Әбдіжәлел АҚКӨЗОВ, ҚазККА Шымкент көлік колледжінің директоры: БӘСЕКЕЛЕСТІК ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТЕЛЕЙДІ

Білім
1 381 Views

Әбдіжәлел Әбутәліпұлы АҚКӨЗОВ 1966 жылы 26 сәуірде Арыс қаласында дүниеге келген. Шымкент энергетика техникумын бітірген. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін педагог-филолог, Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетін экономист мамандықтары бойынша тәмамдаған. Шығыстану институтында (қазіргі ОҚПУ) оқытушы, оқу бөлімінің меңгерушісі, оқу ісі жөніндегі проректор, Шымкент әлеуметтік-педагогикалық институтында декан, ОҚПУ-да ректор, бірінші проректор, Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы университетінің тәрбие және әлеуметтік істер жөніндегі проректоры, бірінші және оқу-әдістемелік істер жөніндегі проректоры болып істеген. Қазіргі таңда Мұхамеджан Тынышбаев атындағы Көлік коммуникация академиясы Шымкент көлік колледжінің директоры қызметін атқаруда. «Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигма» ғылыми жобаның жетекшісі. Филология ғылымының кандидаты. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ыбырай Алтынсарин атындағы төсбелгісінің иегері.

2018 жылғы 5 қазандағы Елбасымыздың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын біздің ұжым ерекше құрметпен қарсы алды. Қараша айының бірінші онкүндігінде ұстаздар мен өскелең ұрпақ студенттермен бірлесе отырып, қаламыздағы іргелі оқу орындары Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті мен Қазақстан Халықтар Достығы университетінен профессор, ғалымдарды арнайы шақыра отырып, талдау жүргіздік. Колледж табалдырығын аттаған студентерге Елбасымыздың Жолдауын жете түсіндіріп өттік. Жолдаудағы «Жастар жылы» деп жастарға үлкен сенім артуы негізгі оқып, білім алып жатқан мамандығына қоса жұмысшы мамандықтарды беру. Осы мақсатта біздің оқу орнымыз бірқатар шараларды өткізді. Атап өтуге де біздің мүмкіндігіміз жоғары. Тігінші, дәнекерлеуші мамандықтары, жолсерік мамандарын даярлаудамыз. Отансүйгіштікке баулу, еліміздің көк туын желбіретуге үлес қосатын жастарымыздың рухын жандандыру мақсатында да біршама жұмыстар атқарылуда. Әрине, көпшілікке түсіндіру жұмысын жүргізу біраз уақытты талап етеді. Мәселен, Елбасымыздың рухани жаңғыруына тоқталып өтер болсақ, оқу ордамыздың аудиторияларын сол талаптарға сәйкес жабдықталуын айтар едік. Студенттерге рухани жаңғыруды түсіндіру мақсатында ұстаздарымызға, оқу-әдістемелік мамандарымызға тың материалдарды әкеліп таныстыру үстіндеміз. Тарих қойнауындағы аты аталған, аталмаған тұлғаларымызды дәріптеу мақсатында жұмыстар жүргізілуде. Оқу орны еліміздің дамуына ерекше сүбелі үлес қосатын теміржол мамандарын даярлау болғандықтан Шымкент қаласындағы көлік колледжі, Алматыдағы теміржол академиясымен бірлесе отырып бірқатар жоспарлар құрып отырмыз.

– Елбасы Жолдауында ұстаздардың жалақысын көтеру жөнінде біраз мәселелер айтылды. Осы жөнінде атқарып жатқан жұмыстарыңыз жөнінде айтып өтсеңіз.

