ӘБУНАСЫР ӘЛ — ФАРАБИ – ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНЫҢ ҰЛЫ ДАНАСЫ

Мерей Рухани жаңғыру
2 572 Views

Көне Отырардан шыққан ұлы ғұлама, дала данышпаны, адамзаттың «екінші ұстазы» атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің туғанына биыл 1150 жыл толды. Бұл – тарихымыздағы тағылымды белестің бірі. Жыл басында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт КемелұлыТоқаев айтулы датаны еліміз және әлемдік деңгейде атап өту жөнінде арнайышешімін шығарды. Бұл орайда Ұлы даланың ұлағатты ойшылдары Абай мен Әл-Фарабимерейтойларының тұспа-тұс келуін рухани сабақтастық деп бағалауымыз керек.

Орталық Азия, Қазақстан жəне бүкіл Шығыс халықтарының əлемдік ғылым мен мəдениет тарихында Фараб қаласының (қазіргі Отырар ауданы, Түркістан облысы) данышпантумасы, ұлы ойшыл, философ, ғалым-энциклопедист Әл-Фараби айрықша орынға ие. Əл-Фарабидің ғылыми қызығушылықтары таңғаларлықтай кең. Оның мұрасында математика, медицинабойынша еңбектері бар. Ол Алдыңғы Шығыс музыкасының теориясына, алхимия менмагияға қатысты маңызды еңбектерді жазды. Алайда, оның шығармаларының көпбөлігі философияның, логиканың, таным теориясының, психлогияның, этиканың,саясаттың, əлеуметтанудың түрлі аспектілеріне арналған. Әл-Фарабидің дəл осығалымдық іс-əрекеті оны əлемдік мəдениетті жасаушылардың қатарына қойды.

Осыдан тура бір жыл бұрын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай еліміздегі еңалғашқы «Сапар орталығы» бабамыздың туған өлкесінде ашылды. Нұрсұлтан ӘбішұлыНазарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында салынған«Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі жанындағы «Сапар орталығы»Отырар оазисінің мәдени мұрасын еліміз бен шетелдерде насихаттау, тарихи-мәденимұра нысандарын қорғау мен олардың сақталуын қамтамасыз ету, сонымен қатар,туризм саласының заманауи талаптарына сай туристік орталық жасау мақсатындажұмыс атқарып келеді. Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің функцияларын мәдени-ағарту мен имидждік орталық деңгейіне дейін кеңейтіп, тарих ғылымы,археология, реставрация, өнертану, этнографиямен ұштастыруға жағдай жасауда. Туристерге кешенді қызмет көрсететін орталықтыңбірінші қабаты туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында жабдықталған. Яғни,демалыс орындар, балалар алаңы, коворкинг алаңы, т.б қарастырылған. Ал, екіншіқабатта көне Отырар қаласының бес кезеңі II-VI Отырардың құрылуы, IX-XIIОтырардың өркендеуі, XIII Отырар апаты, XIV Отырардың қайта келтіру кезеңі жәнеқазақ хандығы кезеңіндегі Отырар бойынша экспонаттармен жабдықталған.

Əлемдік коронавирус пандемиясына байланысты көптеген іс-шара онлайн форматта өтіпжатқаны белгілі. Музей де бұл игі жақсылықтардан кем қалмауда. Небәрі біржылдың ішінде түрлі халықаралық, республикалық ғылыми-тәжірибелікконференциялар, онлайн дәрістер, көрмелер, жастарға арналған үйірмелер өтіпүлгерді. «Екінші ұстазымызды» насихаттауда ұлы ғұлама атындағы көрме залыашылды. Экспозицияда Әбу-Насыр Әл-Фарабидің ғылым мен өнер саласындағыеңбектері, Отырардағы ғылым мен мәдениет, өнерге қатысты артефактілер, соныменқатар Фарабитанушылардың еңбектері заттай дерек ретінде қарастырылды.Статистикаға сүйенсек жылда Отырар өңіріне 3000-нан астам туристер келеді екен.Биылғы жылдың қиын болуына байланысты бұл цифрлар төмендегенімен, келешекте артатүсетініне біз сенімдіміз.

ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақалалары аясында, ұлы ғұлама ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай Отырар қорық-музейінің «Сапар орталығы» экспозициясы және әл-Фараби залының ресми ашылуын, «Отырар кеше, бүгін, ертең: туристік және зерттеу болашағы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция ұйымдастырды.

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт минстрлігі Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Күміс Сейітова және еліміздегі белгілі археолог-ғалымдар Отырар қалажұртындағы ғылыми реставрациялық жұмыстармен танысты. Реставрациялық жұмыстармен «Қазқайтажаңарту» РМК директорының м.а Қанат Тұяқбаев таныстырды. Жиынға қатысқан еліміздің белгілі тарихшылары, археолог-ғалымдары Зейнолла Самашев, Жәкен Таймағамбетов, Бүркітбай Аяған және Зиябек Қабылдинов тарихи-мәдени нысандардың тарихи шынайы қабатын өзгеріссіз сақтап қалу маңызды екендігін айтып өтті.

Салтанатты шараны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Күміс Сейітова және Отырар ауданы әкімі Әбдіғали Жүнісов ашып берді, халық ақыны Әселхан Қалыбекова арнау оқыды.

Конференция барысында археология саласының жетістіктері, Отырар қалажұртындағы нысандардағы реставрациялық жұмыстар нәтижелері және музей қорын жасақтау, реставрациялау, сақтау мәселелері бойынша баяндамалар оқылып, мәдени инфрақұрылымды кеңейту, тарихи-мәдени құндылықтарды дәріптеу және насихаттау жұмыстарын жүргізу, мәдени мұраларды зерттеудің толықтай жүйесін құру мәселелері талқыланды.

«Біз ХХІ ғасырдың жаһандық картасында ешкімге ұқсамайтын, дербес орны бар ұлт боламыз десек, «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыруға тиіспіз. Әлем бізді қара алтынмен немесе сыртқы саясаттағы ірі бастамаларымызбен ғана емес, мәдени жетістіктерімізбен де тануы керек», – деген болатын Елбасы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында.

Батыс Еуропа – Батыс Қытай көлік дәлізінде орналасқан Отырар ауданында туристік нысандар көп, атап айтсақ, «Арыстанбаб» кесенесі, «Отырар төбе» қалашығы, «Оқ­сыз», «Отырар мұражайы». Аталған мәдени, тарихи нысандарды күтіп ұстау біздің басты міндетіміз.

Али СЕРАЛИЕВ,

«Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің»

аға ғылыми қызметкері,

Түркістан облысы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *