Бұл суретті республикалық қоғамдық-саяси, тарихи-танымдық «Әділет. Рухани жаңғыру» газетінің редакциясына Төлеби ауданы Зағамбар ауылының тұрғыны Ералхан Қаржаубайұлы алып келді. Қызы Бейне Қаржаубаеваның редакцияға арнап жазған хатын да тапсырды.
Бейне Қаржаубаева: Маған берілген қасиет – О дүниелік рухтарға сұрақ қойып, алдыма келген адамдарға солардың жауабын айтамын. Оқымаймын. Қамшы ұстап дем салмаймын. Сіз бақытты боласыз, жарқын болашақ күтіп тұр деп те айтпаймын. Тылсымнан қандай жауап келеді, сол өзгеріссіз қалады. Біреу сенер. Біреу сенбес. Кейде өзім де қорқамын. Олар «Біз бір дәлелін береміз» дейтін. Қалай көрінеді десем, ұялы телефоныммен өзімді суретке түсірсем, артқы жағымда адам бейнесіндегі Әруақ-рухтың бейнесі түсіп қалды (суретте). Суретті тексертуге апарсам, мұны қолдан жасау мүмкін емес дейді.
Ерекшелігі сол – Әруақ-рухпен байланысқа түскен кезімде әлгі адамның тірі кезіндегі бір белгісін береді. Жақында Арыс қаласынан суға кеткен алты жасар немересімен байланысқан әжесі сұрақ қойды. Шақырсам келмеді. «Өз анамды шақыр» деді де теріс қарап тұрып алды. Баланың шешесі, келіні де келген еді. Өз анасы келген соң әлгі бала: «Уәде беремін, уәде беремін», – деп сұрақтарыма жауап бере бастады. Сөйтсем, тірі кезінде ренжісе «уәде беремін» деп сөйлеп, теріс қарап тұрып алады екен. «Рухының келгені рас болды-ау» деп, ал келіп жыласын. «Құранға қоссам да маған неге келмеді?» деп әжесі ренжіп қалды. Болған оқиға. Тылсым бар! Былайғы адамдарға таң көрінер. Ақиқат осы.
Мен емшілікті 2005 жылы бастағанмын. Иммунитет тапшылығы дертінің (ВИЧ) емі қолдың күре тамырына иіссу егу екенін де сұрақ қою арқылы тапқанмын. Ол медицинада қарсылыққа тап болды. «Дүние жүзі ғалымдары таппаған емді мамандығы тарих пәнінің мұғалімі қалай табады?» деген шығар. Бірақ, мен өз пікірімдемін, жаңалығымды уақыт еншісіне қалдырамын.
Кейде маған болжамдар да беріліп тұрады. Ералхан Қаржаубайұлының айтуынша, Бейне (көрініс) деген ерекше есімді де өзі қойған екен. Неге олай екенін айта алмады.
Бәлкім, мұнда да бір тылсым-құпия бар шығар.
Қыдыр ДӘУРЕНБЕК.
Келем деушілерге Бейне Қаржаубаеваның ұялы телефоны: 87059764576.