ӨЛЕҢМЕН, ӨНЕГЕМЕН ӨРНЕКТЕЛГЕН ӨМІР

Құттықтаймыз
992 Views

Ұзақ уақытбедерінде ұстаздық қызмет атқарып, талай тәлімді ұрпақ тәрбиелеген, бүкілсаналы өмірін өлеңмен, өнегемен өрнектеген ақын апамыз Аманкүл қажы ИСАҚҰЛҚЫЗЫбүгінде сексен жасқа толып отыр. Құрметті еңбек демалысына шыққаннан кейін дехалқымыздың тілін, ділін, дінін, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін насихаттаудан жалықпай жүрген тынымсыз жанды осы бір айтулы мерейтойымен шын жүректенқұттықтап, оған ұзақ та бақытты ғұмыр, зор денсаулық, қажымас қайрат тілейміз!Жазған жыр жинақтарының кітап болып, баспа бетін көруіне ниеттестік білдіреміз.Шығармашылық шабытыңыз шарықтап, ойлы оқыр-мандарыңыз көбейе берсін!

Өзіңізге деген ыстық ілтипатпен,

республикалық қоғамдық-саяси,

тарихи-танымдық «Әділет. Рухани жаңғыру» газетінің ұжымы.

Ақын апамыздың айтулы мерейтойы құрметіне оның «Шымкентім» атты өлеңін оқырмандар назарына ұсынуды жөн көрдік.

ШЫМКЕНТІМ

Кеудемнен шықса егер де лағыл ән,

Рухына бабалардың табынам.

О, Шымкентім, өскен жерім өзіңнен

Шалғай кетсем, тасыңды да сағынам.

Жағасында мың жусанды Бадамның

Отын терген жерлері бар анамның.

Өткен сайын сәлем беріп кететін

Жолдары бар, іздері бар бабамның.

Шашыратқы, адыраспан, түймегүл,

Айналаңда Алтын төбең – Күйме бір.

Жайсаңдардың жүрегіндегі ақшуақ

Төгеді әкеп пернедегі күйге нұр.

Бабаларым жүрген талай қасынан

Ауыл көрем жоталардың басынан.

Толқынында дүлей тірлік жүрсем де

Мен мерейін Шымкентімнің асырам.

Бас қатса да бұл нарықтан теңселіп,

Құдіреттің бір күшіне ел сеніп.

Жүрген кезде туған қалам – Шымкентім,

Жүрегімді емдейсің тек сен келіп.

Қазір халқым туған тілге бұрылды,

Дүбәраны қойып енді бұрынғы.

Ана тілдің салтанатты үлгісі

Ойландырды қыз бен тағы ұлымды.

Тұрса-дағы тас бөгеттер жолында,

Баба парызы жүрегімде, орнында.

Атақ-даңқын көтеру қашанда

Туған халқым, тек өзіңнің қолыңда.

Аманкүл ИСАҚҰЛҚЫЗЫ.

Шымкент қаласы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *