ТҮРКСІБ – ҚАЗАҚСТАН ТЕМІРЖОЛЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ БӨЛІГІ

Білім
1 421 Views

Теміржол көлігі – көлік қатынасының жетекші саласы. Қазақстандағы жүк тасымалының негізгі түрі – теміржол. Еліміздегі көлік қатынасында теміржолдардың маңызы ерекше зор. Өйткені, халқымыз теміржолдары арқылы республикамыздың түкпір-түкпіріне және жер бетінің барлық аймақтарына қиындықсыз еркін қатынауда. Қазақстан темір жолында көлік қатынасының барлық түрлері бойынша жүк тасымалы қарқынды дамыған. Қазақстан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері арасында темір жолдарды техникалық жағынан қамтамасыз ету және жүк тасымалдау жағынан Ресей мен Украинадан кейінгі үшінші орынды иеленеді. Еліміздегі теміржолдарында талаптар жыл өткен сайын өсуде және оның басты міндеттері Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» Стратегиялық бағдарламасында көрініс тапқан. Қазіргі таңда елімізде қазақ теміржолшыларын даярлайтын ғасырға жуық тарихы бар бірден-бір жоғары оқу орындарының бірі – М.Тынышбаев атындағы қазақ көлік және коммуникациялар академиясы. Оқу орнымыздың тарихы өткен ғасырдың 1931 жылынан бастау алған. Ең алғаш Орта Азия темір жол көлігі инженерлі институтының филиалы ретінде Алматы қаласында ашылған. 2000 жылдан бастап қоғам қайраткері, Түркістан-Сібір магистралді жобасын салушы, қазақтан шыққан тұңғыш қатынас жолдарының инженері – Мұхамеджан Тынышбаев есімі беріліп, Мұхамеджан Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы болып құрылды. Академияда жоғары білікті профессор-оқытушылары, ғылым докторлары, ғылым кандидаттары, доценттер мен профессор оқытушылар құрамы студенттерге дәріс беруде. Академияда теміржол саласы бойынша түрлі бағыттағы бакалавр, магистратура және докторантура бойынша талапкерлерді барынша жеңілдетілген жеңілдіктермен ақылы және мемлекеттік грант негізінде талапкерлерді оқуға қабылдайды. Тарихы тереңнен бастау алатын академияның Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Ақтөбе және Шымкент қалаларында орта арнаулы мамандарын даярлайтын теміржол колледждері жұмыс істейді. Соның бірі еліміздің үшінші мегаполисі саналатын шырайлы Шымкент қаласындағы Шымкент көлік колледжі.

Колледж 2007 жылдың 28 тамызында Оңтүстік Қазақстан облысының білім департаментінен (қазіргі Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы) сериясы АБ №0038305 мерзімі шектеусіз мемлекеттік лицензиясы беріліп, Шымкент көлік колледжі болып ашылған. Қазіргі таңда колледжде 1108000 – «Теміржолдың жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету», 1203000 – «Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару», 1303000 – «Теміржол көлігіндегі автоматика, телемеханика және қозғалысты басқару», 0904000 – «Теміржолдардың электр техникалық жүйелерін электрмен жабдықтау, пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу», 1306000 – «Радиоэлектроника және байланыс», 1409000 – «Теміржол құрылысы, жол және жол шаруашылығы» мамандықтары бойынша негізгі және жалпы орта білімі базасында «Қазақстан темір жолы» Акционерлік Қоғамы Ұлттық компаниясына теміржолшы мамандарын дайындайтын облыс аумағындағы бірден бір орта арнаулы оқу орны. Оқу үрдісін Қазақстан Республикасы жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандартына сай жоғары және бірінші санатты оқытушылар, магистр, ғылым кандидаттары жүргізеді. Оқу орнында студенттердің сапалы білім алуына барлық жағдай жасалған. Оқу ғимаратында жаңа заман талабына сай жаңартылған материалдық-техникалық базалар, жаңартылған электронды зертханалар, студенттер асханасы, мәжіліс залы, спорт алаңы, Wi-Fi, интернет, ақпараттандырылған кітапхана, лингафонды кабинет, компьютерлік сыныптар және нормативті талапқа сай оқу полигондары жұмыс істейді.

Студент жастар түрлі деңгейдегі облыстық, республикалық жарыстарға белсене қатысып, бірінші, екінші дәрежелі Дипломдармен, Алғыс хаттармен марапатталып, алдыңғы қатарлардан көрінуде. 2019 жылғы республикалық «Түрксіб» олимпиадасына колледжден 102 студент қатысып, Бас жүлдені (Гран-при) жеңіп алды. Колледж директоры, өз ісінің шебері филология ғылымының кандидаты, доцент, PhD доктор Абдужалил Абуталипұлы Аккузов студенттердің сапалы білім алуына барлық жағдайды жасауда. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыдан шыққан студенттерге оқу төлемақысынан көптеген жеңілдіктер қарастырған және үздік оқыған, белсенді студенттерінің ата-аналарына, білім алған мектебінің директорлары мен ұстаздарына Алғыс хаттарын жолдап отырады.

2019 жылы Құрметті теміржолшы, Социалистік Еңбек Ері Әуесхан Салықбаевтың 90-жылдық мерейтойына арналған, Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын және 2018 жылдың 20 қарашасында жарияланған «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын насихаттау мен жүзеге асыру аясында. Ұлы дала жастарының жаңғыру жолы» тақырыбында студенттердің республикалық ғылыми-теориялық конференциясы өтті. Оған Шымкент, Алматы, Ақтөбе, Ақтау, қалаларының студенттері мен облыс аудандарындағы мектептерінен белсене қатысқан 10-11 сынып оқушыларына сертификаттар мен мақтау қағаздары, мектеп, колледж ұжымдарына арнайы Алғыс хаттары табысталды.

Оқу орнымызды бітірген түлектеріміздің 70 пайызға жуығы еліміздің түкпір-түкпіріндегі «Қазақстан теміржолы» АҚ Ұлттық компаниясында мамандықтары бойынша жұмыс істеуде. Сондай-ақ, колледж түлектері 20-30 пайыз жеңілдікпен Мұхамеджан Тынышбаев атындағы ҚазККА академиясында қысқартылған түрде және қашықтықтан оқыту арқылы мамандықтарын Жоғарғы оқу орнында жалғастыра алады. Академияда магистратура және докторантура бөлімдерінде колледж түлектері мен оқытушыларына арнайы жеңілдіктері бойынша білімін жалғастыруға мүмкіндіктер қарастырылған.

Атап айтар болсақ, «Patentes Talgo S.L» Қазақстандағы филиалында Ерлан Юнусов, Атабек Тагабаев, Думан Қуанышбек, Жолдас Нұрдаулет, Қыдырбек Сайлаубек, Мейірбек Мусаев, Жарылқасын Мусаев, Асқар Тұңғышбаев, Нұрлан Ұшан, Жеңіс Құралбай, Бағдаулет Абдумаджитов, Есенғали Мұхаш, Бекжан Ибрагимов, Дарын Нурсақ, Бауржан Акжолов, Нұрбол Тұрысбеков, Ержигит Тилеуов, Азамжан Анаркулов, Бек Ержігіт, Нурбол Налтаев, Төрегелді Отеген, Дәнебек Разақ, Әбдіғаппар Жуасбек, Бақдаулет Әріпхан, Мирзахит Миркасимов, Батыр Назиров, Мұқағали Өмірзақов секілді бірнеше түлектеріміз бортмеханик, дизелисть, жүріс бөлігін жөндеуші, интерерші тағы басқа мамандықтарда жұмыс істеуде.

КТЖ ҰҚ АҚ Шымкент бөлімшесіндегі жүк тасымалы филиалында Бунёд Юсуббаев, Қайнар Исаев, Ердос Әлішер, Рауан Сералы, Дастон Нишанбаев, Нұрдәулет Мірайдаров, Нұрлан Кенжебай, Жансая Елтай, Берік Нуридин, Дархан Ожан, Назерке Кадирберген, Нұрсұлтан Амангелді, Бағлан Кенжебек, Сұлтан Режепов, Айдос Жұпарбек тәрізді түлектеріміз машинист көмекшісі, пойыздарды құраушы, слесрь қызметін атқаруда.

«ҚТЖ ҰҚ АҚ Жолаушылар тасымалы» және «Экспресс Тальго» филиалдарында Сұлтан Бегәділ Еламан, Сапаралы, Ерсұлтан Шатемір, Нүркен Илияс, Утеген Жолдасбаев, Бигелді Өтеген, Нұржан Сапаралы, Даулет Пердеш, Зафар Эргеш, Алмат Өтебай, Дулат Исабек, Уркен Мухтаров, Жасұлан Орынбай, Еламан Айбек, Ерлан Байсынов, Зохиджон Парпиев, Достон Ханалиев, Марат Абдумуталип, Исламбек Тлепбай, Асылжан Еркін, Мухиддин Хасанов сияқты түлектеріміз жолаушылар пойызының жолсерігі болып жұмыс жасауда. Біздің түлектеріміз қазақ темір жолына өз үлестерін қосып жүрген алдыңғы қатарлы көшбасшылар.

Әрбір азамат өзі қалаған мамандығының шебері болуға құқылы. Болашақта білікті маман иесі атану үшін дұрыс таңдау жасау — аса маңызды.

Қадірменді 2019-2020 оқу жылындағы мектептің 9 және 11 сынып бітіруші түлектері Сіздерді Мұхамеджан Тынышбаев атындағы ҚазККА академиясына және Шымкент көлік колледжіне оқуға шақырамыз.

Колледжде жолаушылар пойызының жолсерігі, электровоз-тепловоз машинисінің көмекшісі және тағы басқа жұмысшы біліктіліктерін даярлайтын курстарға тыңдаушылар қабылданады

Шымкент көлік колледжін бітірген түлектер Мұхамеджан Тынышбаев атындағы ҚазКК академиясында оқуды қысқартылған мерзімде көптеген жеңілдіктермен жалғастыра алады (2-3 жыл мерзімде).

Біздің мекен-жайымыз:

Шымкент қаласы, Ж. Аймауытов көшесі, № 1үй

«Троллейбус паркі» аялдамасы.

Байланыс телефондары:

92-19-18; 92-19-19. 87012900418, 8747 815 6990

www.shymkentkazatk.kz

E-mail: shtkkazatk@mail.ru.

Insta: Shymkent_qazatk

Сандуғаш АБДУАЛИЕВА

Мұхамеджан Тынышбаев атындағы ҚазККА Шымкент көлік колледжі

оқу бөлімінің меңгерушісі.

БІРЛІГІМІЗ ЖАРАСҚАН

Қанатын қаққан кезде жыр пырағын,

Көктемнің бүршігіндей құлпырамын.

130 ұлт пен ұлыс тойлап жатыр,

Қазақтың татулығын, ынтымағын.

Қазағым қайда жүрсе берекелі,

Қызды гүл, батырларды ер етеді.

Аман-есен құтылып бұл індеттен,

Тойлайық асыр салып мерекені.

Ел бірлігін нығайтып шарықтайық,

Көгершіндей қияда қалықтайық.

Жау алғандай жағадан бұл індетпен,

Ел басына күн туса қамықпайық.

Шаңырақта жабылмай түндігіміз,

Тындырымды болсын деймін тірлігіміз.

Барша ұлтты бауырға басып жүріп,

Мәңгілікке жарассын бірлігіміз!

Нағима ОЛЖАБЕК,

Мұхамеджан Тынышбаев атындағы

ҚазККА Шымкент көлік колледжінің

физика пәнінің оқытушысы.

ЖЕҢІС ТУЫ

Сан ғасырлар сарпыдық біз күшті де,

Сабыр қостық, қиындықтың үстіне.

Ежелден-ақ жауымызды жасытып,

Бірлікпенен атқардық бұл істі де.

Қанша мықты болғанымен қарсыластар,

Көп болды айбарлы оған қарсы жастар.

Текті қан, тегеурінді шықты жандар,

«Барбаросса» жоспарына қарсы бастар.

Туын жығып немістің Рақымжандай қазағым,

Батырларым қуантты ғой елімнің тіпті тау-тасын.

Елдікпенен жағылған,

Жеңістің оты сөнбесін мәңгі лауласын.

Жеңу үшін жаралған халқым менің,

Әкелдің тәуелсіздік жарқын лебін.

Жеңісіңе 75 жыл толсадағы

750 ғасырдай даңқың сенің.

Қалай ғана Жеңіс күнін тойламай,

Отырамыз карантинде о, тоба-ай.

Жылда біздер тойлаушы едік дүркіреп,

Әттең жағдай қолды байлап қойған-ай.

Ештеме етпес қашықтықтан тойлармыз,

Карантинде өткіздік қой айлар біз.

Індетті де осы күні жеңерміз,

Жеңіс үшін жаралғанбыз, қайсармыз.

Қазағым барша жұрттан болған ерен,

Намысты алға қойған батыр ел ең.

Төркініне жөнелткен әр жауларын,

Қазақ жұртым сен нағыз майдангер ең.

Айбарына қарап жаулар тайсалған,

Айналдым елім, қазағым сендей қайсардан.

Қайратың сенің, ертұрманындай ерлердің,

Ертүріктің де тарихын шертіп айта алған.

БІЗ БІРГЕМІЗ, МАҚТААРАЛЫМ!

Оңтүстігім шырайлым шамшырағым,

Тұғырыңда қазақтың жарқырадың.

Сынақ келді басыңа міне бүгін,

Су алып қазағымның сан тұрағын.

Мақтааралым пейілі кең жарық елім,

Халқыңменен мақтадай мамық едің.

Жақсыға қиындықты көп береді,

Шыдашы, сабыр етші қалың елім.

Қара қазақ қанының күш қайраты,

Жеңер бұны қазағымның күшті айбаты.

Жамандықтың артынан жақсылық бар,

Қайта қонар ұшып келген құстай бағы.

Біз біргеміз алаңдама жұртың барда,

Қаймағы бұзылмаған ұлтың барда.

Оңтүстігім еңселім еміренген,

Тамырынан дән түгіл темір өнген.

Қуат берсін жаратқан Жаратушым,

Өлкем десем жырға ұқсап төгілем мен.

Су басты деп еңсеңді түсірмегін,

Алыптардың айбарындай күшің сенің.

Бірлікпенен жеңерміз біз біргеміз,

Жеңу үшін жаралған халқым менің.

Сыдық АҚЖАН,

Мұхамеджан Тынышбаев атындағы

ҚазККА Шымкент көлік колледжінің

жастар ісі жөніндегі инспекторы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *