ШОТ-ФАКТУРАЛАРДЫ ЭЛЕКТРОНДЫ ТҮРДЕ ЖАЗУ МІНДЕТТІ

Заң Құқық
775 Views

2014 жылдан бері кезең-кезеңмен шот-фактураларды электронды түрде жазу міндетті болып келеді. Шот-фактураны электронды түрде жазудың шарттары ҚР Салық Кодексінің 412-бабымен белгіленген. Шот-фактураны жазып беру мерзімін сақтау, сатушыға да сатып алушыға да маңызды. ҚР Салық Кодексінің 413-бабында көрсетілген мерзімнен кешіккен жағдайда, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 280-1 бабының 3,4 тармағымен әкімшілік шаралар қаралған: алғашқы рет бұзушылық жасалғаны үшін ескерту түрінде жаза беріледі, ал бір жыл ішінде осы жағдай қайталанып жатса шағын кәсіпкерлерге – 20 АЕК, орта кәсіпкерлерге – 50 АЕК, ірі кәсіпкерлерге – 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Ал сатып алушыға, ҚР Салық кодексінде белгiленген талаптар сақталмай жазып берiлген шот-фактуралар бойынша қосымша құн салығы есепке жатқызылмайды.

Шот-фактураларды электронды түрде жазып беру мерзімі: ҚР Салық Кодексінің 413-бабы 1-тармағының 1,2,3 тармақшаларды қоспағанда, өткізу бойынша айналымды жасау күнінен ерте емес және осындай күннен кейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмей жазып беру бекітілген.

Жақсылық ЖҰМАНОВ,

Шымкент қаласы

Әл-Фараби ауданы бойынша

МКБ бас маманы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *