«ЖАУАПТЫ ІСТІ САПАЛЫ ЖӘНЕ УАҚТЫЛЫ ОРЫНДАУ – БАСТЫ НАЗАРДА»

Экономика Қоғам
255 Views


Облыс басшысы Дархан Сатыбалдының төрағалығыменөткен жиында мемлекеттік сатып алу жұмыстарының барысы және өзекті мәселелеріжәне проблемалық құрылыс нысандарының жай-күйі талқыланды. Облыс әкімі бұлбағыттарда немқұрайдылыққа жол берген басшыларды сынға алып, жұмысты ширатудытапсырды. Құрылыс басқармасының басшысы Тоқтар Үсіпәлиевтің баяндауынша,бірнеше жылдан бері тоқтап тұрған 7 мектептің құрылысы араға уақыт салып, қайта жанданбақ.

Қазығұрт, Отырар және Ордабасы аудандарындаорналасқан білім ұялары мердігерлер тарапынан тоқтаған. Бағаны көтерілуі мен пандемия салдарын алға тартқандардың істері сотта қаралып жатыр. Бірқатарыбойынша шешім шығып, құрылыстың конкурсы қайтадан өткізіле бастады. Әртүрлісебептермен үш көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы да тоқтап тұр. Іс соттақаралуда. Құрылысты созғандар жосықсыз мердігерлер тізіміне енеді. Ортамектептердің құрылыс компанияларын мемлекеттік сатып алулардың жосықсызқатысушылары тізіліміне енгізу және тұрақсыздық айыбын өндіріп алу туралыталаптары сотта қанағаттандырылды.

– Жосықсыз мердігерлерге шара қабылдау қажет. Маңызды әлеуметтік нысанның құрылысын осыншама уақытқа созу – нағыз қылмыс. Әр істің артында қаншама халық тұрғанын ойлау керек. Қолдан келмей ме, кіріспесін. Жауапты істі мойнына алған соң сапалы және уақтылы орындау — басты назарда болу керек. Жосықсыз мердігерлермен жұмыс істеуді тоқтату керек. Қалғандарына сабақ болсын. Әрбір әлеуметтік нысанның құрылысына халықтың қаржысы жұмсалады. Оның сұрауы бар, – деді Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды.

Жүргізілген талдау нәтижесінде жұмысы аяқтаусыз қалған нысандар анықталған. Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Қайрат Елибаевтың баяндауынша, мемлекеттік сатып алудың барлық принциптерін, оның ішінде адал бәсекелестік, ашықтық пен бюджет қаражатының оңтайлы және тиімді жұмсалуы қатаң бақылауда.

Жұмысты қайта жандандыру мақсатында заң тұрғысында сүйемелдеу жұмыстары жүргізілген. Сатып алу мониторингі қызметін күшейту үшін басқармаларға, аудан, қалаларға тыңдалым өткізу, тапсырыс берушілер жұмысын үйлестіру, есеп беру деректерін тексеру жүргізіледі. Жаңа бағдарламалардың жұмыс істеуін түсіндіру бойынша семинарлар өткізу жоспарланған.

ОБЛЫС ӘКІМІ ЖЕТІСАЙДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІМЕН ТАНЫСТЫ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Жетісай ауданына іссапары барысында құрылысында кедергілерге тап болған әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралап шықты. Облыс басшысы Ж.Ералиев ауылдық округі, Дихан елді мекеніндегі құрылысы тоқтап қалған К-30 каналының жағдайымен танысып, жауаптылармен өзекті мәселелерін талқылады.

Осыдан он жыл бұрын су арнасының гидроқұрылғыларын қайта құру жұмыстары басталған. Араға уақыт салып жөндеу жұмыстары тоқтап қалған. 2018 жылдан бастап қайта жалғасқанымен, 2019 жылдан бері құрылыс жұмыстары тоқтап тұр. Каналдың 25 шақырымы бетондалу керек болса, оның 14 шақырымы, ішкі тармақтарының 175 шақырымы бетондалу керек болса, оның 52 шақырымы ғана бетондалған. Жоспарланған 4 насос станциясының ешбірі қойылмаған. Құрылысқа қаралған қаржы 6,076 млрд. теңгенің, 3,6 млрд. теңгесі игеріліп кеткен. Атқарылған құрылыс жұмыстарының сапасында көптеген кемшіліктер тіркелуде, каналдың жөндеуден өткен бөліктері қайта жарамсыз күйге айналуда, ішкі су жүйелерінің су өткізу қабілеті нашарлап жатыр.

– Өңіріміз үшін ағын судың аса маңызды екенін білесіздер. Жұмыс дұрыс жоспарланбаған. Зардабын ел тартып отыр. Мәселені түбегейлі шешіп, каналды толық жөндеу керек. Диқандарға қолдау көрсеткен жөн, – деді Дархан Сатыбалды.

Өңір басшысы Шардара су қоймасынан машиналық әдіспен су беру каналының да (Тәуелсіздіктің 20 жылдығы каналы) өзекті мәселелерімен танысты. Ұзындығы 29 шақырымды құрайтын канал 2009-2010 жылдары салынған. Суармалы жер көлемі – 86 700 га. Жетісай ауданының егістік алқаптарын «Достық» магистралды каналы арқылы келетін ағын судың тапшылығы сезілуде. Осы деректер талқыланып, канал мәселесі бақылауға алынды.

Дархан Сатыбалды Жетісай қаласын ұлғайтуға бөлінген 80 га аумақтың инфрақұрылымын дамытудағы өзекті мәселелерді де саралады. Жетісай қаласында 5 қабатты 20 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы 2019 жылы басталған. Құрылыс жұмыстарын толық аяқтау үшін қосымша қаржы қажет. 5 қабатты 6 тұрғын үйдің ауласын көгалдандыру-көркейту және абаттандыру жұмыстары аяқталмаған және электр қуатымен қамтамасыз етілмеген. Электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында 2022 жылы жергілікті бюджет есебінен «Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жетісай қаласының ауданы 80 аумақта 110/35/10 кВ ҚС қосалқы станциясының құрылысы» нысанына жоба әзірленіп, құрылыс-монтаж жұмыстарына қажетті қаржыны бөлдіру үшін салалық басқармаға бюджеттік өтінім жолданған. Жоба іске асқанда Жетісай қаласы аумағындағы 12 көпқабатты, 440 пәтерлі үйлер, яғни 1842 абонент сапалы, тұрақты электр қуатымен қамтамасыз етілмек.

Облыс басшысы құрылысы созылған құрылыс жұмыстарын созбалаңға салғандарды сынға алып, жауапты басшыларға тиісті тапсырмалар жүктеді. Қауіпсіздік мәселесін басты назарда ұстауды міндеттеді.

МАҚТААРАЛДЫҢ ДАМУ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Түркістан облысындағы әрбір аудан, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы тұрақты түрде зерделеніп, жұмысын нашар атқарған басшылар мен мемлекеттік қызметшілерге шара көріледі. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды осы бағыттағы жұмыс сапарын Мақтаарал ауданында жалғастырып, аймақтың өзекті мәселелерін талқылады. Халықпен алғашқы жартыжылдықтағы кездесулерде көтерілген мәселелердің шешу жолдары, мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы да сараланып, аудан әкіміне тиісті тапсырмалар берілді.

– Бүгін біз Мақтаарал ауданындағы өзекті мәселелерді талдауға және олардың шешу жолдарын қарастыру үшін жиналып отырмыз. Біз сынау үшін емес, түзеу үшін келдік. Ауданда шешімін таппаған мәселелер көп. Экономикалық, әлеуметтік салалар бойынша, сондай-ақ, инфрақұрылым мен абаттандыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тұрғындардың көңілі толмайды. Кемшіліктерді жою үшін бір ай мерзім беремін. Салық базасын ұлғайту бойынша резервтер көп. Мемлекеттік кірістер басқармасымен бірлесе аудан бюджетінің түсімдерін ұлғайтуды қолға алыңыз. Ауданның дамуы бойынша басты бағыттарды белгілеп, даму жоспарын әзірлеп, инвестициялық климатты жақсарту қажет. Жаңа өндіріс орындарын ашып, тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етуге басты назар аударуды тапсырамын. Тазалық мәселесін күнделікті қамтамасыз етуді қолға алу керек. Тексеру келеді деп тазалық жасау – көзбояушылық. Жұмыстар тынымсыз жүргізілу керек. Біз сіздерден нәтиже күтеміз, – деген Дархан Сатыбалды кемшілікке жол берген басшыларға ауызша ескерту берді.

Мақтааралдың даму барысы талқыланған мәжілісте Дархан Сатыбалды аудан әкіміне инвестиция тарту, кәсіпкерлерге қолдау көрсету, тұрғындарға мемлекеттік бағдарламалар мен жеңілдіктер туралы ақпарат беру, ауыл шаруашылығын жандандыру, инфрақұрылымды жақсарту, білім саласын жаңғырту және өзге де мәселелер бойынша жұмыс атқаруды тапсырды.

Басқарма басшыларымен бірлесе еңбек етуді жүктеді. Жиында әрбір орынбасар мен бөлім басшыларының уәждері тыңдалды.

Мәжілісте Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді. Барлық саладағы көрсеткіштер баяндалып, қаржыны талап ететін жобалар да айтылды.

Облыс әкімі аппаратының тарапынан Мақтаарал ауданының өзекті мәселелері талданып, бірқатар кемшіліктер анықталды. Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұлов Мақтааралды дамыту барысындағы кемшіліктерді баяндады. Сонымен қатар ауыл шаруашылығының өнім көлемі, құрылыс жұмыстарының көлемі бойынша жоспар орындалмаған. Өзге де салалар зерделеніп, өзекті проблемалары қозғалды.

Бұл көрсеткіштер аудан әкімдігі тарапынан ауыл шаруашылығын дамытуға қолайлы жағдай жасамағанын көрсетеді. Салық салу базасын ұлғайтудың орнына, ауданда керісінше өзіндік кірістердің үлесі төмендеген. Сондай-ақ аудан аумағында орналасқан салық салу объектілері салық декларациясында жалдамалы жұмысшылардың санын төмендетіп көрсетеді.

Жастарға несие беру жобасының орындалуы әлсіз. Денсаулық сақтау саласында ауданда бірқатар өзекті мәселелер бар.

Әкім тапсырмасына сәйкес, облыс әкімі аппараты тарапынан аудандағы жалпы мемлекеттік әлеуметтік нысандардың, жол, санитарлық тазалығы, көпқабатты тұрғын үйлердің жағдайларына зерделеу жұмыстары жүргізілді. Бірқатарының жай-күйі сын көтермейді.

Жаңа форматтағы кездесулер бойынша қорытынды шығарылып, нәтижесі бойынша тиісті жұмыстар жасалады. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды барлық аймақтарды аралап, әрбір ауданның даму барысын, жұмыстарын саралауда. Мәселелерді шешу жолдары қаралып, тапсырманы орындалу мерзімдері белгіленеді. Барлық сала зерделенеді. Осы арқылы өңірді дамыту жұмыс сапасын жақсарту, елдің өтініштері мен ұсыныстарын сапалы орындау, облыстың даму көрсеткішін жақсарту көзделіп отыр.

Ауданға жұмыс сапары барысында облыс басшысы Мырзакент кентіндегі құрылысы жүріп жатқан Орталық саябақты реконструкциялау жұмыстарымен танысты. Нысан құрылысы 2022 жылдың қазан айында басталған. Орталық саябақ 2024 жылдың соңында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Мердігер мекемелердің басшыларымен кездескен Дархан Сатыбалды жауапты басшылардан сапалы жұмыс жүргізуді және уақытылы пайдалануға тапсыруды талап етті.

ӘР АУДАННЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ АНЫҚТАЛУЫ КЕРЕК

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды кезекті жұмыс сапарында Сайрам ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде ауданның активімен көшпелі мәжіліс өткізді.

