«ҮЗДІК ТІГІНШІ – 2025» БАЙҚАУЫ

Қоғам
166 Views

Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты «Шымкент аграрлық-техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында «Үздік тігінші — 2025» байқауы өтті.
Мақсат — қыздарды халқымыздың имандылық, инабаттылық, өнерлі, іскерлік, тағы басқа ізгі қасиеттерге баулу болатын. Әр қыз баланы парасатты, жан-жақты білімді, өнерлі болуға, шығармашылыққа, әсемділікке, жаңа идеяларын ойлап табуға, сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу тұғын. Бұл байқау қыздарымызға эстетикалық тәрбие беруді көздейді. Қыздарға жан сұлулығымен қоса тән сұлулығы бірдей болғаны жарасады.
Байқайды ашып беру үшін алғашқы сөз колледж директорының оқу-әдістемелік істері жөніндегі орынбасары Рахманкулова Дилроба Рахманкуловаға берілді. Ол сайысқа түсіп, бағын сынаушы қыздарға сәттілік тіледі.
Сайысқа қатысқалы отырған топ белсенділері мен топ жетекшілері сахна төріне шақырылды:
Хожахметова Шахноза біздің білімді,
Меңгереді бар ілімді. Т24-11-12 топ жетекшісі: Гулнора Парпиева.
Имомрасулова Роза қыз елгезек,
Алады тез тіліңді. Т24-11-13 топ жетекшісі: Дилноза Бабатаева.
Хожиметова Мохира шықты үлбіреп ,
Қос жанары мөлдіреп. Т24-11-14 топ жетекшісі: Хурсанай Мирхаликова.
Артукметова Лайло шығады,
Бұрымдары желбіреп. Т24-11-15 топ жетекшісі: Асылзат Молдаәлі.
Пареншаева Комила қыз мақпалдай,
Ағарып таң атқандай. Т24-11-16 топ жетекшісі: Дилафруз Расулхожаева.
Махаметова Малика есімің сырлы ән секілді,
Жүректі тербетер гүл таң секілді. Т24-11-17 топ жетекшісі: Клара Саитханова.
Сұлтанқұлова Дана сенің есімің сырға толы
Жүрекке жылы тиер нұрға толы. Т24-11-18 топ жетекшісі: Дилноза Расулметова.
Сайыс кезеңдері:
«Өзін-өзі таныстыру” бөлімінде топ белсенділері өзін-өзі таныстырады.
”Шебер қолдар” бөлімінде әрбір топ өздері дайындаған киімдері жайлы баяндап шығады.
Қазылар алқасының құрамына колледж директорының оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары Дилроба Рахманкулова, әдіскер Хилола Корганбаева, орыс тілі пәні әдебиеті пәнінің оқытушы Дариға Бердалиева кірді.
Дефилье. «Қыздарға әсемдік жарасады» демекші, аруларымыз қазақ халқының ұлттық киімдерінен қазіргі заман талабына сай топтамасын көпшілік назарына ұсынды.
Байқау қорытындысы бойынша «Үздік тігінші – 2025», «Өнерлі қыз», «Дарынды қыз», «Білімді қыз», «Тапқыр қыз», тағы басқа аталымдар бойынша жүлдегерлер анықталып, оларға Мақтау қағаздары табыс етілді.

Д. РАСУЛМЕТОВА,
Шымкент аграрлық-техникалық колледжі арнайы пән оқытушысы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *