ШЫМКЕНТТЕ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢІСТІКТЕР МЕН «ҚОШҚАР АТА» ӨЗЕНІ ЖАҢҒЫРТЫЛАДЫ

Билік Заң Мәселе Саясат Уақыт Экономика Қоғам
30 Views

Шымкент қаласында қоғамдық кеңістіктерді жаңғырту бағытындағы жұмыстар 2026 жылы да жалғасады. Мемлекетке қайтарылған «Кең Баба», «Қиял әлемі» саябақтары және «Көктем» базарының аумағы заманауи талаптарға сай қайта абаттандырылып, тұрғындар мен қонақтарға арналған тартымды демалыс аймақтарына айналмақ.

Жобалық тұжырымдамаға сәйкес, «Кең Баба» саябағы жапондық стильде қайта қалыптастырылады. Мұнда сакура ағаштары отырғызылып, шағын сәулеттік формалар, су элементтері, тыныш демалыс аймақтары мен медитациялық кеңістіктер қарастырылады. Табиғи ландшафтты сақтау және экологиялық тепе-теңдікті қамтамасыз ету — негізгі басымдықтардың бірі.Ал «Қиял әлемі» аумағы заманауи урбанистік форматтағы саябақ ретінде дамытылады. Жоба аясында жастарға арналған креативті кеңістіктер, амфитеатрлар және көпфункционалды демалыс орындары орналастырылады. Нәтижесінде бұл нысан отбасылық серуен мен бұқаралық мәдени іс-шаралар өтетін жаңа орталыққа айналмақ.«Көктем» базары аумағында сызықтық парк қалыптастыру көзделіп отыр. Мұнда жаяу жүргіншілер жолдары, көгалдандырылған аллеялар, шағын демалыс аймақтары мен ашық қоғамдық кеңістіктер ұйымдастырылады. Жоба қаланың көлік және жаяу қатынау жүйесімен үйлестіріліп, тұрғындардың қауіпсіз әрі ыңғайлы қозғалысын қамтамасыз етеді.Қаланың экологиялық және рекреациялық әлеуетін арттыру бағытындағы маңызды жобалардың бірі — «Қошқар ата» өзенін кезең-кезеңімен абаттандыру. Жалпы ұзындығы 20,1 шақырымды құрайтын өзеннің 2023 жылы «Ордабасы» алаңынан Жангельдин көшесіне дейінгі бөлігі абаттандырылған болатын. 2025 жылы Жангельдин көшесіненИнтернациональная көшесіне дейінгі аумақ пайдалануға берілді. Ал 2026 жылы Интернациональная көшесінен Дулатов көшесіне дейінгі аралықта абаттандыру жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.Аталған бастамалар қаланың сәулеттік келбетін жаңғыртып қана қоймай, әлеуметтік белсенділікті арттыруға, экологиялық ахуалды жақсартуға және туристік тартымдылығын күшейтуге серпін бермек.