркі дүниесінің мәдениеті мен өнерін, ғылымы мен білімін Түркі халықтарына насихаттау – “ТҮРСКОЙ”-дың басты міндеті. ХХI ғасыр – Түрік әлемінің ғасыры, оның бірлігі мәңгі жасайды!
Ержан УӘЙІС.
Халықаралық “ТҮРКСОЙ” ұйымының Бас кеңесшісі.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
Қазақстан мәдениет және сауда орталығының жетекшісі.
Түркия Республикасы,
Ыстанбұл қаласы.