829 Views
Бір басшы қазақша білмейді екен,
Өзім орысша білмеймін.
Сұрағым – су мен жылу,
Өйтіп-бүйтіп бірдеңе қылу.
Ол орысша сөйлеп еді,
Өзім қазақша сөйледім.
Ол ағылшынша сөйлеп еді,
Мен ойдан құрап
Кәрісше сөйледім.
Хатшысы түсіндірмек еді,
Айтқанына көнбедім.
Суды «ағып» көрсеттім,
Көмірді «жағып» көрсеттім.
Өзімше ымдап,
Дірілдеп, сақылдап,
Тоңғанымды сөз еттім.
Өзім ауылдың қазағы,
Ол қаланың қазағы.
Екі қазақ
Ұғыса алмадық.
Не керек,
Бауыр боп, жұғыса алмадық.
Үйге келсем,
Не болды деп
Қатын қарап тұр.
Бір сөзді ұғып қалғанмын,
Бәрі «следующий год» дедім.
Осы сөзім
Жауап болуға жарап тұр,
Қатын күлді.
Құрғақ сөзден тойған ғой,
Бірнәрсені білді.
Ералхан ЖЫЛҚЫАЙДАРҰЛЫ.