Келесі 2020 жылы футболдан Еуропаның кезекті чемпионаты өтетінін бәріңіз жақсы білесіздер. Кәрі құрлықтағы кубок ойындарының 60 жылдық мерейтойына орай оны 12 қалада өткізу жоспарланып отыр. Биылғы 21 наурызда сол құрлықтық сайыстың іріктеу бәсекелері бастау алады. Қазақстан ұлттық құрама командасы І тобына жайғасқан. Бұл топта 211 командадан құралған Халықаралық Футбол Қауымдастығының рейтингінде көш бастап тұрған Бельгия, Шотландия (40), Ресей (50), Кипр (87), Қазақстан (117), Сан-Марино (211) құрамалары жайғасқан.
Чехиялық маман Михал Билек баптайтын командаға мына төмендегі ойыншылар тартылған:
қақпашылар: Стас Покатилов («Қайрат» Алматы), Дмитро Непогодов («Ордабасы» Шымкент), Игорь Щацкий («Шахтер» Қарағанды);
қорғаушылар: Абзал Бейсебеков, Юрий Логвиненко, Дмитрий Шомко, Евгений Постников (бәрі – «Астана»), Ян Вороговский, Елдос Ахметов, Ғафуржан Суюмбаев (бәрі – «Қайрат»), Темірлан Ерланов, Сергей Малый (екеуі де – «Ордабасы);
жартылай қорғаушылар: Серікжан Мұжықов, Юрий Перцух (екеуі де – «Астана»), Бауыржан Исламхан, Исламбек Қуат (команда капитаны), Георгий Жуков (бәрі – «Қайрат»), Бахтиер Зайнутдинов («Ростов» Дондағы Ростов, Ресей), Максим Федин («Тобыл» Қостанай), Александр Меркель («Хераклес», Голландия);
шабуылшылар: Роман Муртазаев («Астана»), Алексей Щеткин («Ордабасы), Бауыржан Тұрысбек («Тобыл»), Еркебұлан Сейдахмет («Левски», Болгария), Оралхан Өміртаев («Шахтер» Қарағанды).
Қосалқы құрамда мына төмендегі ойыншылар бар:
қақпашылар: Владимир Плотников («Қайрат»), Марсель Исламқұлов («Қайсар» Қызылорда);
қорғаушылар: Александр Соколенко, Нұралы Әліп, Айбол Әбікен (бәрі – «Қайрат»), Марат Быстров («Ордабасы»), Дмитрий Мирошниченко («Тобыл»);
жартылай қорғаушылар: Еркебұлан Тұңғышбаев («Қайрат»), Аслан Дарабаев («Ертіс» Павлодар), Азат Нұрғалиев («Тобыл»);
шабуылшылар: Акмаль Бахтиеров («Сочи», Ресей), Оралхан Өміртаев («Шахтер»), Владислав Васильев («Энергетик-БГУ», Беларусь).
21 наурызда Нұр-Сұлтан қаласындағы «Астана-Арена» стадионында Шотландияны қабылдаған Қазақстан ұлттық құрама командасы 3:0 есебімен жеңіске жетті. Алтыншы минутта Юрий Перцух есеп ашты. Араға төрт минут уақыт салып Ян Вороговский есепті еселеді. 51 минутта Бахтиер Зайнутдинов үшінші голдың авторы атанды. Александр Меркель (38) мен Ғафуржан Суюмбаев (90+5) бас төреші тарапынан ескерту алды. Осылайша чехиялық маманның сәтті қадамына сүйсінген едік.
Өкінішке орай, үш күннен кейін өз алаңында Ресеймен кездескен жерлестеріміз 0:4 есебімен ұтылып қалды. Денис Черышев (19, 45+2), Артем Дзюба (52), Абзал Бейсебеков (62 автогол) доп соқты. Бұған қоса- қабат Ғафуржан Суюмбаев (50), Исламбек Қуат (59), Елдос Ахметов (64), Бахтиер Зайнутдинов (90+3) бас төреші тарапынан ескерту алды.
Қазақстан ұлттық құрама командасы қарсыластарының осал еместігін өздеріңіз де байқап отырған шығарсыздар. Алайда, біз қайткен күнде де отандастарымызға тек қана сәттілік серік болуын тілеп қаламыз.
Әбдісаттар ӘЛІП.