Кеше Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Шымкент қаласындағы Арыс тұрғындарымен кездесті.
Бұған дейін Арыс тұрғындары радиация жайлы қауесеттің тарап жатқанын айтып, басқа қалаларға көшіруді сұраған болатын. Жиналған көпшілікпен «Ақмешітте» кездескен облыс әкімі бұл айтылғандардың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
– Арандатушыларды тыңдамаңыздар! Мені тыңдаңыздар. Бізге бірге болуымыз қажет. Мен өз басыммен жауап беремін, Арыста ешқандай радиация жоқ. Сіздерге Арыста үй салып береміз. Сосын оны сатасыздар ма, жоқ па, өздеріңіз шешесіздер, – деді Өмірзақ Естайұлы.
Еске салайық, мұның алдында Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымов та Арыс тұрғындарының талабына жауап берген болатын.
– СіздерШымкенттен үй беруді сұрайсыздар. Шымкентте 130 мың адам үйдің кезегінде тұр,мүгедектер де бар, жағдайы нашар отбасылар бар, көпбалалы аналар бар. Меноларға не деуім керек? «Сіздерге үй бермейміз, Арыс тұрғындарына беремін» деуімкерек пе? Олар да сіздердей адам ғой, олар да сіздер секілді жиналып, талапетуі мүмкін. Кейбірі тіпті 10 жылдай кезекте тұр. Арыс жақсы қала, станция, экономикасыдамиды. Ертең оқ-дәрілерді көшіріп әкетеді. Жаңа үйлер салынады, жаңа жолдарсалынады, – деген еді қала әкімі.
«Әділет – ақпарат».