ӘР ШАҢЫРАҚҚА ҚҰТ-БЕРЕКЕ ӘКЕЛСІН!

Құттықтаймыз
1 658 Views

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі баршамызға құтты болсын, бақыт әкелсін! Тарихи тамыры тереңге бойлаған әз-Наурыз дана халқымызда қай кезде де еңсесі биік елдіктің іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген. Қазақстан халқы үшін Наурыз мейрамы – көктем мен жаңаруды айшықтайтын мерейі тасыған ұлы мереке. Наурыз – көктемгі жаңарудың, махаббаттың, ақ пейіл мен татулықтың мерекесі. Ол — өткенді саралап, болашағымызды болжайтын ерекше кезең. Ақ ниетпен өткенге салауат айтып, ақ тілекпен жаңа Наурызды қарсы алайық! Отанымызға – береке, халқымызға – игілік, мемлекетімізге – молшылық, ал әр шаңыраққа бақыт пен шаттық тілейміз! Еліміз өркен жайып, Наурыз баршамызға ынтымақ пен сәттілік алып келсін!

Күллі Шығыс жұртына ортақ мереке — Наурыздың тарихы тым тереңде жатыр. Күн мен түн теңелетін, ырысы мол мереке біздің жан -дүниемізді шуаққа бөлейді, ой — ниетімізді таза арнаға бұрады. Бұл кешірім мен мейірімнің, үміт пен сенімнің, ізгілік пен түсіністіктің мерекесі. Бұл күні біз өткен жылы жасаған жұмысымызға есеп беріп, келешекке жоспар құрамыз, тәуелсіз еліміздің өркендеп, өсуі жолында жаңа бастамаларға негіз қалаймыз. Наурызда айтылған барлық тілек қабыл болады деген де сенім-наным бар. Қазіргі уақытта Наурыз жаңа сипатқа ие болды, ұлтына, діни сеніміне қарамастан Қазақстанды мекендейтін барлық ұлттар мен ұлыстардың ортақ мерекесіне айналды. Халықтар арасындағы достықты бекітуге, бауырластық қарым — қатынастардың нығаюына, әр ұлттың салт — дәстүрінің қайта жаңғыруына осы мейрам үлкен үлесін қосып отыр. Наурыз мейрамы әр шаңыраққа құт -береке сыйласын. Баршаңызға амандық, саулық, дастарқандарыңызға молшылық әкелсін.

Сөз орайы келгенде барша отандастарымызды, сондай-ақ, шымкенттік педагогтар қауымын әз-Наурыз мейрамымен құттықтап, жұмыстарына табыс тілеймін! Осы бір Табиғат-Ана көгілдір көктемнің жып-жылы шапағатымен жайнап тұрған сәтте Сіздердің бәріңіз шат-шадыман қуаныштарға бөленгейсіздер!

Ақерке АБЫЛАЙХАН,

Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *