Қарашық ауылында (Түркістан облысы, Сауран ауданы) жер қойнауын заңсыз қазып, тас пен құм алғанжеке кәсіпкер туралы мәселе көтердік. Карерьдегі қазба жұмыстары бүтін бірелдімекенді ағын сусыз қалдырған. Құдықта сулар тартыла бастаған. Жайылымдықжер қалмаған. Қызды-қыздымен казу жұмыстары қарашықтардың үйінің іргесіне дейінкелген.
Ауылдағы ағайынның осы жанайқайын Экология, геология және табиғи ресустар министрі С.Брекешевпен биылғы жылдың ақпанында онлайн кездесу сәтінде құлағдар еткенбіз. Министрдің тоқпағымен сең қозғалғандай болған еді.
Алайда…
Редакцияның сұраныс хатына орай Түркістан облыстық Инвестиция және экспорт басқармасының макшейдері әлгі «Kazakh Construction Industsy» жеке компанияcына бақылау жүргізіп, нәтижесінде 32 мыңнан аса текше метр заңсыз тас пен құм өндіргенін анықтады. Компанияға жұмысты тоқтату жөнінде бұйрық та берді. Экология департаменті 80 миллион теңге айыппұл шығарды, бірақ, бұған қыңқ деген кәсіпкер жоқ! Ауыл іргесін тышқандай үңгіп әлі қазып жатыр.
Бұған не дерсіз? Не себепті кәсіпкер айылын жимайды, олар тиісті жергілікті мекеме басшыларымен ауыз жаласып алғандай ма? Брекешовтің тапсырмасы олар үшін бос сөз бе?
Ашуға булыққан халық жақында тағы көтерілді. Қарашықтағы жұрт осы мәселелерді жауапты тұлғаларға кезекті рет жеткізу үшін Түркістан облысы бойнша экология департаментіне жиналды. Ал, мекеме басшысы Қ.Қалмаханұлы аталған мәселе бойынша жер қойнауын қадағалау құзыреті былтырдан бері тоқталғанын, бар пәрмені тек айыппұл салуға ғана жететінін айтып, дәрменсіздік танытты. Алайда, департамент тарапынан «Kazakh Construction Industsy» мекемесі елдімекенге келтірілген шығынды растап, 80 млн. теңге көлемінде айыппұл салған. Қазір ацыппұлды өндіру жұмыстар жүргізілу үстінде.
Шағымданушылар болса халыққа қиянат жасаған ұйымға мұндай көлемдегі айыппұл аз деп отыр. Департамент басшысы бұл іспен қазіргі таңда құқық қорғау органдары айналысатынын айтты.
Мұнан соң, әкімдік алдына жиналған халықпен бірге Полиция департаментіне қарай аяңдадық. Олар өз кезегінде аталған мәселеге байланысты тексеру жүріп жатқанын жеткізді.
Сауран АПБ басшысының орынбасары полиция майоры Сапарғали Тұрмановтың айтуынша ҚР Қылмыстық кодекстінің 334 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Сиыр құйымшақтанған істің соңы немен бітері біздің назарда болмақ!