ҚАҺАРМАНДАРЫН ҰЛЫҚТАУ – ҰРПАҚТЫҢ ҚАСИЕТТІ БОРЫШЫ

Рухани жаңғыру
1 349 Views

Өз тәуелсіздігіне қол жеткізген барлық мемлекеттер халқының азаттығы мен бостандығы жолында қан мен тер төккен, бірақ, ұзақ жылдар орталық саясат есімдерін атауға тыйым салған ерлерінің тағдыры, жасаған ерлігі туралы арнайы шешім қабылдап, олардың лайықтыларын, тіпті, Ұлттық батыр деңгейіне көтеруге әрекет жасайды. Бұл – ұлттық сананың, патриоттық сезімнің, жасампаз үлгінің өрістеуіне кең жол ашатын маңызды міндет. Осының өзі тарихи ақиқат пен әділдікті қалпына келтіру болып саналады. Сондықтан, тарих сахнасына қайта көтерілген жас мемлекеттер ұлттық азаттық пен тәуелсіздік жолында күрескен ерлерін дәріптеуді өздерінің борышы мен міндеті санайды.

 

Құрметті оқырман!

Бұрынғы Түркістан өлкесінде (Қазақстанның қазіргі Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстары) туып-өскен ХVІІІ ғасыр мен ХХ ғасырдың басына дейін ғұмыр кешіп, еліне қызмет еткен айтулы тұлғалар өмірін «Қазақтану» ғылыми-зерттеу орталығы зерделеуді қолға алып отыр. Орталық қазақ тарихында із қалдырған хан, сұлтан, би, батырлар, датқалар, болыстар, шешендер мен сөз зергерлері, Кеңес өкіметі тұсында ерен еңбегімен танылған ұжымдастыру мен индустрияландыруда өздерінің қымбат өмірін елі үшін қиған ата-әжелеріміз, сұрапыл соғыс майданда етігімен су кешкен боздақтар туралы мұрағат материалдары мен халық ішінен мұраларды жинақтап, оны республикалық «Әділет. Рухани жаңғыру» газетінде үзбей жариялап отыруды мақсатты іс санап отырмыз.

Құнды материалдар іріктеліп, жүйелі түрде «Түркістан өлкесінің тарихы» көптомдықтар сериясымен шығып отыратын Халықаралық деңгейдегі кітапта жарық көреді. Сонымен қатар Түркістан өлкесіндегі қасиетті жерлер, тарихи ескерткіштер, оларға қатысты аңыз-әпсаналар, мешіт-медреселер, Алла қасиет берген әулие-сәуегей жандар да зерттеу нысанынан тыс қалмайды. Сондықтан осы тізімдегі азаматтардың туған-туыстары, немере-шөбере, перзенттері және олар туралы мәлімет беретін тағы басқа да азаматтар болса біздің орталыққа хабарлаcуларыңызды сұраймыз. Ата-бабалардың шынайы өмірін ашатын нақты құжаттар мен маңызды мәліметтерді жеткізсеңіздер (көшірмесін болса да) нұр үстіне нұр болар еді. Кезінде олар халқына өлшеусіз қызмет етті. Бірақ олардың еңбегін жалпы жұртшылыққа жарқыратып көрсете алмады. Сол кемшіліктің орнын толтыру – бүгінгі ұрпаққа міндетті парыз. Бұл игілікті іске атсалысып, Рухани жаңғыруға өз үлесіңізді қосыңыз. Бұл – Сіздердің ата-бабаларға қойған мәңгілік ескерткіштеріңіз. Тізімдегі азаматтардың аты-жөндері мұрағат құжаттары мен жазбаларда қалай жазылса, солай беріліп отыр. Аттас есімдердің көп екенін және тұлғалардың кімдердің аталары болатынын ұрпақтары анық аңғару үшін олардың кейбірін қай рудан шыққанын көрсетуге тура келді. Әрине, біз өз анықтағандарымызды ғана. Тізімде аты аталмаған, біз білмейтін тұлғалардың көп екенін де білеміз. Оларды таныту – Сіздердің еншілеріңізде. Сондай ардақты жандар туралы мәлімет білсеңіздер, бізді хабардар етіп, материалдарды орталыққа жеткізсеңіздер. Біздің қолымызда елге танымал болып, аты шыққан әзиз әже-аналарымыз жөнінде мәліметтер жұтаң. Олардың орнын толтыруға белсене атсалысыңыздар. Біз Сіздерді қазақ тарихының әлі де танылмаған көмескі беттерін ашуға үлес қосуға шақырамыз.

Қорыта айтқанда, орталық әр қазақстандықты ұлы ұлт идеясына атсалысуын шақыра отырып, ұлттық рухты көтеруді мұрат етеді.

Мұхитхан МИРАЗОВ.

 

БІЗДІҢ МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ:

«Ұлт Академиясы» қауымдастығы.

Шымкент қаласы, Қазиев көшесі,

№ 2 дарын мектебі.

Электронды пошта:

ULT-Akademiasi@mail.ru

 

«Қазақтану» ғылыми-зерттеу орталығы.

Түркістан облысы,

Төлеби ауданы, Ленгір қаласы.

№1 шағынаудан.

«Тау жұлдызы» автовокзалы,

екінші қабат.

Ұялы телефондар:

8 775 621 72 58, 8 747 384 07 77

Электронды пошта:

aberali@mail.ru

 

«Әділет. Рухани жаңғыру»

газетінің редакциясы.

Шымкент қаласы, Ш.Уəлиханов көшесі, 227-үй.

Байланыс үшін тел:

8 (7252) 57-65-79,

8 702 127 91 30, 8 702 504 67 90.

Электронды пошта:

zhangyru@mail.ru

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *