ШЫМКЕНТ ҚАУІПСІЗ ҺӘМ ҚАЙЫРЫМДЫ ҚАЛАҒА АЙНАЛМАҚ

Қоғам Құқық
745 Views

2019 жылғы 2 қыркүйекте өткен Қазақстан Респпубликасы Парламенті палаталарының біріккен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-ЖомартТоқаев Қазақстан халқына «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығымен дамуының негізі» атты өзінің алғашқы Жолдауын арнады. Жолдауда егеменелімізді береке, бірлікке бастайтын бес бағыт айшықталып көрсетілген.Қасым-Жомарт Кемелұлы алдымен отыз жылға жуық уақыт ішінде Қазақстанның ТұңғышПрезиденті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен еліміз әлемдегібеделді әрі орнықты мемлекетке айналғанын тілге тиек етті. «Біз өз жұмысымыздаЕлбасы ұсынған Бес институционалды реформа мен Ұлт жоспарын толыққанды жүзегеасыру қажеттігін басты назарда ұстауы­мыз керек», – деді.

«Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет». Бұл мақсатқа жету үшін осы бағыттағы жұмысқа бар күш-жігерімізді салу қажет. Азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет. Осы мақсатпен белгілі қоғам өкілдерін қамтитын Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылды. Бұл кеңес рота­циялық тәртіппен жұмыс істейтін болады.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында халықпен тиімді кері байланыс орнату қажеттігіне айрықша тоқталды. Қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына жедел назар аудару мемлекеттік органдар қызметінің негізгі басымдықтары болып саналады. Мемлекеттік қызметшілер жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында арнайы дайындығы бар жас кадрларды тарту қажет. Сонымен бірге 2020 жылдан бастап мемлекеттік қызметшілердің санын біртіндеп қысқартуға кірісіп, үнемделген қаражат неғұрлым пайдалы қызметкерлерді ынталандыруға жұмсалады. 2024 жылға қарай мемлекеттік қызметшілердің және ұлттық компаниялар қызметкерлерінің санын 25 пайызға қысқарту қажеттігі айтылып өтті.

Митингтер туралы заңнаманы жетілдіру жөніндегі өз ойын ортаға салды. Егер бейбіт акциялар заңның шең­бері­нен шықпайтын және азаматтары­мыздың тыныштығын бұзбайтын болса, бұған түсіністікпен қарап, жиындарды өткізу үшін арнайы орын бөлу қажет. Мұндай орындар қаланың шетінде болмауы тиіс. Алайда заңға қайшы және бұзақылық әрекеттерге шақыратын үндеулерге заң шеңберінде тосқауыл қойылатынын ескертті.

Азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттігі жайлы да сөз етті. Азаматтарымыз жария-құқықтық дауларда билік органдарының шешімдері мен әрекеттеріне қатысты шағым түсіру кезінде көп жағдайда теңсіздік ахуалында қалып жатады. Сондықтан осындай теңсіздіктерді болдырмау мақсатында дауларды шешудің ерекше тетігі ретінде әкімшілік әділет құрылымын енгізу қажет.

Жыныстық зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі тарату, адам саудасы, әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық, тағы басқа да ауыр қылмыстарға, әсіресе балаларға қатысты қылмыстарға қолданылатын жазаны шұғыл түрде қатайту қажет. Бұл мәселені шешуді Парламентке және Үкіметке тапсырды.

Сыбайлас жемқорлықпен жан-жақты күресу мәселесі күн тәртібінен түскен жоқ. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасалған мекеменің бірінші басшысының жауапкершілігін заңнамалық және нормативтік тұрғыдан нақты белгілеу керек. Сондай-ақ заңсыз және арандатушылық әрекеттерге барғаны үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының қызметкерлерін қатаң жазалаған жөн. Ондай қызметкерлерге тергеу саласында орын жоқ. Кінәсіздік презумпциясы қағидаты толық көлемде сақталуы тиіс.

Құқық қорғау жүйесін толық реформалау – аса маңызды міндеттердің бірі. Ең алдымен 2020 жылдың аяғына дейін Әкімшілік полиция комитетінің жұмысын қайта ұйымдастыру қажет. Мұны науқаншылдыққа айналдырмай, сапалы жүргізген жөн. Ішкі істер министрлігін рефор­малауға алдағы үш жыл ішінде 173 миллиард теңге бөлінеді. Бұл қаражат еңбекақыны көбейтуге, баспананы жалға алуға, халыққа қыз­мет көрсету қағидаты бойынша поли­цияның заманауи фронт-офистерін ашуға жұмсалады. Үкіметке азаматтық қорғаныс саласы қызметкерлерінің еңбекақысын Ішкі істер органдарын реформалау үшін берілетін қаражат есебінен көбейтуді және осы мақсатқа сәйкес шамамен 40 миллиард теңге бөлуді тапсырды.

Осы орайда мегаполис мәртебесін иеленген Шымкент шаһарында көптеген ізгілікті де игілікті іс-шаралар жүзеге асырылып келеді. Отырардың отты оғланы, қаланың жаңа әкімі Ерлан Қуанышұлы Айтахановтың бастамасымен келесі 2020 жылы өзінің 2200 жылдық мерейтойы мен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің мәдени астанасы атанған Шымкент – Қауіпсіз һәм Қайырымды қалаға айналмақ. Әрине, бұл үшін құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне жүктелетін міндет те жоғары екені екінің біріне аян. Әсіресе, Шымқаланың жаңа ауданы болып саналатын – Қаратау аудандық сотының барлық қызметкерлері өскелең заман талабына сай іркіліссіз ізденіспен жұмыс істеуде. Іс-қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу, заманауи озық технологияларды тиімді пайдалану біздің жұмысымызды едеуір жеңілдетуде. Егемен еліміздегі сот төрелігін жүзеге асыру процесін жетілдіру бойынша Шымкент қаласындағы біздің Қаратау аудандық соты «Үлгілі сот» жобасын іске асыру аясында қанатқақты сот болып табыламыз. Осы мақсатта бізде фронт-офис ашылған. «Сот кабинеті» сервисі арқылы арыз бойынша қаралатын істің барлық қозғалысы бақылауға болатын талон береміз. Сотта қаралатын істердің әділ өту жағына басты назар аударудамыз. Жұмысқа жаңадан келген жастарымыздың сот саласының ардагерлерінен үйренетіні көп. Осылайша сабақтастық үрдісін сақтап, жұмыла жұмыс істеудің арқасында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп келеміз. Биылғы 2019 жылды табысты қорытындылап, жаңа 2020 жылға жаңа міндеттер белгілеп отырмыз.

Ермахан РАХМАНБЕРДІ,

Шымкент қаласы Қаратау аудандық сотының төрағасы, үшінші дәрежелі сыныпты судья.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *