Құттыбай ЖҮСІПБЕКОВ: «ЗЕРТТЕУСІЗ ЖОБА ДҰРЫС БОЛМАЙДЫ»

Сұхбат
892 Views

Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс.

Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:

Рухани жаңғыру» мақаласынан.

Жол – маңызды сала. Біз күн сайын жосылған жолдарғатүсіп, көсілген көлікпен жүйткіп бара жатамыз. Сол бір дала тамырында қаншажұмыскердің тері төгіліп, қара жолға сіңген қаншама қолдың ыстық табының беткеұрып жататынын білеміз бе? «Жолаушының ақысы жүрсе бітеді», – деп, әрине, мұндай терең сырға бойлай бермесіміз анық.

Жолшылар қақаған қыста да, қаталаған ыстықта да дамылтаппайды. Осындай тынымсыз еңбекке, міндетіне берілген маманның бірі – Құттыбай Оразұлы Жүсіпбеков. Жол саласында табан аудармай, үзіліссіз 46 жыл қызмет еткен Құттыбай Жүсіпбековтің есімі бүгінде қатары сиреп қалған әріптестері арасында бойтұмардай қадірленеді. Еңбегі ерен жолшының өмір жолы әріптестеріне үлгі,өнеге деуге әбден лайық. Осы орайда, жол саласына үлкен үлесі тиген «ҚРҚұрметті жолшысы», «Еңбек ардагері», зейнеткер Құттыбай Оразұлымен арнайы сұхбат өрбіткен едік.

– Құттыбай Оразұлы, біздің сұхбатымызға қатысуға келіскеніңіз үшін рақмет! Оқырмандарымызға өзіңіз туралы қысқаша айтып өтсеңіз.

– Мен 1944 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы (қазіргі Түркістан облысы), Келесауданында, Абай елді мекені, Шеңгелді колхозында дүниеге келгенмін. Әкем солколхозда төраға болған. Соғыс басталғанда соғысқа жіберуін сұранады. Алайда, олкісіге төраға ретінде фронтқа мақта, бидай өсіріңіз деп жібермей бронь беріп қалдырған. 1942 жылы 30-40 шақырым жердегі орталыққа барғанда ол кісіге «Сізорысша жақсы біледі екенсіз. Сарыағаш Қызылту станциясында қазір эшелон дайынтұр соғысқа алып кететін болады. Отбасыңызға өзіміз хабар береміз» деп бірденайтқан. Содан соғысқа аттанып кете барған. Хабаршылардан естіп, анам өгізарбамен шығарып салуға үлгерем дегенше, эшелон кетіп қалған. Анам үйге көрісеалмай қалғанына өкініп, жыларман күйде келеді. Содан бір айдан кейін әкемненхат алады. Хаттағы жазбада соғысқа шақырылған жігіттер, яғни өзбек, қазақкісілердің көбі орыс тілін жетік білмейтін көрінеді. Сталиннің бұйрығы бойыншаоларды шахтаға жіберген. Магнитогорск металлург комбинатында оқ-дәрі жәшікпенартылады. Әкемді сонда басшының орынбасары етіп жібергені туралы баяндалады.Бір жыл өткен соң әкем ауылға еңбек демалысына келеді. Қыс қатты болғандықтанбірге барған жігіттердің көбісі суық өтіп, үсік алып дүниеден озған екен. Әкемнің айтуы бойынша соғыста фронттан эшелон келеді. Соның ішінде картоптыңқабығын жуып, пісіріп берген екен. Ет, тамақ деген атымен жоқ. Ол кісіге әраймаққа барып, жылы киім-кешек, тамақ алып жіберуін тапсырған. Тапсырмабарысымен 2-3 ай ауылда болған. Барлық ауыл-аймақтарды аралап, ас-ауқат,киім-кешектерді жинап алып поштамен жібереді. Арнайы іспен жүргенде Сталинніңбұйрығы шығады. Бұйрық мәтінінде жаппай барлық 50 жасқа дейінгі ер кісілерешқандай бронь не басқа да себептерге қарамай соғысқа жіберілсін делінген.Сонымен әкеме «Қызыл ту» станциясына барасың деп аяқасты айтылып, анам тағы дашығарып сала алмай қалған. Воронеж қаласындағы фронтта дайындықтан өткен.Айтайын дегенім мен сол кезде ауылдағы анамның құрсағында қалған екенмін. Содан1944 жылы дүниеге келдік. Балалық шағымыз еліміздегі сол ауыр да, өтпелікезеңдерге тұспа-тұс келді.

– «Жол салғанның сауабы мол» дейді дініміз. Лайым, солай болғай. Осы жол саласы мамандығын игеруді мақсат тұттыңыз ба, әлде кездейсоқ келдіңіз бе?

– Иә, рақмет! Жаңа айтып өткенімдей, әкем соғысқа аттанған тұста анам кедір-бұдыр жолдың әсерінен кешігіп, шығарып салуға үлгере алмай қала берген. Анам бала кезімнен «жолдың жоқтығының кесірінен мен сендердің әкелеріңді шығарып сала алмадым» деп әрдайым өкінішпен айтып отыратын. Сол сөзі құлағымда қалып, санамнан ойып тұрып орын алған болуы керек мен жол саласына бет алуды мақсат тұттым. Сол мақсат-мұраттың жетегімен 1963 жылы орта мектепті тәмамдаған соң арайлы Алматыға жол тарттым. Алғашында-ақ менде политехникалық институтқа оқуға түсемін деген ой болған. Содан политехникалық институттың алдына келсем үлкен жарнама жазылған плакат тұр екен. Ондағы «Біз сіздерді республикадан тыс жоғары оқу орнына түсуге шақырамыз!» деген жарнаманы көзім шалды. Қарасам емтихан 20 шілдеден басталады делінген. Жергілікті жоғары оқу орындарында 1 тамыздан басталатын еді. Сонымен маған осы оқу орнына барып, бағымды сынап көрейін деген ой келді. Емтихан қорытындысы бойынша жоғары баға алып, ойда-жоқта оқуға түсіп кеттім. Саратов политехникалық институтына нақтырақ жол факультетінің «автомобиль жолдары» мамандығына оқуға түстім. Оқу орнын 1968 жылы бітіріп шықтым. Сол жылдан бастап, зейнеткерлік жасыма дейін, одан кейін де осы жол саласында еңбек еттім. Еңбек жолым “Каздорпроект” мемлекеттік бас жобалау институтының (Ақтөбе қ.) Батыс Қазақстан филиалында инженер қызметінен бастау алды. 1969 жылы ақпан айында “Каздорпроект” ГПИ Шымкент филиалына ауыстырылып, онда 28 жыл – инженер, аға инженер, іздестіру жасағы мен Партиясының бастығы, жол тобы жобасының басшысы, көпір бөлімі жобаларының бас инженері, филиалдың бас инженері лауазымды, жауапты қызметтерін атқардым. Осы кезеңде автомобиль жолдарын іздестіру жұмыстарына қатысып, жетекшілік те жасадым.

Сайрам-Қарамұрт; Бадам-Ермоловка; Шардара-“Юбилейный” совхозы; Көксарай-Аққала-Байырқұм-Сүткент; Ленгер-Текесу-Фоголевка”; “Мойынқұм құмдарыарқылы Созақ-Жуантөбе; Шолаққорған-Құмкент құмдары, Жамбыл облысы; Леонтьевка –Байжансай; Келес өзені арқылы өтетін көпір өткелдері (жоба авторы) (13 өткел);Құркелес (2); Арыс (4); Ақсу (3), Сырдария (2 өткел, іздестіру) және басқаөзендерде барлығы 200-ге жуық өткел бар. Сондай-ақ, облыс шекарасында “Шымкент-Ташкент”, “Қызылорда-Шымкент” автомобиль жолдарын салу кезіндекөпірлер, көлік жолдары, автомобиль және темір жолдар арқылы өтетін жолөтпелері, ауыл шаруашылығы техникасына арналған өткелдер жобаларының авторыболдым. Сондай-ақ, менің қатысуыммен Атырау және Жамбыл облыстарында көптегенкөпірлер салынды.

Алты жылға жуық уақыт ерте көктемнен кеш күзге дейін, кейде қыста зерттеу жұмыстарында болатынбыз. Ол кездері тас жол жаңа жерден салынды, яғни ми дала, шөгінділер, құмдар, батпақтар, тоғайлар, қамыс пен бұталарды қақ жарып салынғанеді.

1996 жылғы ақпанда республиканың Автомобиль жолдары министрінің бұйрығымен жаңадан құрылған “Шымкентавтодор” қазыналық кәсіпорнының бас инженері лауазымына ауыстырылдым.

1997 жылы наурыз айында үш облысқа (ОҚО, Қызылорда, Жамбыл) сапаны бақылау бойынша облысаралық өңірлік жол зертханасының бастығы лауазымына тағайындалдым.

1999 жылдың ақпан айында қайта аталған РМҚК “Қазавтожол” зертханасының бастығы, 2001 жылдың қаңтарында сапаны бақылау және зертхана бөлімінің бастығы,2006 жылғы қаңтарда пайдалану және орындалған жұмыстарды қабылдау бөлімініңбастығы, 2008 жылдың сәуірінен 2010 жылдың желтоқсанына дейін – жол қозғалысын пайдалану және қауіпсіздік бөлімінің бастығы лауазымдарында абыройлы қызметтератқардым.

Менің сол аралықтағы негізгі талап бойынша атқарған жұмыстарым – жолдар мен көпірлерді салу, жөндеу кезінде орындалған жұмыстардың сапасын бақылау және қабылдау, “Қызыләскер-Киров” республикалық маңызы бар автожолын әзірлеу, іздестіру және салу үшін жобалау. Оның құрылысы кезінде оның сапасын бақылау еді. Біздің оңтүстіктегі үш аудан Сырдария өзенінің арғы бетінде болғандықтан, оларға өту үшін халық Өзбекстан мемлекетінің шекарасы арқылы қатынайтын. Өзбекстан өз шекарасын бекіткен соң тұрғындарға қатынау қиынға соқты. Содан арнайы министрлікке, үкіметке әкімнің өзі қол қойып сұраныс хат жібердік. Рұқсат беріліп, көпір салынды. Сонымен мұнда орындалған жұмыстарды қабылдау тобының бастығы болдым. Құрылыс мерзімін қысқарту мақсатында жол трассасының бағытын айналып өту жолына ауыстырдым. Бұл республикалық маңызы бар көпір құрылысының алғашқылардың бірі болып қазығын өзім қақтым десем асыра айтқаным емес.

“Батыс Еуропа-Батыс Қытай” жалпы атауымен бірінші техникалық санаттағы халықаралық маңызы бар автомобиль жолдарының техникалық-экономикалық негіздемесін (ТЭН), Алматы-Тараз-Шымкент-Ташкент (Өзбекстан Республикасы), одан әрі Сарыағаш курортымен сегіз елді мекендерін жаңа бағытпен, “Самара-Шымкент”, Иқан ауылын айналып өтетін жолдарға әзірленген ТЭН, дайындалған жобалық-сметалық құжаттамаларды (ЖСҚ) тексеріп, тапсырыс берушіден қорытынды жасадым.

“Каздорпроект” АҚ (Алматы қ.) шақыруымен “Батыс Еуропа – Батыс Қытай” авто жолының құрылысының басталуына байланысты, 2011 жылдың қаңтар айында 37 км.-ге созылған “Шымкент қаласы айналма жолы” учаскесінде орындалған жұмыстарды қабылдау жөніндегі инженер қызметіне ауыстым. Онда инженерлік құрылыстар жүргізілді. 2014 жылдың 1 сәуірінен бастап инжинирингтік қызмет көрсету мерзімінің аяқталуына байланысты қызметімді тоқтаттым. Еңбегіме адалдығым мен қызметіме деген сүйіспеншілігімнің арқасында 1988 жылы Кеңес дәуірінде және 1994 жылы Тәуелсіз кезеңде екінші рет «Құрметті жолшы» атағы берілді. 1989 жылы «Еңбек ардагері» медальімен марапатталдым. Мұндай төсбелгімен еңбекте жоғары нәтижелерге қол жеткізгені, қызметі бойынша оң мінездемесі бар, өздеріне жүктелген міндеттерді адал және жауапты атқарғаны, бұл ретте бастама мен кәсібилік танытқаны, жас мамандар үшін тәлімгер болып табылатын, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес күнтізбелік есептеуде жалпы еңбек сіңірген жылдары 10 және одан көп болған автожол саласының қызметкерлері марапатталады. Сонымен қатар, К.Масимов, А.Мамин және Б.Сапарбаевтың алғыс хаттары мен наградаларын иелендім. Осы орайда айта кетерім, өз жұмысыңа беріліп қызмет жасап, үлкен және қажетті іске өз үлесіңді қосқаныңды түсіну – бұл зор қуаныш деп білемін.

– Елімізде асфальт төсейтін, жол жөндейтін компаниялар не себепті үнемі сынға ұшырайды? Неліктен олар мұны әрдайым тиімді ете бермейді?

– Өте орынды сауал. Мен қазіргі бүкіл жол саласының басты проблемасы –олардың жұмысының жоспарланған стратегиясының болмауы деп санаймын. Көптегенжекеше ұйымдар келесі жылы не істейтіндерін білмейді. Біз жұмыс істеген кездеқыста көпірлер жасадық, ал көктемде асфальттың қайда және қалай төселетінін білетін едік. Бүгінгі жол салушылар перспективасыз, тыңғылықты анықтап,тексерусіз жұмыс істейді, бірақ бұл мүмкін емес. Зерттеусіз ешқандай жоба дұрысболмайды. Сапасы сын көтермейтін жолдардың салынып, төселуінің бастысебептерінің бірі – сол. Жолдың сапасы негізінен жоба жасаудан басталады. Жобасапасы жақсы болса, жолдың сапасы да жақсы болады. Соңғы кезде жобалауды топокартамен ғана шығара салатын болған. Ал біз кезінде әрбір қашықтықты өлшепжасаушы едік. Қазір әр бұрышын алып ғарыштан аэротүсірілім жасай салады.Екіншіден, сапа материалға байланысты болады. Жол қандай материалдантұратындығы жол құрылысында маңызды рөл атқарады. Біздің облысымыз жалпыматериалға бай, бірақ жол құрылысына қатысты сапасы жақсы материалдар азшығады. Барлығын тексеріп келгенде сапасы жақсы жергілікті цемент зауыты барболды. Қазіргі таңда бетонды жолдар салынуда, сол бетондық жұмыстарға керек.Тағы бір қажет материал ол – қиыршық тастар. Бұрын Алматыдан әкелінетін.Кейіннен ұзақтау болғандықтан, облыстың әр аймағындағы тастарды тексеріп,сапасы жақсы тас Ақсу өзенінің бойынан табылды. Сол жерден тастар арнайытасылып, өзіміздің базада қиыршық етіп өндірілді. Цементті бетонды салғандаауаның температурасы +25 градус болуы қажет. Ал біздің аймақта көлеңкеніңөзінде +40-45 градусқа дейін ыстық болады. Көбінесе жол құрылысы түндежүргізілді. Өйткені, оны салғанда күтім қажет етіледі. Яғни, үстіне пленкажауып, су беріп, күтпесе бетон бірден жарылып кетеді. Әсіресе 3 күнге дейінкүні-түні суару керек. Бетон 3 күнде 50-70 пайыз, ал 28 күнде 100 пайызберіктік алады. Одан кейін бізде топырақтың сапасы нашар. 1 куб қатты дене алуүшін 1,5 куб топырақ әкелініп, тапталып, тығыздалады. Сапасына тағы бір әсерететін жайт – судың тапшылығы. Біздегі ауа температурасында техника жолдың бірбасынан екінші басына жетем дегенше су кеуіп кететін жағдайлар жиі кезігеді.Біздің еліміздегі жол құрылысына байланысты тағы бір кемшілік ол – қалыптасқаннорма бойынша кез келген жол орташа жөндеуден 2-3 жылда бір өтуі, күрделіжөндеу 7-8 жылда, егер асфальтті-бетон болса, 16 жылда қайтадан жаңартып, салынуы қажет. Ал ол қаржының қаралмауына байланысты кейінге шегеріліп қалыпотырады. Сондықтан төселген жолдың сапасы да нашарлай түседі.

Айтайын дегенім, осы жағдайдың бәрі жолдың сапасына өз әсерін тигізеді. Сонымен қатар, мамандар да өз қызметін жақсы білуі, саласының шебері және өз ісіне аса жауапты қарауы қажет. Ең бастысы – жол желісін дамытудың және осы салада табысқа жетудің басты рецепті – бұл өз ісіңе толықтай берілу деп санаймын. Мен әрқашан осылай өмір сүрдім, солай өмір сүремін.

–Қазақстандағы қазіргі таңдағы автомобиль жолдарын жобалау және салу, яғни еліміздегі жолдардың жай-күйіне қатысты Сіздің ойыңыз қандай?

– Егер құрылыс туралы айтатын болсақ, нақтырақ автомобиль жолдарының, яғни құрылыс фактісі туралы, онда біз, әрине, көп жағдайда дамыған елдерге жол береміз және артта қаламыз. Ең алдымен, өндірісті ұйымдастыруда жол-құрылыс жұмыстарының сапасы және қазіргі таңда бірқатар себептер бойынша: бұл жұмысшыларды, орта персоналды, инженерлік-техникалық мамандарды даярлау саласына да қатысты, сонымен қатар, пайдаланылатын жол-құрылыс материалдары тұрғысынан да Еуропа елдеріне қарағанда төмендігі бар, әрине. Алайда, Ресей мемлекетіне қарағанда елімізде, әсіресе Оңтүстік Қазақстанда жол құрылысының сапасы жақсырақ. Сондықтан, Қазақстан жолдары өте төмен деңгейде деп айта алмаймын.

– Елімізде жол саласы мамандарының жетіспеушілігі көзге ұрып тұратыны айқын. Сіз үшін осы кадр тапшылығын болдырмаудың жолы қайсы?

– Мен жол саласындағы қызметті бастағанымда көп мамандар Ресей аймақтарынанкелетін. Себебі, онда білікті мамандар даярлау жұмыстары қолға алынған. Біздіңелімізде кадр тапшылығын болдырмаудың, оның алдын алудың негізгі жолы – жолсаласын жетік меңгерте алатын, білім сапасы мықты оқу орындарының ашылуынқамтамасыз ету. Сонымен қатар, оған жастардың үйренуге, меңгеруге деген ынта-жігері және жауапкершілікті сезінуге қабілетті болуы қажет. Сонда ғанамұндай мәселеден арылатын боламыз.

– Сіздің еңбекеткен жылдардағы жол жөндеу құрылысының жүргізілу барысы қазіргі кезбен салыстыруға келе ме? Жол сапасын арттыру мақсатында аянбай қызмет жасап жүрген ізбасарларыңызға айтарыңыз.

– Әрине, салыстыруға келмейді. Себебі, еліміз жыл сайын дамып, арнайытехникалар да артып келеді. Бұл ең алдымен жұмыстың жүргізілу барысынбұрынғыдан жеңілдете түсетіні анық. Біз кезінде жөндеу деп аталғанмен кейдешақырымдаған жолдарды жаңалап салатынбыз. Ол кезде дәл бүгінгі күнгідей бесқаруы сай техника жоқ, қолмен атқарылатын ауыр жұмыс көп еді. Ал бұрынғы менқазіргі жол саласы жұмыстарындағы ортақ маңызды міндет – жол желісін одан әрі дамыту. Бұл ең құнды және ең бастысы.

Осы міндетті арқалаған және ерекше мән беретін менің ізбасарларым: «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Шымкентқаласы бойынша филиалын және Түркістан облысы филиалын басқаратын МұхтарДүйсембеков пен Мұхит Ахметовке, сол кісілердің басқарып отырған ұжымына, басқада бірге қызмет жасаған әріптестеріме ырзашылығымды білдіргім келеді. Әрбір мерекеде ұмытпай, хабарласып, сый-сияпатын жолдап тұрады. Қиын да болса,қадірлі еңбектеріңіздің жемісі тәтті, бейнеті рәтті болсын! Дендеріне саулық,отбасыларына амандық тілеймін!

– Ашық, сырлы сұхбатыңызға рақмет!

Сұхбаттасқан

Әділ ҚЫРАН

P.S. Құттыбай Оразұлы өзінің берік ұстанған адамдыққағида­ларымен де айналасына сыйлы. Еңбекке деген сүйіспеншілік жәнежауапкершіліктің жоғары деңгейі оның басты ерекшелігі болып табылады. Жақсыкөрген, жетік меңгерген мамандығының қыр-сырын кейінгілерге үйретіп, олардыжақсы маман болуға әрдайым баулып жүреді. Сондай шәкірттерінің бірі жолсаласының майталманы атанып, абырой иеленсе, енді бірі үйренуші­ден мекеме басшысына дейінгі сатыдан өтті. Балаларының бәрі жоғары білім алды. Ең бастысыжол танабында қолының табы қалды. Оны бүгінгі ұрпақ сезінуі тиіс.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *