Сауран ауданына қарасты Оранғай ауылдық округінде демалыс орындарына арналған үстел мен орындықтар, темір есіктер шығаратын «Абдусардар» цехы іске қосылды. Шараға аудан әкімінің орынбасары Ербол Жанғазиев, кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Сұлтанғали Шакиров, Оранғай ауылдық округінің әкімі Берік Қуандық, ауыл ақсақалдары қатысты.
Жеке кәсіпкер Бабир Насиров «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы 5 млн. теңге алып, өз кәсібін бастаған. Бүгінде өндіріс орнын кеңейтіп, ашылып отырған цехтың аумағы 0,25 шаршы метрді құрайды. Жобаның жалпы құны – 300 млн теңге. Заманауи технологиялармен жабдықталған цех жылына 3000-нан астам темір есік және үстел шығаруға қауқарлы.
Бүгінде 12 азамат жұмыспен қамтылған. Жұмысшылардың орташа жалақысы – 250-300 мың теңге. Жиһаз жасаушы өндірістің әлеуеті зор. Негізгі арнайы жабдықтарды Өзбекстаннан алдыртады. Осылайша, отандық тауарлар ішкі нарықта сұранысқа ие болып, өзінің өнім көлемін айтарлықтай арттырып отыр.
– Жиһаз өндіру саласы қарқынды дамып, кәсіп жасаймын деген азаматтарға мемлекет тарапынан әрдайым қолдау тауып келеді. Отандық нарықта бәсекеге қабілеттілік өсуде. Жылдан-жылға елімізде тұрғын үй құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Бұл жиһазға деген қажеттілікті арттырады. Осылайша біздің өнімдер сұранысқа ие болып, өз кәсібіміздің кеңеюіне жол ашылуда, – дейді жеке кәсіпкер.
ФАБРИКА ЖЫЛЫНА 60 ТОННА ҚҰС ЕТІН ӨНДІРЕДІ
Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеуге бағытталып, жобаларды жүзеге асыру мақсатында құрылған «Сүлеймен ата» шаруа қожалығының жұмысымен танысты. Аталған өндіріс орны – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өңір тұрғындарын құс етімен қамтуды көздейді. Құс фабрикасында «Бройлер» тауығының балапандары өсірілуде.
Алдағы уақытта жобаны кеңейту арқылы өнімді 120 тоннаға ұлғайту жоспарлануда. Тауарға сұраныс күн сайын артып, Түркістан қаласын толықтай қамтамасыз етіп отыр. Жобаның құны – 400 млн теңге. Сонымен қатар, фабрика жанында арнайы камбикорм бар. Онда күніне 8 тонна жылқы және құс азықтарын өндіреді.
Фабрика барлық стандарттарға сай жасақталған. Құстарға жем, су беру толық автоматтандырылған. Онда халыққа сапалы, жоғары сұрыпты құс өнімдерін ұсынуда. Фабрикада құстар гармондық қоспаларсыз, өсу стимуляторлары қолданылмай, генетикалық түрлендіргіш заттарсыз өсіріледі. Алдағы уақытта фабриканы үлкейтіп, бірнеше кезең бойынша өнім санын да арттыруды көздеуде. Қазіргі таңда 12 жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылған.
80 ПАЙЫЗҒА ДЕЙІН СУБСИДИЯ АЛА АЛАСЫЗ
Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова бүгін өткен халықпен кездесуде осылай деді. Қала басшысы елімізде ауыл шаруашылығы саласын дамыту, суды үнемдеу, оның ішінде инновациялық әдістерді пайдалану арқылы өнімділікті арттыру бойынша жан-жақты қолдаулар жайлы айтты.Бүгінгі таңда мемлекет тарапынан су үнемдеу технологиясын пайдаланушылар үшін әр гектарына 80 пайызға дейін субсидия қарастырылған. Мен барша арыстық еңбеккерлерге су үнемдеу технологиясын пайдалануды, сол арқылы мол өнім алып, табысты болуға шақырамын. Бұл бойынша азаматтар жергілікті әкімдіктен тиісті кеңестер алуына болады. Менің тапсырмаммен құрылған жұмысшы топ жан-жақты түсіндіріп, жобаңызды соңына дейін сүйемелдеуге дайын, — деді қала басшысы.
Бүгінде жүйелі жұмыстың нәтижесінде арыстық дихандар тіршілік нәрін үнемдеу технологиясына көшуді бастап кетті. Мәселен, Қожатоғай ауылдық округінде орналасқан «Qamqor SPK» серіктестігі 120 гектар жерге айналмалы жаңбырлатқыш қондырғысын орнатып, мол өнім алуды көздеп отыр. Жобаға 280 млн.теңге инвестиция тартылған.
Ал, «QAZAQ AGRO ASTYK» серіктестігі 100 гектар жерге барабан типті су үнемдеу технологиясын іске қосып, мол көлемде мал азығын алуды жоспарлауда. Тартылған инвестиция көлемі — 100 млн.теңге.
Қаламызда мал басын асылдандыру, көбейту, бордақы алаңдарын ұлғайту бойынша да серпін бар.
Өткен жылы қаламызда орналасқан «Казплемзавод» серіктестігі 2 мың бас асыл тұқымды қалмақ сиырын импорттап 1,3 млрд. теңге инвестиция тартты. 2024 жылдың 2 жарты жылдығында қосымша 1630 басты импорттау жоспарлап отыр. Мақсат – асыл тұқымды бордақы мал басын 10 мыңға жеткізу.
Ал, «Түркістан Агро KZ» ЖШС 15 мың бас ірі қара малына арналған бордақылау алаңы жобасын жүзеге асыруда. Ауқымды жобаның бірінші кезеңінің өзіне 3,5 млрд. Теңге инвестиция тартылды.
Арыста құс және балық шаруашылығын дамыту да өркен жаюда. Атап айтқанда, «Мубарак Агро» серіктестігі 780 млн теңгеге құс етін өндіру жобасын қолға алуда.
Сонымен қатар «Мыңбай» шаруа қожалы тоғанды балық шаруашылығын іске қосты. Бүгінгі таңда 5 мыңға жуық шабақты өсірілуде. Қазірдің өзінде 50 млн теңге инвестиция салынған шаруақожалық алдағы уақытта 10 мыңнан аса шабақ өсіруді жоспарлап отыр.
Бүгінгі таңда мемлекет тарапынан су үнемдеу технологиясын пайдаланушылар үшін әр гектарына 80 пайызға дейін субсидия қарастырылған. Мен барша арыстық еңбеккерлерге су үнемдеу технологиясын пайдалануды, сол арқылы мол өнім алып, табысты болуға шақырамын. Бұл бойынша азаматтар жергілікті әкімдіктен тиісті кеңестер алуына болады. Менің тапсырмаммен құрылған жұмысшы топ жан-жақты түсіндіріп, жобаңызды соңына дейін сүйемелдеуге дайын, — деді қала басшысы.
Бүгінде жүйелі жұмыстың нәтижесінде арыстық дихандар тіршілік нәрін үнемдеу технологиясына көшуді бастап кетті. Мәселен, Қожатоғай ауылдық округінде орналасқан «Qamqor SPK» серіктестігі 120 гектар жерге айналмалы жаңбырлатқыш қондырғысын орнатып, мол өнім алуды көздеп отыр. Жобаға 280 млн.теңге инвестиция тартылған.
Ал, «QAZAQ AGRO ASTYK» серіктестігі 100 гектар жерге барабан типті су үнемдеу технологиясын іске қосып, мол көлемде мал азығын алуды жоспарлауда. Тартылған инвестиция көлемі — 100 млн.теңге.
Қаламызда мал басын асылдандыру, көбейту, бордақы алаңдарын ұлғайту бойынша да серпін бар.
Өткен жылы қаламызда орналасқан «Казплемзавод» серіктестігі 2 мың бас асыл тұқымды қалмақ сиырын импорттап 1,3 млрд. теңге инвестиция тартты. 2024 жылдың 2 жарты жылдығында қосымша 1630 басты импорттау жоспарлап отыр. Мақсат – асыл тұқымды бордақы мал басын 10 мыңға жеткізу.
Ал, «Түркістан Агро KZ» ЖШС 15 мың бас ірі қара малына арналған бордақылау алаңы жобасын жүзеге асыруда. Ауқымды жобаның бірінші кезеңінің өзіне 3,5 млрд. Теңге инвестиция тартылды.
Арыста құс және балық шаруашылығын дамыту да өркен жаюда. Атап айтқанда, «Мубарак Агро» серіктестігі 780 млн теңгеге құс етін өндіру жобасын қолға алуда.
Сонымен қатар «Мыңбай» шаруа қожалы тоғанды балық шаруашылығын іске қосты. Бүгінгі таңда 5 мыңға жуық шабақты өсірілуде. Қазірдің өзінде 50 млн теңге инвестиция салынған шаруақожалық алдағы уақытта 10 мыңнан аса шабақ өсіруді жоспарлап отыр.
«ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫН ӨЗ КӘСІБІН АШУҒА ШАҚЫРАМЫН»
Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова Арыс қаласының тұрғындарымен кездесті. Былтырғы атқарылған жұмыстарды баяндап, алдағы жоспарымен бөлісті. Жыл қорытындысына тоқталар болсақ.
Өткен жылы қаламызға 22,6 млрд. теңге инвестиция тартылса, биыл құны 18,5 млрд. теңгені құрайтын 18 инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ. Нәтижесінде 500-ге жуық жұмыс орны құрылады деп күтілуде.
Атап айтқанда, қаламыздағы ең ірі кәсіпорынның бірі «MEGA-AGAT» серіктестігі жалпы құны 9 млрд. теңгеге жуықтайтын 5 жобаны іске асырмақ. Оның ішінде:
Еуропаның «А» стандартына сәйкес болатын транспорттық-логистикалық орталығы;
құны 600,0 млн теңгені құрайтын Астық сақтау қоймасы;
жүк тасымалын ұйымдастыруға арналған бекет,
Автомобиль немесе теміржол арқылы тікелей қосылған бағыттар бойынша жүктерді ауыстырып тиеу орталығының қызметін атқару,
Газбен электр өндіру станциясы.
Қала әкімі орта және шағын кәсіпкерлікті дамытамын деушілерге де барынша жағдай жасалатынын атап өтті
Өздеріңізге белгілі, өткен жылы кәсіп ашамын немесе бар кәсібін кеңейтемін деген азаматтарды қолдау мақсатында «Ауыл аманаты» бағдарламасы іске қосылды. Биыл министрлікке арнайы хат жаза отырып аталған бағдарламаға Арыс қаласы халқының қатысуына мүмкіндік алдық. Бұл қайта келе бермейтін мүмкіндік. Мен барша қала тұрғындарын бағдарламаға қатысып, өз кәсібін ашуға, сол арқылы қаламызды өркендетуге шақырамын, — деді Гүлжан Мамытқызы.
Айта кетейік, жылдық үстемесі 2,5 пайыздан аспайтын бағдарламаға өткен жылы бес ауылдан 131 азамат қатысып, 770,2 млн. теңгеге қаржы алып, кәсібін ашқан.
Жиында қала халқы өз ұсыныс-пікірлерін айтып, атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағаларын берді. Жиын соң қала әкімінің жеке қабылдауына ұласты. Қала басшысы әр сұраққа жеке тоқталып, заң аясында жауап берді. Бірқатары сол жерде шешімін тапса, кейбірін бақылауға алып, жауапты сала басшыларына тиісті жұмыс жүргізуді тапсырды.
ЖЕТІСАЙ ҚАРБЫЗЫ РЕСЕЙГЕ ЖІБЕРІЛДІ
Жетісай ауданына қарасты Атамекен ауылдық округіндегі «Павел» шаруа қожалығы өзінің иелігіндегі 9 гектар егістікке 20 жылдан бері бақша дақылдарын егіп келеді.
Биылғы жылы да қарбыздың ерекше күтімді қажет ететін «Виктория» сортын сәуір айының басында еккен. Қажетті агротехникалық шаралардың дер кезінде жасалуының нәтижесінде пісіп жетілген қарбыздан ойдағыдай өнім алынады деп жоспарланып отыр. Ағын суды үнемдеу мақсатында енгізілген тамшылатып суғару әдісі өнімнің артуына да септігін тигізіп отыр.
– Алғашқы өнімді қазір Ресейге жіберіп жатырмыз. Кейін сұранысқа қарай өзге де өңірлерге жібереміз. Жылдағыдан шығын көп болғанымен бағасы да ойдағыдай, келісін 150-170 теңге аралығында сатып жатырмыз. Тамшылатып суғару әдісін қолданатындықтан ағын судан, минералды тыңайтқыштардан қиындық көрмедік. Өнімділік те ойдағыдай, – дейді шаруа қожалық төрағасы Асан Мубинов.
Жетісайлық шаруалар биылғы жылы 79,3 мың гектар суармалы жердің 40,8 мың гектарына мақта шитін сепсе, 20,1 мың гектар жерге бақша, 7,2 мың гектар жерге дәндік жүгері, 3,3 мың га жерге көкөніс пен 6,3 мың гектар жерге жоңышқа дақылын еккен.
Аудандағы 20,1 мың гектарға егілген бақша дақылдарының 4 мың гектары қарбыз. Биылғы жылы 600 мың тоннадан астам бақша өнімдері жиналады деп жоспарланып отыр. Былтырғы жылы да бақша дақылдарынан ойдағыдай өнім алынып, облыста үздіктердің қатарынан көрінді.
Айта кетейік, «Павел» шаруа қожалығы иелігіндегі егістік алқаптарына қарбыздан бөлек баклажан мен болгар бұрышын, қызанақ сынды бақша өнімдерін егіп, жергілікті тұтынушыларға тиімді бағада сатуда. Жылыжай жұмысын да дұрыс жолға қойған.
САУРАНДА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС ДАМУДА
Сауран ауданы, Иассы ауылдық округінде орындық шығаратын «Хайдаров Валид» цехының ашылу рәсімі өтті. Шараға аудан әкімі Мақсат Таңғатаров, кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Сұлтанғали Шакиров, Иассы ауылдық округінің әкімі Сыздық Пірметов, ауыл ақсақалдары қатысты.
Аталмыш цехтың басшысы Валид Хайдаров өз қаражаты есебінен кәсібін дөңгелетіп отыр. Жоба құны 300 млн. теңгені құрайтын цехтың аумағы 0,85 гектар. Бүгінде өндіріс орнында 12 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Айына 400-ге жуық үстел шығартын цехтың өнімдері еліміздің түкпір-түкпіріне жөнелтіліп, сұраныс артуда. Алдағы уақытта цех өндірісінің көлемін ұлғайтып, жаңа жұмыс орындарын ашуды жоспарлап отыр.
Сауран ауданында шағын және орта бизнес қарқынды дамуда. Оларға мемлекет тарапынан қолдаулар көрсетілуде. Түрлі бағдарламалар қабылданып, қоғам үшін еңбектенемін дегенге азаматтарға мол мүмкіндіктер берілуде. Осындай мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларға қатысып, шағын бизнесін шарықтатып отырған аудан кәсіпкерлерінің саны күн санап көбеюде. Жұмыссыздар саны азайып, жұмыс көздері ашылуда. Осы тұрғыда аудан әкімі өз кәсібін жасаймын деген әрбір жеке кәсіпкерлерге ұдайы қолдау көрсететіндігін айтты.
СҮЙІКТІ ІСІН КӘСІБІНЕ АЙНАЛДЫРҒАН
Мемлекеттік грант – бұл жаңа бизнесті бастау және дамыту үшін қайтарымсыз негізде берілетін 400 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі бастапқы капитал. «Еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» шеңберінде кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік қайтарымсыз гранттар биылғы жылы да берілуде.
2023 жылы ісін жаңа бастаған жекелеген әлеуметтік санаттарға жататын азаматтарға өз бизнес әлеуетін іске асыруға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік берген гранттың 90 адам иегері атанды.
Қайтарымсыз грант алып, сүйікті ісін кәсібіне айналдырғандардың бірі – Төлеби ауданы Кемеқалған ауылдық округі Ақбастау елді мекенінің тұрғыны Есқұлова Ақмарал Сержанқызы. Үйінде отырып-ақ кәсібін дөңгелетіп отырған Ақмарал гипстен монета салатын ойыншықтар жасап, сауда нүктелеріне жеткізіп, тапсырыспен клиент қалауы бойынша арнайы дайындап отыр.
Көп балалы ана Ақмарал Сержанқызының қолынан шыққан «копилка» Г16 деген гипстан жасалады және аудан тұрғындары, әлеуметтік желі арқылы тапсырыспен туған күн, тойбастар, тұсау кесер, бесікке салу, құдалық секілді қуанышты күндерге сыйлыққа алады.
Кәсіпкер гипсті сауда орнынан сатып алады. Үйінің бір бөлмесін шағын шеберханаға айналдырған ол таңнан кешке дейін түрлі-түсті ойыншықтарды жасауға кіріседі. Ұл-қыздары өздері қалаған жануар бейнеленген «копилканы» бояп, әрлеп, анасына көмек береді. «Копилканы» арнайы қалыпқа салып, құйып, оған өз қалауымен әр беретін ұл-қыздары өздеріне кәсібі ұнайтынын жасырмады.
Ақмарал Сержанқызы одан бөлек, гипстан қобдиша жасап, құрақ көрпе де тігеді. Тапсырыс артуына орай, кәсібін кеңейтуді жоспарлағанын да айтты.
«КӘСІБІМ – МЕНІҢ ЖЕМІСІМ»
Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен “Jalyn” қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен, Қазығұрт ауданында «Кәсіптік бағдар беру» жобасы аясында «Кәсібім менің жемісім» атты тақырыбында жастарды кәсіпкерлікке ынталандыруға бағытталған өңіріміздегі ірі кәсіпорындарға экскурсия өткізілді.
Семинар-тренинг, экскурсия мақсаты – жастарды ірі кәсіпорындармен таныстыру арқылы несие, грант алу және бизнес ашуға бағыттау. Түрлі кәсіптің қыр-сырын үйретіп, нарықтық қатынастардың тиімділігін түсіндіру. Жастарға беріліп жатқан мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау.
Шараға қатысушы жастар “Шарбұлақ” ауыл округінде орналасқан «Қайып ата» ЖШС-нің жұмысымен танысты.
Айта кетейік, Қазақстанда шетелдік нарықта бағаланатын сапалы ет өндіріледі. Мал шаруашылығының дамуы бойынша Түркістан облысы –республикада алдыңғы орында. Мал басы және өнімділігі орташа есеппен 5%-ға өсуде. Ет экспорты бойынша облыс республикада көш бастап тұр. Ірі қара мал етінің үлесі – 85%-ды, ұсақ мал – 60%-ды құрайды. 10 мың тонна ірі қара мал, 4,6 мың тонна қой еті экспортқа жөнелтілді.
Кәсіп иелері, жастарға өзі қызығатын кәсіп ашуға, жастарды жұмыспен қамтуға дайын екендігін жеткізді.
АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ ЕШКІ ШАРУАШЫЛЫҒЫН БАСТАУҒА НИЕТТІ
Келес аудандық Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы халықтың әлеуметтік осал топтарына Мемлекеттік қайтарымсыз грант беру ұлттық жобасының келесі легін жалғастыруда. Маусым айының 5-6 жұлдызында өткен комиссияның 1 бірінші легінде 192 үміткер өтінім беріп комиссия қорытындысымен 74 азамат оң шешімін алып үлгерді. Солардың бірі Алпамыс батыр ауылдық округінің тұрғыны Айтжанова Ұлзада асыл тұқымды ешкі шаруашылығы, яғни сүт өнімін беретін кәсіпті бастауды көздеп отыр.
Тұрғынның айтуынша ешкі шаруашылығы — мал шаруашылығының бір саласы, ешкі сүті минералдарға бай, олардың ішінде: кальций, калий, магний, натрий, фосфор, темір, мыс және марганец бар, оның адам ағзасына берер пайдасы мол дейді. Айтжанова Ұлзада алдағы уақытта сүт өнімін беретін асыл тұқымды ешкі шаруашылығын бастауға ниетті.
Қайтарымсыз грант мемлекеттік тіркеу мерзімі үш жылдан аз жұмыссыз және дара кәсіпкер ретінде өтініш бергенге дейін тіркелген жағдайда халықтың әлеуметтік осал топтарына яғни атаулы әлеуметтік көмек алушыларға арналған. Ол үшін төмендегі санаттар осы шарттар арқылы өтінім бере алады.
Кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға, оның ішінде жалпы орта, техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысанында оқитын балаларға сондай-ақ 18 жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітірген уақытқа дейінгі ай сайын мемлекеттік жәрдемақы алушыларға (жиырма үш жасқа толғанға дейін)
Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алушыларға.
Қоныс аударушыларға;
Қандастарға;
Еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүмкіндігі шектеулі жандар және мүмкіндігі шектеулі бала (мүгедектігі бар балалар) тәрбиелеп отырған жандарға.
Айта кетейік гранттар конкурстық негізде 400 еселенген айлық есептік көрсеткіштің мөлшеріне дейін Ұлттық жобаның қатысушыларына өтеусіз және қайтарымсыз негізде беріледі. Биыл Келес ауданында екінші лекте жалпы 134 азаматқа қайтарымсыз грант беру жоспарланып отыр. Бірінші лектегі өтінім қабылданбаған үміткерлер грантқа қайта өтінім бере алады.