17 МЫҢНАН АСА ШЕНЕУНІК ЖҰМЫСТАН ҚЫСҚАРАДЫ

Билік
375 Views

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің жарлығына сәйкес алдағы уақытта 17 мыңнан аса шенеунік жұмыстан қысқарады екен.

Нақты айтсақ, Жарлыққа сәйкес, министрліктер мен ведомстволардан бюджеттік және бюджеттен тыс қорлардан қаржыландырылатын 17 447 қызметкер (24 пайызы) қысқарады.

Басшы орынбасарларының саны 207-ден 144-ке дейін немесе 30 пайызғақысқарады. Сондай-ақ, алдын ала бағалау бойынша, 703 қызметтік көлік пен 10ғимарат босайды. Осы шаралар нәтижесінде Өзбекстан билігі мынадай қаржы үнемдейді: штаттарды қысқарту арқылы 1,5 триллион сум (133 миллион доллар) ;көліктердің санын азайту арқылы 70 миллиард сум (6,2 миллион доллар) (жанармай, май, шиналарды ауыстыру және т.б. шығындарды қосқанда).

Ал бізде ше?

Жақында қазақстандық 354 шенеуніктің шетел банктерінде 350 миллиардқа жуық теңгесі бар екеніанықталды. Атап айтқанда, 54 мемлекеттік қызметкер ақшасын 59 елде сақтаған. 17шенеунік 15 елдегі түрлі компаниялардың иесі не ортақ иесі екен. Соның ішінде Біріккен Араб Әмірлігінде 22 есепшот ашып, 308,48 миллиардтеңге салған. Ал Сингапурде тіркелген 5 есепшотта 158,04 миллиард бар екен.Орташа есеппен әр шенеунікке 1,5 миллиард теңгеден келеді…

377 жеке тұлғаның сыртта 466 жылжымайтын мүлкі тіркеліпті. Бұл жағдаяттар мемлекеттік қызметкерлердің табысын растау кезінде анықталып отыр.

Қызметтік көлік туралы айтатын болсақ, мемлекеттік сатып алу порталында Батыс Қазақстан облысындағы бір басқарма 74 миллионға қызметтік көлік сатып алу туралы конкурс жариялаған. Мемлекеттік қызметкерге бюждет қаржысы әкесінен қалған мұра ма еді? Осыншалықты аспандағы бағаға көлік тақымдайтын? Айтпақшы, Орал жақтағы дәл осы басқарма былтыр да 75 миллионға мемлекеттік қызмет көлігін пайдалануға деп деп конкурс ұйымдастырған екен. Сонда халықтың салығынан түсетін мемлекет  қаржысы бұлар үшін сарқылмайтын бұлақ көзі ма деп ойға қаласың.

Мың асқанға бір тосқан болуы керек ғой.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *