ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ЗАҢСЫЗ БЕРІЛГЕН ЖЕР ТЕЛІМІ МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

Мәселе
758 Views

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ ШӨКЕЕВТІҢ,

Түркістан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі департаментінің басшысы, генерал Хакім КУШКАЛИЕВТІҢ назарларына

ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ЗАҢСЫЗ БЕРІЛГЕН ЖЕР ТЕЛІМІ МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

Түркістан облысы Төлеби ауданы, Ленгір қаласы әкімінің 2019 жылғы 04 ақпандағы №13 санды ШЕШІМІМЕН Ә.Бурамбаеваға (Байнияз) Ленгір қаласы №1 мөлтек ауданы №67 мекен-жайында орналасқан, жалпыкөлемі 0,378843 га. жер учаскесі көріктендіру және көгалдандыру үшін 5 жылмерзімге ЖАЛҒА табысталған.

Төлеби аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімі мен Ә.Бурамбаеваның (Байнияз) арасында даулы жер учаскесін 5 жылға жалға беру туралы 2019 жылы 19 ақпанда №10 санды келісім шарты түзілген.

Жер учаскесіне аталмыш қаулы негізінде №19-305-008-1160 кадастрлық нөмірі беріліп, жер учаскесіне уақытша өтеулі қысқа (ұзақ) мерзімді жер пайдалану құқығын беретін сәйкестендіру актісі рәсімделген.

Төлеби аудандық сотымен: «Төлеби аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімі Бурамбаева (Байнияз) Әйгерім Жолымбекқызының арасында 2019 жыл 19 ақпанда түзілген №10 санды жер учаскесін жалға беру туралы келісім шарты жарамсыз деп танылсын»,– делінген заңсыз берілген жер телімі мемлекет меншігіне кері қайтарылды.

Журналистік зерттеу барысында «ҚР БАҚ туралы» заңын назарға алып, 29.10.2020 ж. №2-010902-20-64761; 12.02.2021 ж. №93; 17.02.2021 ж. №7/728 сандарымен редакциямызға келіп түскен кіріс хаттарының негізінде сұраныс жолдау барысында заң бұзушылыққа жол берген мән-жайды анықтадық: Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 43-бабының 1-1 бөлігіне сәйкес, мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелері мен жер учаскелеріне жалға алу құқығы осы Кодекстің 48-бабында белгіленген ережелер ескеріле отырып» сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) сату объектілері болуы мүмкін. Осы Кодекстің 44-1 бабының 8-бөлігінде, «шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін, құрылысқа арналған жер учаскесінің нысаналы мақсаты қызмет түрлеріне қарамастан, үй-жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет көрсету ретінде белгіленеді» деп көрсетілген.

Сонымен, зерделеу қорытындысындажоғарыда айтылған жер телімдері «Ұстағанның қолында, тістегеннің аузындакетпеді ме?»… Аукцион арқылы берілуі тиіс жер телімін заңды белден басып, біразаматшаның иелігіне беріп жіберілуіне кім кінәлі? Аудан әкімшілігіне ұсынысберген кезінде сауда-саттық (конкурс, аукцион) тәсілін көрсетпеген қала әкімі кінәлі ме, әлде қала әкімшілігінің қателігін байқамай оң қорытынды бергенТөлеби аудандық тұрақты жер комиссиясы кінәлі ме?

(Жалғасы бар).

Гүлманат БАЙЗАҚОВА

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *