ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАЛАРЫНАН ШЕТ ҚАЛМАУДАМЫЗ

Қоғам
740 Views

«Дана халқымыз «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген. Қайырымдылық пен мейірімділік – қанымызғасіңген қасиет. Қазақта асар жасап, бір-біріне көмектесіп, қолдау көрсетудәстүрі бар. Оның волонтерлікпен үндесетіні сөзсіз. Сондықтан алдағы жылы солдәстүрді заманға сай қайта жаңғыртуымыз қажет», – дей келе Мемлекет басшысыҚасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2019 жылғы 26 тамыздағы Жарлығы негізінде 2020жылды «Еріктілер жылы» деп жарияланғанын бәріңіз жақсы білесіздер. Содан берібүкіл ел бойынша еріктілер жылына қызу дайындық басталып кетті. Арнайы жобаларжасалып, олардың жетекшілері тағайындалып, жұмыс істеу тәртібі бекітілді.

Жалпы, ерікті (волонтер) – латынның «voluntarius» сөзінен шыққан, адамның өз еркімен, өзінің есебі арқылы қоғамдық жұмыстарға белсенді араласушы деген сөз. Мұндай жандардың қоғамдағы орны да ерекше. Жұрт оларды ізгілікті, жанашырлықты парыз санағаны үшін ерекше құрметке бөлейді. Ал ерікті адамға нақ басып мынау деп сипаттама беру әсте қиын. Себебі ол кісілер бұл іспен тек жан қалауының болғанынан ғана айналысады. Бір сөзбен айтқанда, ерікті ұғымын адамгершіліктің көркем бейнесі деп түсіндіруге болады.

Мұқтаж адамдарға көмек қолын соза алатын кез келген адам волонтер бола алады. Волонтерлік қызметтің мақсаты бағытталған топ түрлі көмекке мұқтаж жандар болуы мүмкін: ауру жəне ауру балалар, нашақор немесе маскүнем ата-ана балалары, жастар, мүгедектер, зейнеткерлер жəне кедей адамдар, сонымен қатар ҮЕҰ, жануарлар, табиғат, тағы басқалар. Әртүрлі ауқымды, қоғамдық шараларға қол ұшын соза келген жандар да еріктілер қатарында.

Еріктілерге арналған ұйымдар мен жобалар да баршылық. Мысал келтірер болсақ, «Сабақтастық» жобасы аясында еріктілер балалар үйінің тәрбиеленушілерін өз қамқорлықтарына ала алады. «Саулық» бағыты бойынша медициналық волонтерлік дамиды, олар ауырған адамдарға жәрдем көрсетеді. «Таза әлем» жобасы қоршаған ортаны қорғауға бағытталған. «Асыл мұра» бағыты еріктілерді материалдық және рухани, мәдени-тарихи мұраларды сақтау жұмыстарына тартады. «Қамқор» бастамасы қарттар үйіндегі еріктілер жұмысын қамтамасыз етеді. «Білім» жобасы ауыл мектептеріндегі жоғары сынып оқушыларын ҰБТ-ға дайындау жұмыстарына, ағылшын тілін үйретіп, компьютерлік сауаттылықты жетілдіруге көмектеседі. «Үміт» жобасы бойынша еріктілер Екінші дүниежүзілік соғыстағы Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерейтойы аясында отандастарымыздың ерлігін баяндайтын құжаттарды іздестірумен айналысады.

Президент волонтерлік тек ұлттық масштабта ғана қалып қоймай әрбір қала мен ауылда дамыту керек екенін тапсырғандай, волонтерлік қозғалыс еліміздің түкпір түкпірінде, дерлік барлық мекемелер мен ұйымдарда қолға алынды.

Осы игілікті де ізгілікті шарадан Шымкент қаласы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты № 1 Пробациялық қызмет бөлімі де қапы қалмады. Шымкент қалалық № 1 ПҚБ-нің есебінде тұратын қоғамнан оқшауламай сотталған азаматтардың ішінде Еріктілермен бірлесіп зейнет жастағы сотталған азаматтардың көгалдандыру, үйлерін әктеп сырлау жұмыстары және аз қамтылған отбасыларына азық-түлікпен қамтылып, қысқы және көктемгі мезгілдерге арналған киім-кешектермен қамтамасыз етті. Еріктілердің ниеті мен көмегіне риза болған қариялар өздерінің алғысы мен жылы лебізін білдірді.

«Басқаға қуаныш сыйлай білген – ең бақытты жан» деген екен Дени Дидро. Ерікті болу дегеніміз – риясыз мейірімділік көрсету, жаңа дағдыларға үйреніп, адамдарға жақсылық жасау. Осы орайда пробациялық қызмет бөлімінің мұндай ізгілікті де игілікті іс-шараға атсалысып, қолдау көрсеткені үлгі боларлық әрекет деп санаймыз. Бұл бастама жыл бойы өз жалғасын тауып, мейлінше көп мұқтаж жандарға көмек қолын созу бақыты бұйырады деп үміттенеміз.

Дәурен ПОШАХАЕВ,

Шымкент қаласы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты № 1 Пробациялық қызмет бөлімінің инспекторы, әділет аға лейтенанты.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *