ІСКЕР БАСШЫ, АБЗАЛ АЗАМАТ ТҰҒЫН

Өмір-өзен
951 Views

Ордабасы ауданының әкімі, іскер басшы, абзал азамат Әліпбек Шәріпбекұлы ӨСЕРБАЕВ кенеттен қайтыс болды. Ол бұл лауазымға өткен жылғы шілдеде тағайындалған еді.Осы қысқа мерзім ішінде ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық жағынанөсіп-өркендеуіне зор үлес қосты. Оның басшылығымен өңірімізде құрылыс жұмыстарыкеңінен өрістеді, әсіресе Темірлан ауылы барынша көркейіп, түрлене түсті. Бізгазетіміздің әр нөмірінде түрленген, гүлденген Темірлан туралы мақалалар менсуреттерді үзбей жариялап отырдық. Әліпбек Шәріпбекұлының тікелей бастамасымен,басшылығымен Ордабасы ауданының 55 жылдығы кең көлемде, зор салтанатпен атапөтілді. Оның тікелей басшылығымен ауданымызда көптеген жылдардан бері түйінітарқатылмаған табиғи газ түйткілі шешіліп, Темірлан тұрғындарының үйлеріне «көгілдіротын» келген еді.

Абзал азамат, іскер басшының ауданымызды көркейтіп, түрлендіре түсу тұрғысындағы көздеген мақсаттары көп еді. Амал қанша, сұм ажал арамыздан мезгілсіз алып кетті.

Әліпбек Шәріпбекұлының біздің газетімізге айрықша қамқорлығы мен ықыласты ниетін жан-жүрегімізбен сезінетінбіз. Бұл көзқарасын кез келген жерде жария етіп, айтып отыратын. Ол сондай-ақ, газетіміздің 85 жылдық мерейтойын өткізуге ниетті еді.

«Ордабасы оттары» газетінің ұжымы марқұмның отбасына, туған-туыстарына қайғыра көңіл айта отырып, жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын деп азалы тілек білдіреді.

«Ордабасы оттары» газетінің ұжымы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *