ҰСТАЗ КЕЛБЕТІ – ҰЛТ КЕЛБЕТІ НЕМЕСЕ ЕҢБЕКТІҢ ЕСЕЛІ БАҚЫТЫ

Білім Қоғам
1 161 Views

«Ананы қалай ардақтасақ, ұрпақ тәрбиелейтін ұстазды да солай ардақтауға міндеттіміз», – деген екен Бауыржан Момышұлы. Ұстаз – қасиетті ұғым. Еліміздің ұрпағын ұстаз тәрбиелейді. Елдің басшысында, данасын да, ұшқышы мен егінші, тіпті ғалымын да ұстаз терең білім нәрімен сусындатып өсіреді. Осы бір ұлағатты сөздер бүкіл ғұмырын ұстаздыққа арнаған мейірбан да парасатты, ақылшы жан Дәмелі Қалмырзаеваға арналғандай.

Дәмелі апай ұзақ жылдарын, жалындаған жастық шағын мектепке, оқушыныңсапалы білім алуына жұмсады. Ол өзінің мамандығын мақтаныш еткені болмаса,титтей де өкінген емес. Бұл күнде сол бейнетінің зейнетін көрер жасқа да жетті.Дәмелі апай №66 «Қазығұрт» жалпы орта білім беретін мектепте география,биология және өзін-өзі тану пәнінен сабақ берді. Бір ерекшелігі балаларғаынты-шынтысымен ұғындыруды жаны сүйетін, сол еңбегі шығар ұжымда елеусіз қалғанемес. Әр жылдары облыстық, аудандық білім басқармасының алғыс хаттарына, мақтау қағаздарына бөленіп отырды.

Ұстаздың бір міндеті – бәсекеге қабілетті тұлғаны өсіру. Жас шыбық бойында бұғып жатқан қабілетін аша отырып, жүздеген балаға бағыт-бағдар беріп, келешек қоғамнан орнын табуына үлес қосты. Апайдың бұл күндері есімін елеулі, мақтанып айтар шәкірттері де көп. Сол жанкешті еңбегі үшін 2010– 2011 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясының Құрмет грамотасымен марапатталды. 2012-2013 жылдары облыстық, Шымкент қалалық білім және спорт қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің «Ұлағатты ұстаз» төсбелгісімен марапатталды. Балалардың құқығын қорғау мен біліміне, тәрбиесіне сіңірген ерен еңбегі үшін «Қазына» төсбелгісімен де марапатталған.

Дәмелі ұстаздың өлшеусіз еңбегін тізіп айтар болсақ, осылай марапаттармен жалғасып кете береді. Апай тек білім ұясында ғана емес, қара шаңырақтың да құт-берекесін келтіріп отырған аяулы ана, қадірлі жар, отбасына да сіңірген еңбегі еселі. Отағасы, жан жары Меделхан Асанханұлы Исаховпен жұптасып, төрт перзентті өнегемен тәрбиелеп, ұлын ұяға, қыздарын қияға қондырған үлгілі отбасы. Жұбайы Меделхан кәсіпкерлік саласында адал еңбектің адамы, отбасының асқар таудай әкесі. Осыншама жыл үйдегі баланы да, елдің баласын да тәрбиелеп келе жатқан педагог Дәмелі апай Қалмырзаева Сарықызы бұл күнде немерелерінің асыл әжесі. Қоғам үшін, еліміздің ертеңгі жарқын болашағы жолында аянбай еңбек еткен Дәмелі апай ендігі сәтте зейнетті демалысқа әбден лайықтысыз. Ғұмырыңыз ұзақ, баянды, отбасыңыз аман, асулардан бірге аса беріңіздер.

Әділ ҚЫРАН

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *