Жыр алыбы Жамбылдың туғанына 178 жыл толуына орай дәстүрлі «Жамбыл күні» өтті.
Ұзынағаштағы аудандық мәдениет үйінде өткен бұл жиынға қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, мәдениет пен өнер қызметкерлері, аудан жұртшылығы қатысты.
Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахым өз сөзінде Жамбылдың әділдіктің ақ туы болып, отансүйгіштіктің нағыз танымал үлгісінкөрсеткен ұлы алып ақын екенін атап айтты.
Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының төрағасы Мереке Құлкеновтің мазмұнды да әсерлі сөзіне жиналған қауым қайта-қайта қол соғып, өте ризашылығынбілдіріп отырды. Ол өз сөзінде былай деді:
– Жамбыл туған күнін тек жерлестері ғана атап өтуі керек емес. Бұл күнбүкіл елімізде кеңінен мерекеленіп отыруы керек. Абай, Жамбыл, Махамбет секілдіүш алып ақынымыздың туған күнін жалпыұлт болып атап өтіп отырғанда ғана бізолардың асыл мұраларына жыл сайын қайта оралып отырамыз. Сонау зұлматашаршылықтан кейін ес жия алмай жатқан 1934 жылы ақындардың тұңғыш слетіөткізілгенде Жамбыл жарық жұлдыздай жарқ етіп көрініп, суырып салма, жез таңдайақындығымен таңқалдырды. Ал, 1936 жылғы Мәскеудегі Қазақстанның әдебиеті менөнерінің онкүндігі алдында Жамбылдың «Туған елім» деген өлеңі «Правда» газетінебасылды. Бұл СССР халықтарының рухын көтеріп, бүкіл мемлекет болып Жамбыл жырын жаттап алды. Қазақ ақыны ХХ ғасырдың Гомері атанды. Өз дәуірінің дауылпаз жаршысына айналды, феномен талантын әлем мойындады.
Белгілі жазушы, жамбылтанушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нағашыбек Қапалбекұлы Жамбыл атасының туған күніне 63 жыл бойы қатарынан қатысып келе жатқанын айта келіп, мынандай мәліметтерді айтты:
– Жамбыл мұрасын зерттеу, зерделеу, жинау ісіне ғұмырымды арнаған жанмын. Ұлы ақынның 175-жылдығына орай 40-том мұрасын жинақтап, құрастырып шығардым.
Жамбыл өлең жырлары әлемнің 160-тіліне аударылды. Қазіргі кезде оның ұстазы – Сүйінбай ақынның 10 томдығын құрастырып, баспаға бердік. Бұл көптомдықты әл-Фараби атындағы қазақтың ұлттық университетінің ректоры, әйгілі ғалым Қансейіт Түймебаев өзі қолға алып, кітап етіп шығарып беріп жатыр, – деп бүгінгі таңдағы жамбылтану жөнінде айтып берді.
Сондай-ақ, бұл жиынға Қазақстан Жазушылар Одағының хатшысы, әл-Фараби атындағы қазақтың ұлттық университетінің профессоры Қансейіт Әбдезұлы мен Шығыстану ғылыми-зерттеу институтының директоры көрнекті аудармашы, ақын, филология ғылымының докторы Дүкен Мәсімхан қатысып, өз ой-пікірлерін ортаға салды.
Жиналғандарға ақын, публицист Рәтбек Терлікбаевтың «Екі Жамбыл – екі әлем» атты спектаклі көрсетілді.
И. ИМИНОВ