ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘСКЕРИ ҚУАТЫ НЕШІНШІ ОРЫНДА?

Саясат
1 137 Views

Қазақстанның әскери қуаты әлемдік рейтингте нешінші орынға жайғасқан? Өзбекстан әскері біздің елдің әскерінен басым ба деген сұрақ көптің көкейінде жүр. Бұл мақалада отандық әскердің күш-қуаты және оның деңгейі туралы аз-кем сараптап көрелік.

Ел мен жерді қорғайтын әскер мен оның техникалық күші. Америка мен Ресей армиясы мықты деп ауыз толтырып айтып жүрдік. Алайда, Ресей әскері Украинамен соғыс кезінде қандай дәрежеде екені мәлім болып қалды. Екі елдің қақтығысында Ресейдің әскеріне тойтарыс беріп жатқан Украина сарбаздары да осал тұсын танытпауда.

Жалпы 2022 жылы әлем елдерінде милитаризм басталды, яғни жер жаһан жаппай қарулануда. Ресей әскері жеңілмейді, осы пікір жоққа шығып, украиндардан ойсыра жеңілуде. Танктері қирап, ұшақтар мен тікұшақтары отқа орану үстінде. Жалпы әлемдік рейтингте 22-ші орында тұрған әскери елден жеңіліс табуда.

Естеріңізде болар, 2020 жылы Армения мен Әзірбайжан арасында 44 күнге созылған қарулы қақтығыс орын алған болатын. Баку басқыншылардың тартып алған жерлерін өздеріне қайтарып шекарасын шегендей қағып, Арменияның сарбаздарынан мығым әрі мықты екендіктерін көрсетті. Ереван еріксіз бітімге келуге шақырды. Путинге алақан жайған Арменияның басшылары түк шықпайтынын білсе керек, Әзірбайжанға тиесілі жер аумағын босатып беруден басқа амалды таппады. Сарапшылар Арменияның бұл жеңісін былай деп болжаған еді: «Арменияны Ресей қаруландырған. Олар сол баяғы кеңестік қарулар мен ескі техникаларды пайдаланған соң, Әзірбайжан әскерінен жеңіліс тапты» десті.

 Украина мен Ресей арасындағы бүгінгі қақтығыс сәтінде де орыс әскерлері ескі-құсқы қаруларды асынып, 1941-ші жылдан қалған техниканы пайдаланып жүр десек қате пікір айтпағанымыз шығар. Осыған байланысты Украинаға азу тісін батыра алмай әлек. Біздің айтпағымыз бұл емес, Ресей мен Украина әскерлерін сынамақ ойымызда жоқ. Айтпағымыз өзіміздің ел әскері және оның техникасы. Еліміздің әскері сол баяғы кеңестен қалған қару мен ресейлік техникалармен жарақталған. Әскери техникалық тұрғыдан алғанда Қазақ әскері ресейлік қару жарақтарға тәуелді деген сөз. Яғни екінші дүниежүзілік соғыстан қалған танктерді, соғыс кезінде пайдаланған АК-47 автоматтарын асынып, оқу жаттығу жиындарында пайдаланып, қазақ әскері мықты қаруланған деп айды аспаннан бір-ақ шығарамыз. Алайда бұл сөздер Қазақстанның әскері мықты қарулармен жарақталған дегенді білдірмейтіні анық.

Әлемдік сарапшылар 2023 жылғы қай мемлекеттің әскері мықты қарулармен жабдықталған деген ақпарат таратты. Бұл ақпаратта Қазақстан әскері мен әскери техникасы жағынан 63-ші орынға жайғасқан. Не алға жылжу, не артқа жылжымай қаққан қазықтай қадалған жерден қан алмай қақшиып тұр. Бұл көрсеткіш жақсы деп айта алмаймыз. Орта Азия елдерінің арасында көшті ала тақиялы ағайын бастап тұр. Яғни Өзбекстан әскері біздің елдің әскерінен екі есеге мықты. Техника жағынан да сарбаздар қатарынан да. Өткен жылмен салыстырғанда Өзбекстан әскері 10-шы орынға дейін төмендеген. Бұл көрсеткіш ала шапандылардың еңсесін түсірмейді. Орта Азия елдері ресейлік қару жарақтармен жабдықталып, кеңестің соғыс тактикасын әлі күнге дейін қолданып келеді.

Бұл тәсіл заманауи қарулармен жабдықталған соғыстарда жеңіске жетеді деген ойдан арылайық.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *