1974 жылы Шымкент (қазіргі Түркістан) облысының Келес ауданындағы Сәкен Сейфуллин атындағы орта мек-тебін бітірген қыздарымыз бұдан төрт жыл бұрын зейнет-керлікке шығып үлгерген. Ендігі кезек жігіттерімізге де келді. Бүгінде Пайғамбар жасына жетіп, құрметті еңбек демалысына шыққан кешегі мұңдас, сырлас сыныптастарымызды зейнеткер деуге де қимайсың. Солардың бірі, оқу озаты, мақта терудің шебері, ұзақ уақыт бедерінде аудан-дық орталық ауруханада «жедел жәрдемнің» жүргізушісі ретінде халық денсаулығы жолында ақ желеңді абзал жан-дармен бірге күндіз-түні тынбай жұмыс істеген Қарсыбай Жанаев дер едік. Оның жан жары, көп жылдан бері Зиябек Рүстемов атындағы жалпы орта мектебінде ұстаздық қыз-мет атқарып, талай талантты да дарынды жастарға тәлім-тәрбие берген Дина ханым да алпыс жасқа толып қалыпты. Тату-тәтті отбасы Берік, Серік, Тұрсынай есімді ұл-қызда-рынан сүп-сүйкімді үш немере сүйіп отырған жағдайы бар. Қуаныш иелерін осы атаулы күндерімен шын жүрекпен құттықтап, оларға ұзақ та бақытты ғұмыр, дендеріне саулық, отбасыларына бақ, береке тілейміз!
Ізгі ниетпен, сыныптастары атынан:
Құттыбай, Бауыржан, Әбдісаттар және құда-құдағиы Нұркен – Қарлығаш.