ҚАЗАҚСТАННЫҢ КӨМІРТЕГІ БЕЙТАРАПТЫҒЫНА ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНАДЫ

Ақорда
493 Views

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 13 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында өтетін «Париж келісімініңмақсаттарына және Қазақстанның көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жолдары»атты халықаралық конференцияға қатысады. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөзхатшысы Берік Уәли желідегі парақшасында жазды.

Іс-шараның мақсаты – Қазақстанның 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына жету жолдарын, экономикалық және әлеуметтік мүмкіндіктердің басым бағыттарын және көміртегі бейтараптығына көшу үшін қомақты қаражат жұмылдырудың маңыздылығын талқылау.

Конференцияға БҰҰ-ның жоғары лауазымды тұлғалары, халықаралық сарапшылар, бизнес және азаматтық қоғам, қаржы институттары, даму жөніндегі серіктестер мен БАҚ өкілдері қатысады.

Akorda.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *