ЭНДАУМЕНТ ҚОРЛАРЫНЫҢ ЕҢСЕЛІ ІСТЕРІ

Білім Қоғам
345 Views

ЕҰУ-да қазақстандық эндаумент қорларының даму келешегі талқыланды

Қазақстанда эндаументтер қауымдастығы құрылып, «Мақсатты капитал қорлары туралы» заң жобасы дайындалды.  Бұл туралы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ұйымдастырған III халықаралық эндаументтер конференциясына қатысушылар мәлімдеді.

Форум мемлекеттік органдардың, мақсатты капитал және қаржы секторы қорларының, эндаумент қорлардың және Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жоғары оқу орындарының өкілдерін біріктірді.

Жиынға қатысушылар Қазақстандағы эндаумент қорлардың бүгінгі ахуалы мен даму басымдықтарын, олардың қызметін қолдау мен реттеудегі мемлекеттік органдардың рөлін, эндаумент активтерін басқарудағы инновациялар мен технологияларды талқылады әрі ТМД елдеріндегі эндаумент тәжірибесін қарастырды.

Форум барысында ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов эндаументтің білім беру мекемелерінің тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудегі негізгі рөліне тоқталды. Академик университет 2022 жылы өткізген «Қазақстанның эндаументтері» бірінші форумы эндаумент қорларының қызметіне қажетті нормативтік-құқықтық базаны әзірлеудің негізіне айналғанынатап өтті.

«2021 жылы біздің түлектер ENU Endowment Fund құрып, біздің дарынды студенттерімізге табысты қолдау көрсетуде. Қор әлемдік тәжірибені қолданады, мұнда негізгі капиталға қол сұғылмайды және студенттерге көмек тек инвестициялық кіріс арқылы көрсетіледі. Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауында университеттердегі эндаумент қорлары білім беру экожүйесін дамытудың негізгі буынына айналуы тиіс екенін атап өтті. Бүгінгі таңда әлемдік білім беру мекемелері эндаумент қорларының қолдауының арқасында серпінді жобаларды жүзеге асыра алады. Қорлар академиялық әлем мен бизнес қауымдастығы арасындағы, университеттің өткені, бүгіні және болашағы арасындағы көпірге айналады. Мұндай конференциялар коммерциялық емес ұйымдарда капиталды басқару сапасын арттыруға, сондай-ақ тұрақты даму мен тиімді фандрайзинг мүмкіндіктерін кеңейтуге көмектесетініне сенімдімін»,деп атап өтті ғалым.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Фархад Қуанғанов Еуразия ұлттық университеті Қазақстандағы эндаумент қорлары қозғалысының алғашқы бастамашысы болғанын атап өтті. Оның айтуынша, заң жобасын дайындау кезінде эндаумент қорлары құрылған барлық елдердің халықаралық тәжірибесі зерделенген.

«Бір жыл бұрын конференцияға қатысушылар ұсыныстар дайындап, эндаумент қорлары туралыжеке заң әзірлеуді ұсынды. Бүгінде бұлмәселе практикалық деңгейге көшті. Жеке заң жобасын қабылдау қажеттілігі қазіргі заңнамада эндаумент қорларына әлеуетті салымшыларды ынталандыру, дұрысинвестициялау және салымшылар қаражатының жұмсалуын бақылау бойынша нормалардың жоқтығынан туындап отыр. Табысты эндаумент қорлары бар барлық елдерде тәрізді жеке заң қажет. Қазақстанда эндаумент қорлары заңды тұлғаны корпоративтік, инвестициялық немесе басқа да қор түрінде тіркеуге мәжбүр, бұл қайырымдылықтуралы заңда көзделген қызметті қиындатады және салықтық даулар тудырады. Заң жобасының құрылымы Қазақстан заңнамасының талаптарына сәйкес жасалған. Оныәзірлеу кезінде эндаумент қорлары туралы қолда бар нормаларды сақтауға жәнебарынша пайдалануға тырыстық», — деп түсіндірді спикер.

Ұлттық эндаументтер қауымдастығының басқарма төрағасы Светлана Лаврова РФ мақсатты капитал қорларының қызметіне кеңінен тоқталды

«Университеттерді қаржыландырудың әр түрлі көздері ішінен тек эндаументтерғана университеттің ұзақмерзімді тұрақтылығы мен тәуелсіздігін қамтамасыз етеалады. Стратегиялық перспектива тұрғысынан ойлаған кезде эндаументтің қажеттілігі туындайды. Егер сіз 3-5 жыл санатында жоспарласаңыз, онда қысқамерзімді қаржыландыру көздері жеткілікті. Эндаумент-қорлардың қызметі 3бөліктен тұрады: біз ақша жинадық, содан кейін оны қаржы нарығына салып, кіріс алдық және кірісті пайдаландық. Эндаументтің екі негізі бар: университет жәнеқаржыны университетке табыс әкелу үшін инвестициялайтын қаржылық компания-басқарушы компания», — дейді сарапшы.

Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының басқарушы директоры Ерлан Бурабаев қаржы нарығы Қазақстанның эндаумент-қорлар жүйесін құруға биыл ғана белсенді түрде қатысқанын атап өтті.

«Біз Қазақстандағы эндаумент қорларды дамыту бойынша  ұсыныстарды қызығушылықпен қабылдадық. Әрине, қаржы нарығы экономикадағы капиталды қайта бөлумен айналысатын жүйе ретінде эндаумент қорларында қалыптасатын ақшаның экономика үшін ұзақ мерзімді екендігіне қызығушылық танытады. Бұл — қаржы нарығы үшін ең маңызды элемент», деп толықтырды қаржыгер.

Конференция қорытындысы бойынша резолюция қабылданды. Оның аясында қатысушылар әдістемелерді стандарттау және үздіксізбілім алу мен диалог алаңын қамтамасыз ету үшін Қазақстан қорларының қауымдастығын құру туралы шешім қабылдады. «Мақсатты капитал қорлары (эндаумент қорлары) туралы» ҚР Заңының жобасына да сарапшылар оң бағасын берді.

Айта кетейік, ENU Endowment Fund қорын Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің түлектері құрған. Қордың мақсатты капиталына қол сұғылмайды және ол жинақтаушы сипатқа ие. Қаржыландыру тек одан түскен инвестициялық кіріс есебінен жүзеге асырылады. Эндаумент қорының құрылтайшылары дарынды және мұқтаж студенттергеқолдау көрсетеді, студенттердің ғылыми, инновациялық және кәсіпкерлік қызметінынталандырады. Қазірдің өзінде 30-ға жуық студент ENU Endowment Fund қорының атаулы жеке гранттар мен шәкіртақыларға ие болды.

Әсем ЖАНАТОВА,

ЕҰУ-нің журналистика және саясаттану

факультетінің 2-курс студенті

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *