2019 жылдың 2 қыркүйегінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы менөркендеуінің негізі» деген тақырыппен халыққа жолдау жасағаны белгілі. Президент «Қазір бізге Тәуелсіздіктің жетістіктерін еселеп, елімізді дамудыңжаңа сапалы кезеңіне шығару мүмкіндігі беріліп отыр» деп қазіргі кезеңнің елсаясатында маңыздылығына баса назар аударды. Осы орайда еліміздің барлық өңіріжолдауда көрсетілген бағыттар бойынша бірқатар жұмыс атқарып, салалардыңөркендеуіне қол жеткізіп келеді. Біз де Түркістан облысы, сансыз бабтар мекеніСайрам ауданында Жолдауға қолдау болып отырған тындырымды тірліктермен қатарЕлбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы:Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» материалы аясында жүзеге асырылғанжұмыстар жайлы біліп қайттық. Назарларыңызға Сайрам ауданының әкімі ҰласбекСәдібекұлы СӘДІБЕКОВПЕН болған сұхбатты ұсынамыз.
– Ұласбек Сәдібекұлы, Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2019 жылдың 2 қыркүйегінде Қазақстан халқына арнап «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын жариялады. Өткен жылдың желтоқсан айынан бері Түркістан облысы Сайрам ауданының тізгінін өз қолыңызға алып отырсыз. Айтыңызшы, ауданда Мемлекет басшысының Жолдауындағы қай бағыттарға басымдық берілген? Оның орындалуы қалай жолға қойылған?
– Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауының ең бірінші әрі басты бағытында «Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог құру» туралы айтқан.
«Азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет» деп, біздің негізгі мақсатымызды айқындап берді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Сайрам ауданын апта сайын аралап, халықпен кездесіп, сұхбаттасып, ауылдағы тұрмыс-тіршілігімен танысуды, мәселесін өз аузынан естуді тұрақты түрде жолға қойғанбыз.
Соның нәтижесінде, аудандағы ауыз су тарту жұмыстарын 100 пайыз орындадық. Биыл Құтарыс ауыл округіндегі құдықтан су ішіп отырған Қызылжар елді мекеніне орталықтандырылған ауыз су жүйесі тартылды. Ал аудан тұрғындарының табиғи газ бойынша сұранысын қамтамасыз ету мақсатында Нұржақорған ауылында орналасқан №20 АГРС нысанын іске қосу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Биыл нысан іске қосылса, газ құбырлары жүргізілген 12 ауылды көгілдір отынмен қамти аламыз. Сонда ауданда табиғи газбен қамту деңгейі 74 пайызға жетпек.
«Сайрам ауданының Құрметті азаматы» Үміткүл Мұратбекова жыл басындағы есептік кездесуде «Ардагерлер үйінің» ғимараты жылға жуық уақыт күтімсіз қалғанын айтып, іші-сыртын күрделі жөндеуден өткізіп беруді сұранды. Есептік кездесуден кейін аталған нысанды көріп, зерделеу жұмыстарын жүргіздік. Түркістан облысының Сайрам ауданынан сайланған мәслихат депутаты Серікжан Сейітжановтың демеушілігімен шамамен тоғыз миллион теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. 9 мамыр күні «Ұлы Жеңістің 75 жылдығына» орай «Ардагерлер үйі» пайдалануға берілді.
«Ашықтық саясатын» басшылыққа ала отырып, әлеуметтік желілерде аудан әкімдігінің және барлық дербес бөлімдер мен ауылдық округтердің ресми парақшасын, WhatsApp қызметін және бірнеше Call-орталықты іске қосып, қазіргі таңда онлайн байланысты да жүйеге қойдық. Ал әкімдікке хат түрінде түскен сұрақтарға жергілікті «Elnur» телеарнасының Youtube каналы арқылы және Facebook әлеуметтік желісіндегі Сайрам ауданы әкімінің қоғамдық қабылдау парақшасы арқылы атқарылып жатқан жұмыстар туралы нақты жауап жарияланды.
– Биыл әлемнің түкпір-түкпіріне тараған коронавирус індеті Президент Жолдауын жүзеге асыруды қиындатпады ма?
– Ел ішінде бастапқыда «Мемлекет басшысының Жолдауындағы бес бағытты жүзеге асыруға дайынбыз ба?» деген ой болды. Бүкіл әлемді дүрліктірген COVID-2019 вирусы Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығына да қауіп төндірді. Дегенмен, біз аудан көлемінде індеттен сақтану, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастырып, қашықтан оқыту, онлайн қызмет көрсету бағытындағы тапсырманың барлығын игере алдық. Тіпті, төтенше жағдай кезінде азық-түлік базарлары да тапсырысты онлайн қабылдады. Мемлекет Басшысының айтқан «Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі» осындайдан бастау алса керек.
– Тақырыпқа оралсақ, әлеуметтік бағыттағы бастамалардың жүзеге асуы қалай жолға қойылған?
– Осы бағытта аталған ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес республикалық бюджеттен мұғалімдердің жалақысын 25 пайызға ұлғайту үшін 4,7 миллиард теңге бөлінді.
Спорт инфрақұрылымының балаларға барынша қолжетімді болуы үшін аудандағы үш жабық футбол стадиондарын орташа жөндеуге 101,2 миллион теңге қарастырылып отыр. Ал мәдениет қызметкерлерін қолдау мақсатында жалақысын көтеруге 59,6 миллион теңге бөлінді.
Жолдау – еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайына жан-жақты, терең талдау жасалып, халықтың әл-ауқатын арттырумен байланысты бірінші кезектегі мәселелерді шешуге бағытталғандықтан, әлеуметтік салада да көптеген өзгерістер орын алып, нәтижелі жұмыс жүргізілді.
«Қарқынды дамыған және инклюзивті экономика» бағыты бойынша «Қазақстан экономикасы жаһандық сипаттағы қиындықтарға қарамастан алға ілгерілеп» келе жатқанын Президентіміз атап өткен. Бұған дәлел ретінде Сайрам ауданында тамақ өнімдерінің 100 түрі, ал өнеркәсіп өнімдерінің 50-ден астам түрі өндіріледі. Өндірілген өнеркәсіп өнімінің 38 пайызы Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Әзірбайжан, Ресей, Қытай, Ауғанстан, Иран елдеріне экспортталады. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес ашылған кәсіпкерлік нысандардың барлығы шектеу шаралары аясында өз қызметін жалғастыруда.
Тамшылатып суару әдісімен жылына екі рет өнім алуды Сайрам ауданының шаруалары тиімді жолға қойған. Қазір бірінші маусым бойынша ауыл шаруашылық өнімдері еліміздің түкпір-түкпіріне жол тартуда. Атап айтсақ, «Эко Инвест» өнеркәсіптік жылыжайы биыл 10 гектар жерін іске қосып, қазіргі таңда Ресейге қызанақ-қияр экспорттауда.
Жолдаудағы бесінші бағыт – «Қуатты өңірлер – қуатты ел» деп аталған, яғни халық қызметшілерінің еңбегін халықтың өзі бағалайды. Біз қоғамдық институттарды дамыту бағытында бірқатар жобаларды қолға алғанбыз, мына індетті жеңіп, карантиндік режимнен шықсақ, ол жобаларды да іске қоса бастаймыз.
– Сайрам ауданында мүгедектердің құқығын қамтамасыз етуде аудан басшылығы қандай жұмыстар атқарып келеді?
– Сайрам ауданы бойынша бүгінгі таңда 9962 мүгедектер есепке алынған, оның ішінде І топтағы мүгедек – 674 адам, ІІ топтағы мүгедек – 3356 адам, ІІІ топтағы мүгедек – 4237 адам және 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар саны – 1517, ал 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар 178 адамды құрап отыр. Мемлекет тарапынан мүгедектікке байланысты мемлекеттік-әлеуметтік жәрдемақылар уақытылы және толығымен төленуде.
АҚТҚ инфекциясын жұқтырған 18 баланың отбасына ай сайынғы өтемақы ретінде 58056 теңгеден, яғни есепті мерзімде 4271,1 мың теңге қаржы жеке есеп шоттарына аударылды.
Сонымен қатар жергілікті бюджет есебінен 29 мүгедекке екі ымдау тілі мамандарының қызметі үшін 720 мың теңге, республикалық бюджеттен 1093 мың теңгеге «НысанА» облыстық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі қызмет ұсынса, 197 жүріп-тұруы қиын І топтағы мүгедектерге 153 жеке көмекшілер қызметі үшін 15310 мың теңгеге «Мейірім» Мүгедектер бірлестік қоры қызмет ұсынып отыр.
2020 жылдың ақпан айынан бастап аудан бойынша 816 мың теңгеге 18 мүгедектерге ЖК «Дауренбекова» әлеуметтік такси қызметін көрсетсе, 11 мүгедектерге инватакси қызметін 882 мың теңге «Мейірім» Мүгедектер бірлестік қоры қызметін көрсетті. Сонымен қатар 25 мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған күндізгі қатынау орталығына 1600 мың теңге жұмсалды.
Үйде оқытылып-тәрбиленетін мүмкіндігі шектеулі 232 балаларға оқу құралдарын сатып алу үшін аудандық бюджеттен 2274 мың теңге ата-аналарының жеке есеп шоттарына аударылды.
Міндетті гигиеналық заттарға 414 мұқтаж мүгедектерді қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджет есебінен 22550,3 мың теңге қаржыға 158540 дана жөргектер, республикалық бюджеттен 79 мүгедектерге 1340 мың теңгеге қосымша құралдар сатып алынып таратылды.
Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес, 37 мүгедекке 44 дана мүгедектік қоларба, 48 мүгедекке 117 дана тифлотехникалық құралдармен, 22 мүгедекке 29 қосымша құралдармен қамтамасыз етілді.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына қосу мақсатында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бастаған саяси сабақтастық жалғасатын болады деді. Осы бағытта «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» материалы және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуда Сайрам ауданында қандай шаралар жүзеге асуда?
– Өздеріңізге мәлім, Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты тұжырымдамасы қоғамда үлкен серпіліс туғызып, ел дамуының ұзақ мерзімді бағдарын айқындады. Елбасы бұл еңбегінде Қазақстанда әлеуметтік жаңартуды жүзеге асыруға жол ашатын жаңа әлеуметтік саясатты қалыптастыруды, баршаға Ортақ Еңбек Қоғамын құруды ұсынғаны белгілі.
Елбасы Н.Назарбаев: «Әрбір қазақстандықтың лайықты, адал және кәсіби еңбек етуі – Қазақстанның ұлы мақсаты, әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына кіруінің кепілі», – деген болатын. Ал, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жұмысшыларға уақытылы және лайықты жалақы төлеу – жұмыс берушінің басты міндеті. Өйткені, әрбір қызметкердің артында отбасы мүшелері тұр. Жұмыс беруші тарапынан жалақыны дер кезінде төлемеу еңбек дауларына ұласатыны анық. Сондықтан, бұл мәселе қашанда басты назарында.
Сайрам ауданында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының үшінші бағыты аясында 180 адамға әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін республикалық бюджеттен 55440 мың теңге қаржы нақтыланса, есепті айда жұмыссыз 200 азамат аталған жұмыс орындарына жолданып, олардың жалақыларына 16632 мың теңге көлемінде субсидия есебінен қаржы бөлінді.
Жастарды жұмысқа орналастыру бойынша 238590 мың теңгеге 500 түлекті «Жастар практикасымен» бос орындарға еңбекке тартылу ұйымдастырылған. Қазіргі таңда 287 жас түлекке аталған жоба бойынша 47974 мың теңгеге айлық жалақы төленді.
Ауылдық округтер аумағын көріктендіру және көгалдандыру үшін 346 жұмыссыз азаматты ақылы қоғамдық жұмыстарға тарту жоспарланып, жергілікті қазынадан 35069 мың теңге қаржы бөлінді. Қазір 210 азаматқа аталған жұмыс орындарындағы еңбегі үшін жалақысына жергілікті бюджет есебінен 26800 мың теңге аударылды.
Ағымдағы жылы бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін 150 азаматқа мемлекеттік гранттар беру және 230 азаматты «Бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда 30 азаматтың бизнес идеялары мақұлданып, оларға 16287 мың теңге мемлекеттік грант берілді. Сондай-ақ, бағдарлама аясында тоғыз азаматтың жеке кәсіпкерлігін қолдау үшін 34000 мың теңге көлемінде шағын несие берілді.
Осы тұста айта кетейін, ағымдағы жылы 5621 отбасына, яғни 33670 адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсету жоспарланып, оның 2431 отбасына (12943 адамға) сәуір айында әлеуметтік көмек тағайындалды.
Біздің негізгі ұстанымымыз да, мақсатымыз да әлеуметтік, этникалық топтар арасындағы келісімді нығайта отырып, елдің әлеуетін арттыру. Мақсатқа жету жолында әрқашан Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамалары мен Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халық қызметшілеріне қойған міндеттерін, өңір басшысы Өмірзақ Естайұлы Шөкеевтің нақты тапсырмаларын басшылыққа алып, Сайрам ауданының халқына қызмет етуді жалғастыра бермекпіз.
– Сұхбатыңызға рақмет!
Қуаныш БОТАБЕК.