Мемлекет басшысы Total концернінің барлау және өндіру жөніндегі бөлімшесінің президентіАрно Брейякты қабылдады. Кездесу барысында көмірсутегі секторындағы бірқатаржобаны жүзеге асыру мәселелері, Қазақстан мен Total концерні арасындағыықпалдастықтың алдағы перспективалары, сондай-ақ, жаңа инвестициялар тартумүмкіндіктері талқыланды.
Арно Брейяк Қасым-Жомарт Тоқаев-қа концерннің жасыл технологиялар бағытындағы жұмысын трансформа-циялау жоспары туралы айтып, кәсіп-орынның атауын «TotalEnergies» деп өз-гертуге ниетті екенін жеткізді.
Сонымен қатар, француз кәсіпкері концерннің Қазақстандағы мұнай-газ саласы бойынша, соның ішінде, Қа-шаған кен орнындағы екінші фазаны іске асыру аясындағы ірі жобаларға, сондай-ақ, жаңартылатын энергия көз-дері бағытындағы бірқатар жобаға ин-вестиция салуға дайын екенін нақты-лады.
Мемлекет басшысы мұнай-газ кон-цернінің даму стратегиясын өзгерту жө-ніндегі шешімін құптап, Қазақстанның 2060 жылға қарай көміртегі бойынша бейтараптыққа қол жеткізуге бейілді екенін айтты.
Сонымен қатар, кездесуде Арно Брейяк Қасым-Жомарт Тоқаевқа ком-панияның Каспий және Оңтүстік-Еу-ропа аймағы бағытындағы бөлімше-сінің жаңа вице-президенті Кристин Хейлиді таныстырды.
Akorda.kz