Мақсат – ауданды дамыту бағытында жобаларды талқылау, жұмысты жандандыру. Кемшіліктерді талқылап, жаңа жоспарлар құру.

Облыс әкімінің төрағалығымен өткен жиында ауданның дамуына кері әсерін тигізіп отырған кемшіліктер мен кедергілер бүкпесіз айтылып, жаңадан тағайындалған аудан әкімі мен басқарма басшыларына тапсырмалар берілді.

– Ауданда атқарылған жұмыстарда кемшіліктер бар. Оянатын уақыт келді. Жауапкершілік пен жанашырлық болмай, еш нәтиже шықпайды.

Ауданның даму жоспарын қайта қарап, басынан әзірлеуді тапсырамын. Бұл ретте әр ауданның ерекшелігі назарға алынып, басым бағыттары анықталуы керек. Бюджетке үміт артып отыра бермей, қолдан келетін тазалық, абаттандыру секілді мәселелерді шешуге болады. Ғимараттардың күнделікті күтіп ұстауы дұрыс болса, кейбірі осыншама жағдайға жетпес еді. Бұл мәселе қатаң бақылауда. Кіріс көлемін арттыру, жұмыс орындарын көбейту, кәсіпорындар ашу аса маңызды. Ауданға жеке инвестицияларды тарту бойынша нақты жобалар қажет, – деді Дархан Сатыбалды.

Аудан әкімінің орынбасары Бахытбек Хасанов әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді баяндады. Айтуынша, өндіріс саласында былтыр 68 кәсіпорынмен 57,5 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 105,8%-ды құраса, биылғы жылдың 5 айында 19 млрд.теңге өнім өндірілген, нақты көлем индексі-104%. Ауданда басымдық өңдеу саласы дамып келеді, өнеркәсіптегі үлесі 80%-ды құрайды.

Өндірістік әлеуетті дамыту мақсатында 2023 жылы өңдеу өнеркәсібі бағытында 8,6 млрд.теңгені құрайтын жаңа 7 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Яғни, ауыл шаруашылығы өнімдерін және алкогольсыз сусындар шығаратын 4 зауыт, темірбетон, газоблок шығаратын зауыттар және балалар мен мүгедектерге арналған жөргектер шығаратын зауытты кеңейту жобалары бойынша 247 жұмыс орны ашылады деп жоспарланған.

Жиында Түркістан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары Асқар Қаныбеков ауданды дамыту жұмыстарын зерделеу нәтижесімен таныстырып, өзекті мәселелерді қозғады. Олқылықтарға тоқталып, нақты деректерді ортаға салды.

Сайрам ауданында ауыл шаруашылығы саласындағы мүмкіндік пен әлеует толық қолданылмай отыр. Аудандағы ішкі жолдардың сапасы сын көтермейді. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында бірқатар қордаланған мәселелер бар. Өзіндік кірістердің үлесі төмендеген.

Білім, денсаулық сақтау, санитарлық тазалық, елді мекендерді абаттандыру саласындағы мәселелерді де шешуді міндеттеді. Облыс әкімі осы кемшіліктерді қысқа мерзімде жою үшін тиісті шаралар қабылдауды қатаң тапсырды.

Осы және өзге де түйткілдер тарқатылған мәжілісте облыс басшысы аудан әкімі мен жауапты басқарма басшыларына кемшіліктерді жою бойынша нақты тапсырмалар берді. Тапсырмалардың орындалуы қатаң бақылауға алынды.

ТҰРҒЫНДАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ОРТА ҚАЛЫПТАСТЫРУ БОЙЫНША ЖҰМЫС КҮШЕЙЕДІ

Түркістан облысында аудан, қалаларды абаттандыру, көгалдандыру және тазалық жұмыстары облыс әкімінің қатаң бақылауында. Аталған мәселе бүгін де мәжілісте арнайы талқыланып, өзі басқаратын аумақты жайқалтып, абаттандыра алмай жатқан аудан, қала әкімдеріне сын-ескертпелер айтылды.

– Аудандарды абаттандыру, көгалдандыру, тазалығын сақтау мәселесі былтырдан бері айтылып келе жатыр. Бірақ әлі бірде-бір аудан, қалада тиянақты, жүйелі жұмыс жоқ.

Аппарат тарапынан бұл іс қатаң бақылануы тиіс. Әр аудан, қаланың абаттандыру, тазалық жұмыстарын жүргізу, көгалдандыру бойынша нақты іс-шара жоспары және орындалу мерзімі болуы қажет. Осы арқылы бақылап, жоспар орындалмаса шара көреміз. Әсіресе халықаралық автожолдардың жан-жағы таза болуына мән берілсін. Түркістан қаласын таза әрі туристерге қолайлы ету аса маңызды. Мемлекеттік бағдарлама арқылы қоғамдық жұмыспен қамтылған тұрғындарды осы жұмыстарға қатыстыру қажет. Жалпы елді мекендерді тазалықпен қамту, абаттандыру жұмыстарына басқармалар да атсалыссын, – деді Дархан Сатыбалды.

Облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімінің басшысы М.Алипов аудан, қалаларды абаттандыру, көгалдандыру және тазалық жұмыстары бойынша зерделеу жұмыстары нәтижесі туралы баяндады.

Бәйдібек, Сайрам, Түлкібас, Сарыағаш, Келес аудандары және Арыс қаласында көшелерде қоқыс жинау, шөптерді ору, кейбір ағаштарды әктеу жұмыстары ғана көрсетілуде. Жол бойындағы үйлерді және олардың қоршауларын ретке келтіру жұмыстарына көңіл бөлінбеуде. Сондай-ақ аудан, қалаларда саябақтарда, скверлерде, демалыс орындарында атқарылып жатқан жұмыстар баяу жүргізіліп жатыр.

Көпқабатты үйлердің қасбеттерін ретке келтіру бойынша Төлеби, Шардара, Ордабасы аудандары мен Кентау қаласы ғана жұмысты бастап отыр. Бірқатар аймақтарда ғимараттың қасбетін әктеу сапасыз жасалған.

Жиында үйлер мен ғимараттарды әктеу-сырлау, жаяу жүргіншілер жолын ретке келтіру, ойын алаңшаларын реттеу, тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды күшейту жөнінде тапсырма берілді.

ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА МЕКТЕП АШЫЛДЫ

Бүгін Қараспан ауылдық округіне қарасты Мақташы ауылында С.Исабеков атындағы 200 оқушыға лайықталған мектеп ашылды. Білім ошағының ашылуына және оқу жылының аяқталуына орай ұйымдастырылған шараға аудан әкімі Нұрбек Бадырақов арнайы қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

Негізгі шарадан соң аудан әкімі, ауылдың ақсақалдары, ардагер ұстаздар мен сала мамандары, қуанышқа ортақтасуға келген ауыл тұрғындары жаңа мектептің ішін аралап көрді. Өз кезегінде аудан басшысы естелік журналға тілегін жазып қалдырды.

Мектептің құрылысы 2021 жылдың шілде айында басталған. Қаралған қаржы көлемі – 840 млн. теңге.

2022-2025 жылдары ауданда жалпы 10 557 орынға арналған мемлекеттік 13 мектеп (7200), жеке меншік 8 мектеп (3357) салынып, пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

34 ТЕХНИКА АЭРАЦИЯ ӘДІСІМЕН ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

Түркістан қаласында көгалды аумақтарды аэрация әдісімен суару жүйелі жалғасуда. Арнайы көліктермен суару жұмыстары күніне 2 рет: 7:00-11:00 аралығында және кешкі 20:00-00:00 аралығында атқарылуда.

Бүгінде қаланың Қазыбек би, Байбұрт, С. Қожанов және әкімшілік-іскерлік орталығында көгал мен ағаштарды суғаруға 34 техника қолданылуда.

Жалпы, аэрация ауа температурасы +30 градустан асатын елдерде жиі қолданылатын әдіс. Ол асфальт, бетон жол төсемінен қызған ауаны салқындату үшін жасалады. Сонымен қатар тікелей күн сәулесінің әсерінен асфальтты қорғауға ықпал етеді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *