ҚАЗАҚ РУХЫНЫҢ ҚАҒБАСЫ – ОРДАБАСЫ ДАМУ ҮСТІНДЕ

Уақыт
801 Views

Бұл мақалада ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2019 жылдың 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын және Елбасының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» материалында айтылған мәселелер мен тапсырмалар аясында Түркістан облысының Ордабасы ауданындаатқарылған жұмыстар жайлы баяндалады. Сонымен қатар аудандағы мүгедектердіңқұқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту бойынша, қазіргіқауіпті індет – коронавируспен күрес пен табиғи апаттан зардап шеккенмақтааралдықтарға көрсетіліп отырған көмек жайында сөз етіледі. Бұл аудандыбасқарған Әліпбек Шәріпбекұлы Өсербаевтың атқарған өнегелі істері халықжадында. Басшылық тізгінін таяуда ғана қолға алған Нұрбол Әбдісаттарұлы Тұрашбеков те алғашқы күндерден тындырымды еңбектерімен көзге түсуге талпынуда.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын насихаттау бойынша Ордабасы аудан әкімінің өкіміне сәйкес 28 мүшеден тұратын төрт ақпараттық-насихаттық топ құрылған. Осыған орай аудандағы барлық 57 елді мекенде Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың Жолдауын насихаттау мақсатында іс-шаралар өтіп, түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Ордабасы ауданы бойынша «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 789 адам қатысқан. Атап айтқанда, жұмыссыздар – 403 адам, өзін-өзі жұмыспен қамтығаны – 237 адам, жұмыс іздеуші санатынан – 149 адам.

Бағдарламаның екінші бағыты «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бойынша аудан бойынша екі азамат 7,995 млн теңге көлемінде шағын несие алған (мал шаруашылығы) саласы бойынша.

Көпбалалы табысы аз отбасылардың мүшелері, табысы аз еңбекке қабілетті мүгедектер, 29 жасқа дейінгі жастар, жұмыссыздар қатарындағы 110 азаматқа жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған грант беру жоспарға қойылып, бұл мақсатқа 53 816 мың теңге қаржы бөлінген. Қазіргі таңда 13 адамның өтініші бизнес жоспарларымен бірге облыстық кәсіпкерлер палатасына комиссияға ұсынылып, бизнес жоспарлары мақұлданғаны туралы хаттаманың қорытындысы алынған.

Бағдарламаның үшінші бағыты «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» бойынша мекемелерден түскен бос жұмыс орындары мен ашылған жаңа жұмыс орындарына 2020 жылдың 1 мамырына 440 азамат жолданған. Соның ішінде біреуі өндіріс саласына, 176-сы ауыл шаруашылық саласына, төртеуі құрылыс саласына, 10-ы сауда, кәсіпкерлік саласына,102-сі білім саласына, 12-сі денсаулық саласына және 115-і тағы басқа салаларға жолданған. Екеуі мүгедек жандар, 99-ы жастар қатарынан. Соның ішінде, жаңа жұмыс орындарына 31 азамат жұмысқа жолданған. Әлеуметтік жұмыс орындарына 105 нысаналы топтағы азамат 32 жұмыс берушіге жолданған.

Бағдарлама аясында құрылатын «Жастар тәжірибесіне» 2020 жылы оқу орындарын 2017 — 2020 жылы бітірген 29 жасқа дейінгі барлығы 210 жасты жіберу межеленген. 2020 жылдың 1 мамырына аудан көлеміндегі 46 мекемемен келісімшарт түзіліп, 119 жас жастар тәжірибесіне жолданған. 2020 жылға 200 жұмыссыздарды ақылы қоғамдық жұмыстармен қамту жоспарланып, оған 2020 жылдың 1 мамырына дейін 123 жұмыссыздар жолданған.

Сонымен қатар аудандағы мүмкіндігі шектеулі 13 адам жұмыспен қамтылған. Пробация қызметінде есепте тұрған сегіз азамат тұрақты жұмысқа орналасып отыр.

2020 жылдың 1 мамырына дейінгі мәлімет бойынша ауданда 5035 мүгедек азаматтар есепте тұрады. Бұл жалпы аудан тұрғындарының 4,14 пайызын құрайды.

Олардың:

425 (8,44 пайыз) – бірінші топтағы мүгедектер;

1892(37,57 пайыз) – екінші топтағы мүгедектер;

1827(36,28 пайыз) – үшінші топтағы мүгедектер;

891(17,69 пайыз) — 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар.

Мүгедектерді оңалту жеке бағдарламасына сәйкес:

· Міндетті гигиеналық құралдарға 386 адамға ЖБ-тен 41672,5 мың теңге бөлініп, соның 37025,6 мың теңгесі игеріліп, 4646,9 мың теңгесі үнемделген, РБ-тен 24536 мың теңге бөлініп, соның 15747,2 мың теңгесі игерілді, 292,6 мың теңгесі мамыр айында игеріледі, 8496,3 мың теңгесі үнемделген.

· Мүгедектерді техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз ету бойынша 279 адамға республикалық бюджеттен 14503 мың теңге бөлініп, соның 1242,7 мың теңгесі игерілді, 5772,6 мың теңге мамыр айында игерілу жоспарға қойылып, 7487,7 мың теңгесі үнемделген.

· Спина Бифидамен ауыратын балаларға бір реттік катетер бойынша республикалық бюджеттен 230 мың теңге бөлініп, соның 204,8 мың теңгесі игеріліп, 25,2 мың теңгесі үнемделген.

· 26 есту бойынша мүгедектерге ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметіне ЖБ-тен 3314 мың теңге бөлініп, 45 мүгедекке 1425 мың теңгесі игерілді, РБ 4973 мың теңге бөлініп, 1230 мың теңгесі игерілген.

· 37 жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер жеке көмекшінің әлеуметтік қызметіне ЖБ-тен 7499,5 мың теңге бөлініп, соның 2091 мың теңгесі игерілген.

· 42 мүгедекке облыстық басқармадан 45 қоларбаларлар беріліп, мүгедектерге таратылды. Жергілікті бюджеттен алты дана қоларбаға 690 мың теңге қаржы бөлініп, жоспар бойынша қыркүйек айына сатып алынған.

· 32 мүгедек облыстық басқармадан 67 тифлотехникалық құралдар беріліп, таратылған.

Балалар мен 18 жастан асқан азаматтарға үйде арнайы қызмет көрсету бөлімшесінде 20 әлеуметтік қызметкер мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалар және 18 жастан асқан психоневрологиялық ауруы бар 165 мүгедек күтімге алынып, қызмет көрсетілуде.

Аудандық бюджеттен:

Үйде оқытылып және тәрбиеленіп жатқан 168 мүгедек балаға оқу құралы шығындарын өтеу үшін 4233 мың теңге қаралып, 1-АЕК 2778 теңгеден төрт айға 1880 мың теңге төленген.

Мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын адамдарға ай сайынғы әлеуметтік көмек үшін жоспардағы 85 адамға 26653 мың теңге қаралған, игерілуі 60 науқасқа 4686,8 мың теңге төленген – 17,6 пайызы игерілген.

Созылмалы бүйрек жетімсіздігі ауруына шалдыққан мұқтаж азаматтарға бір жолғы әлеуметтік көмек үшін жоспардағы 31 азаматқа 591 мың теңге, қаржы қыркүйек айында төленетіні күн тәртібіне қойылған.

Адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған адамдарға (АҚТҚ) ай сайынға әлеуметтік көмек үшін жоспар 14 адамға 9753,6 мың теңге қаралған, игерілгені – 14 адамға 3320,1 мың теңге.

COVID – 19 бойынша Ордабасы аудандық орталық ауруханасында атқарылып жатқан іс-шаралар көңіл қуантарлықтай.

Жалпы Ордабасы аудан көлемінде 2951 адам бақыланған.

— 34 адам – госпитальда ем алып, 29 адам ем алуда, соның ішінде 24 – ересектер, 5 – балалар. (бесеуі емделіп шыққан);

— 85 адам – провизорлық бақылауда болып шықты (сегіз адам оң нәтижелі);

— 121 адам – обсерваторлық бақылауда болды. Тенгиз-Шевройл (үш адам оң нәтиже болып, емделіп шыққан, 25 адам қазіргі таңда үй бақылауында)

— 13 адамның сынама қортындысы оң нәтижелі шыққан (бір адам Байдібек ауданының тұрғыны);

Жалпы үй бақылауында — 2922 адам.

2854 адам бақыланып шығып, қазіргі таңда 68 адам бакылануда.

— 1176 адам — Алматы қаласынан (төрт адам қазіргі таңда үй бақылауында);

— 800 адам — Нұр-Сұлтан қаласынан (екі адам қазіргі таңда үй бақылауында);

— 578 адам – ҚР басқа қалаларынан (24 адам қазіргі таңда үй бақылауында);

— 155 адам — шетел мемлекетінен келгендер (15 адам қазіргі таңда үй бақылауында);

— 68 адам үй бақылауында (25 – обсерватор, төрт адам covid-19 науқаспен қарым-қатынастағы адамдар, 15-адам шетелден келгендер, ҚР басқа қалалардан – 24 адам);

Ордабасы аудандық орталық аурухана бойынша да іс-шаралар жүйелі жүргізілуде.

Ордабасы АОА бойынша 2020 жылдың 17 наурызындағы «КВИ бойынша Ордабасы ОАО карантин мен жұмыс ұйымдастыру туралы» 103 н/қ бұйрығы шығарылған. Бұл бұйрық аясында жұмыс Ордабасы АОА-ның стационарында, орталық емханада және 4 БМСК (Қараспан, Бадам, Төрткөл, Шұбарсу) сегіз дәрігерлік-амбулаторияларында (Шұбар, Қайнар, Бөржар,Бөген, Жеңіс, Қарақұм, Қажымұқан, Көктөбе) аула аралау жұмыстары жүргізілген.

2020 жылғы 1 мамырдағы №35 қаулысы бойынша ЖРВИ және пневмония диагнозымен келген науқастарды қабылдауға емхана бөлімінің сүзгі бөлмесінде науқастар қабылдануда. Сүзгі бөлмесіне ЖРВИ және пневмониямен келген науқастардан COVID-19 инфекциясына сынамалар алынып, сынаманың нәтижесі келгенше уақытша изолятор бөлімшесіне оқшауланып, дәрігердің тағайындауларын толық қабылдауда. Балалар бөлімінің екінші қабырғасынан уақытша изолятор бөлімшесі қарастырылып, 15 төсек орны жабдықталған. Уақытша изолятор бөлімшесінен тәуліктік мейірбикелік 1 бекет ашылған.

Сонымен қатар ауданда орналасқан кіші маркет, дәмхана және азық-түлік дүкендері белгіленген уақытта полиция қызметкерлері және құзырлы мекемелермен бірлесіп түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, санитарлық қауіпсіздік шараларын күшейте отырып жұмыс жасауда. Алайда тиісті талаптарды орындамаған кәсіпкерлер анықталып, жалпы 69 әкімшілік хаттама толтырылған. Соның ішінде аудандық полиция тарапынан 44 әкімшілік хаттама түзіліп, аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқарманың тарапынан 25 әкімшілік хаттама түзілген.

Ордабасы ауданында 21 блок-пост құрылған (соның ішінде елді мекендер арасын шектеу посттары бар) болатын. Алайда Қазақстан Республикасында төтенше жағдай режимі алынып тасталуына байланысты қазіргі таңда карантин режимін сақтау мақсатында үш блокпост қалған. Карантин уақытында әр блок-постта медицина, полиция және әлеуметтік қызметкерлері өткінші автокөліктердегі әрбір азаматты жеке жеке тексеруден өткізіп отырған.

Ордабасы ауданы бойынша ауыл шаруашылығына пайдаланатын жер көлемі – 208 387 га.

Соның ішінде:

· Жалпы егістік жерлер — 85 715 га,

· Суармалы жерлер — 33 131 га,

· Тәлімі жерлер — 52 584 га,

· Жайылымдық жерлер — 103 271 га,

Аудан бойынша ауыл шаруашылығы саласындағы құрылымдар саны — 6309.

Соның ішінде:

· Шаруа қожалықтары — 5599,

· Ауыл шаруашылық өндірістік кооперативтері — 38,

· Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері мен өндірістік кооперативтері — 672

· Аудан бойынша 85 канал, ұзындығы 827 шақырым, үш су қойма, 231 тік дренаж бар. (Ауыл округтерінің меншігінде 187 тік дренаж бар)

· 2020 жылы берілген индикаторлық тапсырмаларға келер болсақ, жалпы 25 тапсырма. Атап айтқанда:

1. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі қаңтар — сәуір айларында 8 млрд. 535 млн. 900 мың теңгенің өнімі өндіріліп, НКИ 90,4 пайызды құрады. (Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өнім көлемі 184 млн.700 мың тг артқан.

Мал шаруашылығында 7 млрд. 448 млн 600 мың тг өнімі өндірілсе, Өсімдік шаруашылығы бойынша 1 млрд. 055 млн 800 мың тг өнімі өндірілген.

2. Жыл қорытындысымен НКИ 105 пайызға жеткізу жоспарының орындалуы төрт айда 90,4 пайызды құраған.

3. Ауыл шаруашылығындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемін 4 млрд. тг жеткізу жоспарының төрт айдағы орындалуы — 319 млн. тг инвестициясы статистикалық есептілікке енгізілген.

4. Тамақ өнімдерін өндірудегі негізгі капиталға тартылатын инвестиция көлемі жылдық жоспар — 450 млн. тг (Қажымұхан ауылдық округі орналасқан «Асыл тұқымды шаруашылық. Ордабасы ешкі сүт өнімдері» АӨК статистикалық есептілікке — 112 млн. тг сәуір айында енгізілді).

5. Ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемін 65 400 гектарға орналастыру жоспарының орындалуы бүгінгі күнге 62 342 га немесе 95,3 пайызды құрап отыр. Ауыл шаруашылығы дақылдарын оңтайлы мерзімдеріне қарай жоспарланған егістік алқап толығымен игерілетін болады.

6. Егістік жерлерді тиімді пайдалану мақсатында екі өнім алу жобалары аудан бойынша жалпы 90 шаруашылық — 171,9 гектар егістік алқапқа егуді жоспарлаған. Қазіргі күнге нақты орындалғаны 83 шаруашылық – 169 гектарға бірінші дақылдарын орналастырған.

7.Ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруде шөлге төзімді израйльдік технологияны пайдалану арқылы 60 га қарбыз дақылы егілетін болады.

8.Жылыжай желісін ағымдағы жылы 15 га ұлғайту жоспары 5,43 га немесе 36,2 пайыз орындалып отыр. Аудан бойынша жалпы жылыжай алаңы 72,3 га соның ішінде 21 га өндірістік жылыжайлар. 2019 жылы 20,3 га жылыжай алаңы іске қосылған.

9. Тамшылатып суару әдісін — 600 га ендіру жоспарының орындалуы — 259 га немесе 43,1 пайыз. Аудан бойынша жалпы 1438 га тамшылатып суару әдісі ендірілген. Оның ішінде жеміс-жидекке – 620 га, бақшаға – 317га, көкөніс – 501га, тамшылатып суару жүйесі қолданылған.

10. Қарқынды бау шаруашылығын дамыту бағытында 100 га жерге қарқынды бау отырғызу жоспары 11 гектарға орындалды. Қажымұхан ауыл округінен «ҚазГарден» ЖШС — 55 гектардың — 11 га қарқынды алма бауы болса, 44 га сүйекті жемістер. «Миграж-Б» ЖШС — 28 га бау, Бөржар ауыл округінен «Нұрқасым» ШҚ — 10 га және «Бал Кәусар» ЖШС -10 га жерге жүзім көшетін тамшылатып суару арқылы отырғызған. Аудан бойынша жалпы 1 062 га жерге бау орналастырылса, соның ішінде қарқынды бау көлемі 299 га.

11. Ауылшаруашылығы техникаларын жаңалау бойынша 40 дана алу жоспарының орындалуы 15 дана немесе 38 пайыз. 2019 жылы 43 бірлік ауылшаруашылығы техникасы алынған. Жалпы аудан бойынша 1 476 дана ауылшаруашылығы техникалары тіркелген. 2010 жылдан бері 369 дана техника алынған.

12. Мал басының ұлғаюы, соның ішінде ІҚМ бойынша 72,6 мың басқа жеткізу жоспары 86,4 мың басқа немесе 119 пайыз орындалды. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 108,8 пайыз немесе 7 мың басқа (2019 жылғы төрт айда – 79,4 мың бас) өскен. Соның ішінде сиырлар 35,5 мың басты құрады немесе 109,3 пайызға өскен.

13. Қой мен ешкіні 401,7 мың басқа жеткізу жоспарының орындалуы 508 мың немесе 126,4 пайыз. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 124 пайызы немесе 20 мың басқа (2019 жылғы 4 айда – 488 мың бас) өскен.

14. Жылқы басын 24,5 мыңға жеткізу жоспарының орындалуы 23,7 мың немесе 96,7 пайыз. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 101,3 пайыз немесе 314 басқа (2019 жылғы төрт айда – 23,3 мың бас).

15. Түйе басын 660 басқа жеткізу жоспарының орындалуы 620 басқа немесе 94 пайыз. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 81,6 пайыз құрады немесе 140 басқа (2019 жылғы төрт айда – 760 бас) кеміді.

(Жеңіс ауыл округінен «Береке -1» шаруа қожалығы – 67 бас түйе алғанымен статистикалық есептілікке 1 шілдедегі мәліметте көрсетіледі.)

16. Құс басын 487,7 мың басқа жеткізу жоспарының орындалуы 381 мың басқа немесе 78 пайыз. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 69,2 пайызды құрады немесе 169 мың басқа (2019 жылғы төрт айда – 550 мың бас) кеміген. Құс басы кемуінің негізгі себебі кәсіпорындардағы құс басы есебінен орын алып отыр.

17. Мал шаруашылығы өнімдерін арттыру ет тірі салмақта жылдық 23 625 тоннаға жеткізу жоспарының орындалуы 7 109,4 тоннаға немесе 30 пайыз.

18. Сүт өндіру жылдық 49 500 тоннаға жеткізу жоспарының орындалуы 12 699,5 тонна немесе 26 пайыз.

19. Жұмыртқа өндіру жылдық 10,5 мың дана өндіру жоспарының орындалуы 2 952,9 мың дана өндірілді немесе 28 пайыз орындалған.

20. 10-15 бастық шағын мал бордақылау алаңдарын құру тапсырмасы 94 бірлік, орындалуы 18 бірлік немесе 19,1 пайыз. Аудандағы мал бордақылау алаңдары саны 279 бірлікті құраған.

21. Шағын жанұялық сүт фермаларын ашу тапсырмасы 22 бірлік, орындалуы 8 бірлік немесе 36 пайыз.

22. Шағын отбасылық үш бірлік құс фермаларын салу жоспары қазіргі күнге орындалмаған. Дегенмен, жыл соңына дейін нақты үш жоба іске асырылатын болады. Олар Шұбар ауыл округінен ЖК «Муртазаев Ж», Бөржар ауыл округінен «Аққұс» ЖШС мен «Бөржар Құс» ЖШС

23. Түйе шаруашылықтарын дамыту бағытында 112 бас түйе алу тапсырмасы бойынша Жеңіс ауыл округінен «Береке-1» ШҚ 67 бас түйе сатып алған.

24. Ет өңдеу бір бірлік кәсіпорнын ашу тапсырмасы жыл қорытындысы мен орындалатын болады.

25. Экспорт әлеуетін арттыру бағытында 100 тонна қой етін экспортқа шығару тапсырмасы жыл қорытындысымен орындалатын болады.

Әбдісаттар ӘЛІП.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *