ҰЛАҒАТЫ МЫҚТЫ ҰСТАЗ – ҰРПАҚҚА ҮЛГІ

Білім
1 049 Views

«Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы» демекші шәкірттерге бағыт-бағдар беріп, білім нәрімен сусындатып, бітім-болмысын қалыптастырыпжүрген өзіндік биік орны бар ұстаздар қауымының болашақ ұрпақтың білімі ментәрбиесіндегі үлесі айқын. Оқу-білім айдынында болашақ ұрпақтың таным деңгейінжетілдіретін де осы мұғалімдер. Ұстаздар мәртебесін, білім сапасын арттырумақсатында Шымкент қаласының әкімі Ерлан Қуанышұлы Айтахановтың қатысуыменТүркістан сарайында «Білім және ғылым» атты педагогикалық тамыз кеңесі болыпөтті.

Жиында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Жанбол Октябрұлы Жылбаев «2019-2020 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» баяндама жасады. Сонымен қатар Шымкент қаласы білім басқарма басшысының міндетін атқарушы Айгүл Қалыбайқызы Текебаеваның, «Білім – инновация» Халықаралық қорының президенті Дархан Ермаханұлының, Менеджмент университетінің бірінші проректоры, Білім даму институтының директоры Алмагүл Медихатқызы Қанағатованың, физика магистрі Әбутәліп Мүтәлінің, мектепке дейінгі балалар ұйымдары Қазақстандық қауымдастығының төрайымы Лейла Ескендірқызы Куленованың баяндамалары тыңдалды.

Мегаполис мэрі Ерлан Айтаханов ұстаздар қауымын жаңа оқу жылымен құттықтай отырып, білім саласындағы өткір де өзекті мәселелерді шешудің жолдарын талқылады.

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарынан бастап ұстаздарға шексіз қамқорлық көрсетіп, әрдайым білім саласын дамытуға барынша жағдай жасады. Елбасының сарабдал саясатын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев асқан ілтипатпен жалғастыруда. Бүгінде ұстаздар қауымына жүктелген жауапкершіліктің салмағы да аз емес. Әлемдік білім бәсекесінде топ жарып шығатын, қабілетті ұрпақ тәрбиелеу – ұстаздардың үлесіне тиген басты міндет. Ал биылғы жаңа оқу жылы мемлекеттік орта мектептер жан басына қаржыландыру жүйесіне өтуімен ерекшеленеді», – деген қала әкімі мұндай жүйенің білім беру ұйымдарында ашық бәсекелестікті қамтамасыз ететін де назарға алды.

Шымкент қаласында жалпы 253 мемлекеттік, 445 жекеменшік мектеп бар. Жаңа оқу жылында 294 мыңнан астам оқушы білім алады. Ал олардың арасында бірінші сыныпқа баратын балалар саны – 25 350. Шымкент қаласы білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айгүл Қалыбайқызы Текебаева Шымкенттің республикадағы үшінші ірі қала мәртебесін иеленуі білім саласының дамуына септігін тигізіп отырғанын, бұл үшін 77 млрд теңгеден астам қаржы бөлінгенін атап өтті.

ҚР Білім және ғылым министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының төрағасы Жамбыл Жылбаев жүйедегі өзгерістермен таныстырса, жаңаша білім беру жүйесінде еңбек етіп жүрген ұстаздар ұрпаққа білім берудің Z деп аталатын тың тәсілдері жайында әңгіме қозғады.

Ұстаздармен бас қосқан кеңесте қала басшысы Қ.Айтаханов ұрпақты рухани құндылықтарға жақындату мәселесін ортаға салып: «Жастарды «Шет елдің әнін тыңдамасын» деген секілді шектеулермен тәрбиелеп, нәтиже шығара алмаймыз. Одан да балабақшадан бастап мектеп қабырғасындағы оқушыларды ұлттық құндылықтарды негізге алып, тәрбиелейтін жүйелі жоба-жоспар жасайық. Бұған қоғам белсенділерін атсалысуға шақырамын», – деген ұсыныс айтты.

Басқосу барысында қала басшысы білім саласындағы өзекті мәселелерді шешуде жауапты шенеуніктерге бірқатар тапсырма берді. Үш ауысымды мектептердің санын азайтуға кәсіпкерлерді тартуды, оқулықпен толық қамту мәселесін айта келіп, қалаға қосылған елдімекендердегі білім ошақтарының шалғайлығын айтып, оқушыларды тасымалдауды ретке келтіруді тапсырды. Сондай-ақ жол қауіпсіздігі, балалардың бос уақытын тиімді пайдалану, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелерін саралай келіп, республикалық маңызы бар үшінші қалада білім саласын дамытудың үш жылдық тұжырымдамасын жасауды тиісті мамандарға тапсырды.

– Мектепті бизнес ошағына айналдыруды тоқтату қажет. Оқушы формасынан бастап, Алғыс хат алудың өзі пайдакүнемдікке айналып кеткен. Ұстазға – сатып алған алғыс қажет емес. Сананы өзгертейік, бүкіл қоғам болып күресейік. Ұсыныстар болса, бірге жұмыс істеуге дайынбыз, – деді Ерлан Қуанышұлы.

Тамыз кеңесі еңбегі еленген ұстаздарды арнайы Дипломдармен марапаттап, сыйлықтар үлестірумен жалғасын тапты.

Естеріңізге сала кетейік, мұғалімдердің тамыз конференциясы – жаңа оқу жылының басталуын және жаңа педагогикалық идеяларды талқылайтын ұстаздар қауымы үшін дәстүрлі оқиға.

А.СӘКЕНҚЫЗЫ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *