Бүгін айдын көлі шалқыған Шардара. Ал кеше…
Шағалалы Шардараның іргесі қаланғанына жарты ғасырдан асауақыт өтті. Тұп-тура елу жеті жыл бұрын маң далалы бұл жерде қызу тіршілік,қауырт құрылыстар басталған еді. Жаңа қаланы тұрғызуға жан-жақтан «алға, комсомол!» деп ұрандаған жастар легі ағылып келіп жатты. Құттыбай ол шақтабойында тау қопарардай күші асып-тасып тұрған, жиырма бестегі жалындаған жігіт.Келді де, қу тақырда қала соғуға көз жұмып кірісті де кетті.
1958 жыл. Қызылқұм өңіріндегі мыңдаған гектар шөлейт алқаптарды игеріп,суландыру арқылы ел қоныстандыру үшін сол жылы «Шардара құрылыс» басқармасықұрылды. Мұнан соң іле-шала «Қызылқұмсовхозстрой» тресі, құрылыс материалдаркомбинаты, Су электр станциясы, Астық қабылдау мекемесі секілді ірікәсіпорындар мен мекемелер бой түзей бастады. Құттыбай бастапқыда техникумбітіріп, ауылда механизатор болып трактор айдап жүрген. Күн сайын көкжиегікеңіп келе жатқан Шардараның келешегіне көз тастап, ойлана келе институт оқуғабел байлады. Содан 1964-1969 жылдары Шымкенттегі қазақ химия-технологияинститутының азаматтық өндірістік құрылыс факультетінде оқып, инженер-құрылысшымамандығын алады. Дипломын төс қалтасына басқан жас құрылысшы шабыттанаШардараға тартты. Ол кезде шаруа шаш-етектен еді. Құрылыс нысандарының басында,қашан көрсең қарқынды еңбек ететін жастар бригадасының алдында Құттыбай Серманизов жүретін.
Шардара бір күнде тұрғызылған жоқ, талай ұйқысыз түндер, үй бетін көрмеген күндер өтті. Ол кезде тәртіп қатаң-тұғын. Комиссия бекіткен күнге дейін еш ақаусыз құрылыс алаңын тақадай етіп салып бітіру керексің. Тапсырма солай. Талап та сол.
Біздің тақырыпқа арқау болып отырған бүгінгі кейіпкеріміз Құттыбай Сермаңызұлы бұл күнде сексеннің сеңгіріндегі ақ баталы ақсақал. Немере-шөберелері қаумалап келіп, атасының көпті көрген өмірінің ең маңызды тұстарын тәптіштеп сұрағыштайды. Бұларға атасының айтары көп, бір мектеп емес, бір көше емес, тұтас бір қаланы салу оңай ма, оны әңгімелеу де тұнып жатқан тарих.
– Қандай ғимарат салатын болсақ та, іргетасын құйып болған соң, арада бір жыл, кейде екі жыл күтетінбіз. Қара жерге әбден бекігенде ғана құрылыстың келесі кезеңіне өтеміз. Құрылыс материалдарының құрамы қатаң тексерілетін, барлық жұмыс мемлекеттік стандартқа сай жүретін, – дейді байырғы құрылысшы Құттыбай аға.
Шұғыла шашқан Шардараның қай көшесімен жүріп өтсе де, ол өзінің қолтаңбасы қалған биік тұрғын үйлер, кірпішін қалаған мекемелер, мынау стадион, анау мектеп, ет комбинаты, көкөніс қоймалары, әріректе тұрған жылыту бу қазандығы… осы күні колледжге айналған баяғы СПТУ… қайсыбірін санап тауысардайсыз, бәрі-бәрі халық игілігіне берілген кезінде, қазір қарасаң да «мен мұндалап» көзге жылы ұшырай кетеді. Қарсы алдынан шыға келетін, алақан табы қалған әрбір нысан кешегі күндерінен есті естелік.
Құттыбай жастайынан бел жазбай еңбек етті, «Қызылқұмсовхозстрой» тресінде құрылыс шеберінен бастап, аға инженер, бас инженер, құрылыс учаскесінің бастығы, трест директоры қызметіне дейінгі баспалдақтардың барлығынан өтті. Сонда оны осы қызметтерге дейін көтерген өзінің табандылығы, жұмысқа деген жауапкершілігі, бастаған ісін аяғына дейін жеткізетін тиянақтылығы, бір сөзбен айтсақ тынымсыз еңбекқорлығы еді.
Өмір – бұл тақтайдай теп-тегіс емес, кедір-бұдыры, ой-шұңқыры кезігетін кездер болады, Құтекеңнің де жолын кескен сәттер болды. Алайда, мұқалмады, ар алдында адалдығын көрсетті. Абырой биігінен көрінді. «Адамды жеңіске жетелейтін жол – еңбек». Жылдар бойы құрылыс саласында маңдай терін сарпып, білек сыбана күшін жұмсағаны өзінің мерейі шығар, зейнеткерлікке шығамын дегенше басшылық қызметте болды.
«Шарадарақұрылыс» құрылыс мекемесінің өндірістік техникалық бөлімінде аға инженер, одан участок бастығы, прораб, аға прораб болды. Өз ісіне мұқият, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары маманды елеген басшылық 1975-1978 жылдары Құтекеңді «Қызылқұмсовхозстрой» тресінің аға инженері етті. 1978-1981 жылдары ПМК-43 бастығы, одан 1981-83 жылдары аралығында осы «Қызылқұмсовхозстрой» жылжымалы механикаландырылған ұжым директоры қызметін атқарды. 1983 жылдан 1989 жылдарға дейін «Шардарақұрылыс» ПМК-43 басқармасының бастығы, 1989-1994 жылдар ішінде «Шымкентмелиорация» ПМК бастығы болды.
Құтекең бастық болдым деп креслода шалқиып отырған кісі емес, таңның атысы мен күннің батысында құрылыс басында жүретін. Еңбегі мен қызметін жан-жағындағы жұмысшы жұрт емес, бүкіл ел таныды. Бір терінің пұшпағын илеп, құрылыстың басы-қасында жүрген өзінің үзеңгілестері, әрі басшылық қызметте болған замандастары Өстемір Тілегенұлы, Әмірбек Ерубайұлы, Ақмұрат Әбубәкірұлы, Егемберді Дүйсенұлы талай жолда айнымас серік болды.
Құттыбай Сермаңызұлы 1940 жылы 20 мамырда Мақтарал ауданы, Өнімкер ауылында дүниеге келген. Әкесі Сермаңыз көп ағайынды. Бір атадан тараған бауырлардан бұл күндері өсіп-өнген отыз бес әулет таралып отыр. Аллаға шүкір, құт қонған шаңырақтың тамыры тереңде, қазақы тәлім-тәрбиені көрген Құттыбай ақсақал әңгімесін әріден жалғады.
– Әкем Сермаңыз, атамыздың аты Тілеу, Тілеудің әкесі Қаратай, одан соң Жалмырза, Ақшора болып атадан-атаға жалғасып кете береміз. Қазір Қаратай атамыздан тараған ұрпақтары отыз бес әулетті құрайды. Тұтас бір ауыл десек те болады. Ұрпақ тәрбиесі бесіктен басталады. Анамыз көргенді жан еді. Бір күні сабақтан келсем, әкем шешеме ренжіп, үйден қуып жіберіпті. Содан араға түсіп, анама болысқым келіп: – Көке, қойсаңызшы, – дедім. Сонда шешем бейшара мені тоқтатып айтқаны: – Құтжан, бұл кісі менің пірім ғой, мені ұстама жібер, ашуын бассын… Осы күнге дейін таңқаламын, әйел баласының өзінің шаңырағына, отағасына, бала-шағасына деген сезімі, сыйы не деген берік, қардай аппақ, адал болған!
Осындай қасиетті ананың сүтін емген, өнеге көрген құтты қоныстан өсіп-жетілген Құттыбай бұл күнде өзі де ұлын ұяға қондырып, қызын қияға ұзатып, келін түсіріп, шөберенің қолынан май жалап отырған ардақты ата. Бейсенкүл апай екеуі бес баланы тәрбиеледі, алайда бесеуін берген Алла Тағала екеуін өзіне қайтып алды. Жазмыштан озмыш жоқ, көз алдарында қарайып жүрген үшеуіне мың қата шүкір дейді. Осы күні үлкен ұлдары Талғат Шымкент қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Әл-Фараби ауданы бойынша бөлім басшысы, қыздары Ғалия Нұр-Сұлтан қаласында отбасымен тұрады, медицина ғылымдарының докторы. Кіші ұлдары Болат механизатор. Ұл-қыздары – әкелері Құттыбайдай ортаға сыйлы, әрқайсысы өмірде өз орнын тапқан беделді азаматтар.
* * *
Жалпы құрылысшы қай заманда болмасын құрметті мамандық. Небір аты аңызға айналған зәулім тарихи кесенелер, сынын да сапасын да жоғалтпаған архитектуралық сәулет ғимараттары, кірпіші кетілмеген ғажайып құрылыс нысандары ғасырдан ғасырға осы құрылысшылардың арқасында жеткен. Сел боп аққан жауын-шашын, қарадүрсін дауыл мен желдің екпіні, ыстық аптап күннің шарпуына төтеп беріп келе жатқан ғимараттар ең алдымен темір қалағын қолынан тастамаған құрыш қолды құрылысшының еңбегі. Еңбекті бағалау – зор бақыт. Олардың ел алдындағы еңбектері ескерусіз қалмақ емес.
Сонау толқыны тулаған Шардараның әрбір көшесіне жол салған, көшелерге көрік беріп тұрған көп қабатты үйлердің түп іргесін қалаған жан – Құттыбай Сермаңызұлы Қазақстанның құрметті құрылысшысы атағына әбден лайық. Кешегі аға буынның еселі еңбегіне тиісті бағасын беру, атына заты сай ілтипат көрсету бүгінгі біздердің парызымыз.
Меруерт МАҚАЖАН