Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына арнағанөзінің алғашқы Жолдауында білім беру сапасын жақсарту мәселесіне жан-жақтытоқталғаны баршаға белгілі. Мұның өзі барлық ұстаздар қауымына үлкен міндеттер жүктейді.
Президент Жолдауында: «Біз оқушылардың қабілетін айқындап, кәсіби бағыт-бағдар беру саясатына көшуіміз қажет. Бұл саясат орта білім берудің ұлттық стандарттарының негізі болуы тиіс»,– дейді. Осы жерде мектеп мұғалімдеріне қандай міндет жүктелетіні айқын көрініп тұр.
Президент сонымен қатар мұғалімдер мен оқытушылардың әлеуметтік жағдайларын жақсартуға баса мән беру керектігін еске салады. Республикалық тамыз кеңесінде Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Еліміздің азаматтарын тәрбиелеу – педагогтардың және ата-аналардың міндеті. Лайықты азамат – бұл өз білімін Отанымыздың игілігі үшін жұмсайтын адам. Алдымызда тұрған құбылмалы заманда жастарымыз еңбекқор болмаса, ешқандай бәсекеге түсе алмайтынын терең түсінуі керек»,– деген болатын. Біздің еліміз қашанда сапалы адам капиталын бірінші орынға қойып, оған қажетті мүмкіндікті барынша қарастырып келеді. Себебі, білім – елдің елдігін сақтап, тәуелсіздігімізді тегеурінді ете түсетін алып күш. Адами капиталдың сапасын жақсарту ең алдымен білім беру жүйесінің рөлін арттыру мақсатында Президент кәсіби білім беру мен жастарымызды патриотизмге тәрбиелеу ісінде мұғалімдердің сана-сезімін жаңғыртуға аса ерекше мән берген. Сол себепті әрбір педагог өз ісінде белсенді, тәуелсіз болуы тиіс әрі оның шығармашылық ойлауды дамытуға бағытталған білім беру және тәрбие процестерін үйлестіре білгені жөн. Сонымен қатар Президент алдағы төрт жыл ішінде мұғалімдердің еңбекақысын екі есеге арттыруды тапсырды. Бұл 2020 жылдан бастап ұстаздардың жалақысы 25 пайызға өседі деген сөз», – деп Мемлекет басшысы бізді тағы да қуантып отыр.
Өскелең ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру жолында ұстаздарымыз заман талабына сай оқытудың, тәлім-тәрбие берудің әдістемелерін күннен-күнге жетілдіре түсуі тиіс. Сол сапалы білім арқасында біздің колледжіміздің студенттері республикалық, облыстық олимпиадаларда жеңімпаз атанып жүр.
Эльмира АХМЕТӘЛИЕВА,
Шымкент политехникалық колледж
жылуэнергетика пәндік бірлестік
комиссиясының оқытушысы.