ҚАРАҚОЗЫ АНАСЫНЫҢ ҚАЗАСЫ

Руханият
928 Views

Менің ұзақ жылдар бедерінде ұстаздық қызмет атқарып, талай таланттышәкірттер тәрбиелеп шығарған әкем Арын Қосуақов – Кеңес Одағының БатырыҚарақозы Әбдәлиевтей асыл ағасының шынайы жоқтаушысы еді. Ағайын ағасықаһармандықпен қаза тапқан Украинаның Запорожье облысындағы Мелитополь қаласынаарнайы сапармен барып қайтқан. Сөйтіп, хас батырдың ерен ерлік дастаны жайлыкөзі тірі куәгерлердің өз аузынан естігендерін хатқа түсірген. Бұл жайлыреспубликаға танымал журналист Әбдісаттар Әліп былтыр «Қарақозы Әбдәлиев – 110»айдарымен «Қазығұрт қыранына құрмет» атты мақала жазған болатын. (Қараңыздар:республикалық қоғамдық-саяси, тарихи-танымдық «Әділет. Рухани жаңғыру» газеті, № 28-29 (35-36), 12 қазан 2018 жыл).

Әкей 1928 жылы қызыл әскерлердің бай-манаптар мен ишан-молдалардың орынсыз қудалануы; 1931-1932 жылдардағы қолдан ұйымдастырылған ашаршылықтың құрбандары; 1934-1935 жылдардағы орашолақ ұжымдастыру кезеңдері жайлы жалықпай айтып беруші еді. Біз оны ұйып тыңдайтынбыз. Өкінішке орай, ол кісінің ешқандай қоспасыз, боямасыз айтылған әңгімелерінің бірен-сараны ғана есте қалып, көбісі ұмытылып кеткен. Сондай есте қалған жайттардың бірі Қарақозы атамыздың анасы – Шыныкүлдің қайғылы қазасы жайлы сұмдық оқиға тұғын. Енді соны Сіздерге әкемнің атынан баяндап берейін.

– Қазығұрт өңіріндегі Талдыбұлақ ұжымдық шаруашылығы құрылғаннан кейін ауылда кооператив ашылады. Төлебай Құрымбаев бастаған үш-төрт арбакеш жігіттер күн шықпай ат-арбаларына бидай артып алып Шымкентке жол жүріп кететін. Кешке қарай ұн, шай, май, қант, сабын секілді күнделікті тұтынуға аса қажетті заттарды арбаларына тиеп алып, ауылға оралатын. Екі жігіт қиналып арбаға әрең артып түсіретін 50-60 келілік қаптарды Шыныкүл апамыз бір өзі арбаға оп-оңай артып, түсіре беруші еді. Ол апамыздың қолы қарулы болатын. Ал ерттегенде тартпаның тартуына шыдай алмаған аттар тыпыршып кететін.

Ұжымшардың басы артық қой-ешкісін бағу міндетін Шыныкүл апа өз мойнына алған. Ұсақ малды Талдыбұлақ ауылынан екі шақырымдай қашықтықтағы Қызсиген сайы мен Қаратас төбесінде жаз бойы бағып, алғашқы қар түскенде мал қораға әкеп қамайтын. Міне, сол қоңыр күздің салқыны түсіп, алғашқы жауын басталған кез. Бүгін-ертең қой-ешкіні ауылға түсіремін деп жүргенде жаңбырлы түні қойға үйірлі қасқыр шапқан. Шыныкүл апамыз қолына таяқ алып, қасқырларды қуып, дүрліккен қойларды үйірмек болып барынша жанталасып бағады. Апаның айқайы мен қолындағы таяғы құтырынған қасқырларға әсер етуші ме еді? Ол қою қараңғылықта, жаңбырлы түнекте, жанұшыра түз тағыларына айбат көрсете жүріп өзінің қара тастың ернеуіне таянғанын сезбей де қалған. Сондай бір қысылтаяң кезде Шыныкүл апаның аяғы тайғанақ су тастан тайып кетіп, биіктігі жиырма метрдей келетін биік жартастың түбіне ұшып кетіп, мерт болады.

Таң ата жаңбыр тоқтап, аспан шайдай ашылады. Оқыс оқиға орын алған жерге жерге келген біз: Әлтай, Бөбей, үшеуміз сұмдықтың куәгері болдық. Қасқырлар тартып, әр жерде теңкиіп-теңкиіп жатқан жүзшақты қой. Ал апамызды іздеп құз түбінен мерт болып жатқан жерінен бір-ақ таптық. Жабылып жүріп апаның денесін құздан әзер шығарып алдық. Ауыл тұрғындарымен бірге жерлеу рәсімін өткіздік. Сөйтіп, оқыс оқиға орын алған жерден онша қашық емес мазаратқа апамызды қара жердің қойнына тапсырдық.

Ақын да, батыр да, ғалым да, дана да анадан туады. Осындай жүрегінің түгі бар асыл анадан туылған Қарақозы кішкентай кезінен ауыл жастарының көшбасшысы болатын. Сұрапыл соғыста да алдыңғы шепте жүрген. Сөйтіп, ерен ерліктің жарқын үлгісін көрсете білген. Ақыр аяғында қазақтың батыл жігіті батыр атанған. Біз батыр ағамыздың есімін қашанда мерей-мақтаныш тұтамыз! – деп өзінің әңгімесін аяқтаған болатын әкем жарықтық.

Әбілқайыр ҚОСУАҚОВ,

теолог ғалым.

Шымкент қаласы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *