ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

Билік Заң Мәселе Саясат Уақыт Қоғам
34 Views

«AMANAT» партиясының Түркістан облыстық филиалы, азаматтардың нақты мәселелерін шешуде, қоғамдық қабылдауларды жүйелі түрде жалғастырып жатыр.

Партия алаңында өткен кезекті қабылдауда азаматтар көтерген мәселелерді Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев және партияның Түркістан облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихаттағы фракция жетекшісі Алтынсары  Үмбетәлиев тыңдады.

Партия алаңындағы қабылдауға келген тұрғындар бірқатар мәселелерді көтерді. Атап айтсақ, Сауран ауданынан келген ақсақал Жүйнек ауылындағы көшелерге осы аумақтың өркендеуіне еңбегі сіңген азаматтардың есімдерін қою жөнінде бастама көтерді. Сонымен қатар тұрғындар  спорт, мәдениет нысандарын салу және жөндеуден өткізу, спорт жаттықтырушылары бойынша елді мекендерге штат қарастырып беру мәселелерін қозғаса,  Сауран ауданы Шекербұлақ ауылынан келген тұрғын ауылдағы спорт кешенін жөндеуден өткізу қажеттігін атап өтті. 

Бұдан бөлек Иассы ауылдық округінде мәдениет үйін салу, Кентау қаласына қарасты Қарнақ елді мекенінде спорт кешенінінің құрылысын жүргізу мәселелері көтерілді. Ал Арыс қаласынан келген қоғам белсенділері қала мектептерінің бірінде ерекше қажеттілігі бар балалар үшін бочча орталығын ашу жөнінде ұсыныс білдірді.

Ертай Кенжебекұлы жауапты тұлғаларға әрбір мәселені жіті зерделеп, заң аясында жұмыс жүргізуді тапсырды.