18 тамыз — 2 қыркүйек аралығында Индонезияның Джакарта және Палем- банг қалаларында XVIII жазғы Азия ойын- дары өтеді. Ел астанасындағы Бунг Карно атындағы стадионда байрақты бәсекенің ашылу салтанаты өтті. Егемен еліміздің көк туын белгілі былғары қолғап шебері, Әлем чемпионатының жүлдегері Әбілхан Аманқұл көтеріп шықты. Қазақстандық спорт делегациясының құрамындағы 440 саңлақ 37 спорт түрінен сайысқа түседі. Соның 405-і 25-і олимпиадалық спорт түрінен өздерінің бағын сынап көреді. 52 саңлақ Оңтүстіктің өрендері.
Джакарта мен Палембангта өтетін Азиадаға сары құрлықтағы 44 елден келген 11 мыңға жуық саңлақ қатысуда. Олар 42 (соның 25-і олимпиадалық) спорт түрінен сайысқа түсіп, 476 медальдар жиынтығын сарапқа салатын болады. Оңтүстік және Солтүстік Корея елдері байрақты бәсекеге «біріккен тумен» кел- ді. Биыл өзбек кураш спорты тұңғыш рет осы ойындардың бағдарламасына енгі- зілген. Бойтұмар ретінде жұмақ құсы, мүйізтұмсық, бұғы лағы таңдалып отыр.
Спорт шежіресіне үңілетін болсақ, Қазақстан ұлттық құрамасы 1994 жылы Хиросимада 25 алтын, 26 күміс, 26 қола медаль жеңіп алып, бейресми жалпыко- мандалық есепте Қытай, Оңтүстік Корея, Жапониядан кейінгі төртінші орынды иемденді. Оңтүстіктің өрендері екі алтын медаль еншіледі.
1998 жылы Бангкокта 24 алтын, 24 күміс, 32 қола медальмен Таиландтан кейінгі бесінші орынға түсіп қалды. Жер- лестеріміз алты алтын, бес күміс, төрт қола медальді қанағат тұтты.
2002 жылы Пусанда 20 алтын, 26 күміс, 30 қола медальмен төртінші орынға тұ- рақтады. Жерлестеріміз бес алтын, 14 кү- міс, 16 қола медаль иеленді.
2006 жылы Катарда 23 алтын, 20 күміс, 42 қола медальмен төртінші орынды тү- йіндеді. Жерлестеріміз алты алтын, жеті күміс, тоғыз қола медаль жеңіп алды.
2010 жылы Гуанжоуда 18 алтын, 23 күміс, 38 қола медальмен Ираннан кейінгі бесінші орынға сырғыды. Жерлестеріміз алты алтын, жеті күміс, он қола медаль алды.
2014 жылы Инчхонда 28 алтын, 23 күміс, 33 қола медальмен тағы да төртінші орынды місе тұтты. Жерлестеріміз бес алтын, алты күміс, 12 қола медаль ие- ленді. Биыл былғары қолғап шеберлері — Қайрат Ерәлиев, Бақдәулет Ибрагимов, байдарка және каноэ есушілер — Тимур Хайдаров, Евгений Апексеев, Тимофей және Сергей Емельяновтар, дзюдошы Отгонцэцэг Галбадрах алтыннан алқа тағады деп үміттенудеміз. Нысана көз- деушілер, стенд атушылар, таэквондо- шылар мен каратэшілер де медаль ала- ды деген үміт бар.
Азиаданың алғашқы жарыс күні сем- серлесу спортының шебері Дмитрий Алексанин шпагадан өткен жекелей сын- да Қазақстан құрамасының қоржынына
алтын медаль салды. Сайыпқыран спорт- шының құрметіне егемен еліміздің ән- ұраны шырқалды. Ол 2014 жылы Инчхон- да командалық жарыста Қазақстан құра- масына қола жүлде әперген болатын. Еркін күрестен 74 келі салмақ дәрежесі бойынша сынға түскен биылғы құрлық чемпионатының қола жүлдегері Данияр Қайсанов шешуші ақтық финалдық са- йыста өзбек балуаны, 2014 жылғы Азиада чемпионы, Әлем чемпионатының қола жүлдегері Бехзод Абдурахмановтан 2:3 есебімен ұтылып, күміспен күптелді. 65 келі салмақта Саятбек Оқасов түрікмен- стандық Батыр Боржаковты 5:2 есебімен жеңіп, қола жүлдегер атанды. 86 келі салмақта сынға түскен Әділет Давлумба- ев қырғызстандық Алигаджи Гамидгаджи- евті айқын басымдықпен (3:0) ұтты. Оның еншісіне де қола медаль бұйырды.
Екінші жарыс күні 53 келі салмақта өнер көрсеткен балуан қыз Жұлдыз Ешімова шешуші ақтық финалдық сында Корей Халық Демократиялық Республи- касының өкілі Пак Юнг Миден жеңіліп, кү- міс медальді еншіледі. Дәл осы салмақта сынға түскен таэквондошы қыз Фариза Алдонғарова қола медальді қанағат тұт- ты.
Үшінші жарыс күнінде су добынан әйелдер құрама командасы, сонымен қатар таэквондошы Жанель Дениз бен грек-рим күресінің шебері Алмат Кебісба- ев (67 келі) күміс жүлдегер атанды. Қыздар күресінен Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Эльмира Сыздықова (76 келі) бұл жолы да қола медальді қанағат тұтты. Былтыр Парижде өткен Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Мейрам- бек Айнағұлов (57 келі) қола медаль алды. Таэквондошы Руслан Жапаров пен маунтинбайк спортынан (кросс-кантри)
Кирилл Казанцев те ел қоржынына қола жүлде салды.
Төртінші жарыс күні жуан білекті бал- уан Нұрмахан Тінәлиев (130 келі) күміс- пен күптелді. Семсерлесуші ерлер және қыздар құрама командалары қола жүл- дегер атанды. Академиялық ескек есуден Александра Опачанова мен стенд атудан Мария Дмитриенко, каноэшы Александр Куликов ескек есудегі слалом бағдарла- масы бойынша қола медаль еншіледі. Таэквондошы Нұрлан Мырзабаев (80 келі) қола медальді қанағат тұтты. Суда жүзуден Әділбек Мусин мен Рио Олимпи- адасының чемпионы, Азия ойындарының үш дүркін жеңімпазы Дмитрий Баландин 100 метрге брасс әдісімен жүзуде қола жүлдегер атанды. Грек-рим күресінің шеберлері — Азамат Құстыбаев (87 келі), Ерұлан Ысқақов (97 келі) қола жүлдені жеңіп алды. Балуан Ерасыл Қайырбек те қола медаль еншіледі.
Бесінші және алтыншы жарыс күндері велоспортшы Алексей Луценко екі мәрте алтыннан алқа тақты. Бұл — қазақстан- дықтардың екінші-үшінші алтын медалі. Теннисшілер — Александр Бублик пен Де- нис Евсеев күміспен күптеліп, ал Гозаль Айнитдинова мен Анна Данилина қоланы қанағаттұтты.
Енді қаржылай сыйақы мөлшеріне келетін болсақ, Азия ойындарында алтын медальді жеңіп алған саңлаққа он мың, күміс жүлдегерге бес мың, қола жүлдегер- ге үш мың АҚШ доллары төленеді. Дәл сондай соманы олардың жаттықтырушы- лары да алатын болады.
Әзірге Азиадада 60 алтын, 41 күміс, 23 қола медальді қоржынға салған қытайлық қырандар бейресми жалпыкомандалық есепте көш бастап келеді. 27 алтын, 29 күміс, 37 қола медальді жеңіп алған жа- пондар екінші орында. 20 алтын, 23 күміс, 28 қола медаль олжалаған оңтүстіккорея- лықтар үздік үштікті қорытындылап тұр. Оныншы орындағы өзбекстандықтар төрт алтын, он күміс, жеті қола медальға иелік етуде. 11 орындағы қазақстандық- тардың қанжығасында әзірге үш алтын, жеті күміс, 20 қола медаль бар. Төрт күміс, бес қола медаль еншілеген қырғызстан- дықтар 23, ал бір күміс, екі қола медаль- мен түрікменстандықтар 24 орынға жай- ғасқан. Жалпы алғанда, 29 елдің саңлақ- тары медальға қол созып отыр.
Ә. ДОСЫБЕК.