– Білім саласын басқарып отырғаннан кейін ұстаздарға жасалатын жағдай жөнінде естісек қуанып қалатынымыз жасырын емес. Себебі, «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылдауды дайындау үстінде. Алдағы жылды жастар жылы деп жариялады. Педагог аудиторияға дәріс оқығаннан кейін, жастарды білім нәрімен сусындатқаннан кейін бәрі тең деп айту да қиын. Себебі педагогтардың ізденімпаздығы, қосымша ғылыми жұмыстармен шұғылдануы, оқумен қатар тәрбиені алып баруы – үлкен міндет. Осындай еңбегі еленбей қалған ұстаздардың арасында конкурс жариялап, оны анықтау үстіндеміз. Себебі, Елбасы өз Жолдауында атап көрсетті. Педагогтардың мәртебесін арттыруда біз жан-жақты сараптап, анықтау мақсатында жоспар құрудамыз. Келешек студенттердің, педагог жас мамандардың басқа да оқу орындарымен тең иық тіресе отырып өздерінің біліктілігін көрсете алатын дәрежеге жетуіміз керек. Назарбаев зияткерлік мектептерінің бағдарламаларымен танысып, талдау үстіндеміз. Сол сияқты іргелі орта арнаулы мекемелермен де оқып, семинар-тренингтер жасалуда. Күні кеше ғана мемлекеттік тілге қатысты, яғни латын қарпіне негізделген қазақ тілі туралы семинарлар өтті. Оған облысымыздағы ғалымдар, «Жастар ресурс орталығының» мамандары қатысып, осы іс-шараны өткізуге өздерінің қолдауын көрсетті. Оқу орнымыздың ішінде де латын әліпбиі негізінде бірқатар атаулар өзгертілді. Себебі, 2019 жылы деңгейлеп оқыту бағдарламасы іске асырылуда. Демек, 2025 жылға дейін осы латын әліпбиіне толықтай өтіп бітуіміз керек. Біздің мекемеміз де 14 қарашада Халықаралық диктант жазуға белсене қатысты. Әрине, бірден іске асып кетуі мүмкін емес. Көш жүре келе түзеледі. Кемшіліксіз болмайды. Жаңа ережелер, таңбалар енгізіліп жатқан соң қателіктер болуы әбден мүмкін.

– Осы оқу орнын бітіріп шыққан мамандардың ары қарай жұмысқа орналасу жайы қалай болмақ?

– Бұл тұрғыда біз жас мамандармен оқу орны қабырғасында Ашық есік күндерін өткізуді жоспарлап отырмыз. 2019 жылы қаңтар айынан бастап осы жұмыс іске аса бастайды. Оған Шымкент қаласының ірі-ірі мекемелерінің өкілдері қатысатын болады. Жұмыспен қамту орталығының мамандарын шақыртып отырмыз. Шымкент қаласының жұмыспен қамту орталығының мамандары ұйымдастырып отырған бос жұмыс орындарының жәрмеңкелеріне қатысатын болады. Бұл – бірінші кезең.

Екінші кезеңде теміржол саласының мекемелеріне өкілдерімізді жіберіп, келісім-шарттар түзілуде. Біз өзіміз дайындаған мамандарымызды әрі қарай да жұмысқа орналасуын қамтамасыз етуіміз керек. Бұл тұрғыдан да теміржол мекемелері мамандарды қарсы алуға әзірлігін білдіріп отыр.

– Білім басқармасына жаңа басшы тағайындалды. Ол кісі білім саласында өз ісін қарқынды бастап кетті. Сол басқармамен қарым-қатынастарыңыз қалай?

– Білім басқармасының ұйымдастыруымен Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен 15 қараша күні Политехникалық колледж қабырғасында өңіраралық, яғни Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстары бірлесе отырып іс-шара өткізді. Онда көтеріліп отырған мәселе арнаулы орта оқу орталықтарының білім сапасын көтеру болды. Жоғары оқу орындарында кредиттік технология негізінде оқыту студенттердің өзіндік ізденуіне көп мүмкіндіктер береді. Сонымен қатар дуальді оқыту негізгі проблемалардың біріне айналып отыр. Сағаттық жүйеде біраз өзгерістер болуы мүмкін. Сондай-ақ инклюзивті білім беру – Елбасының Жолдауында да өзекті мәселе етіп қаралған. Қазіргі қалалық білім басқармасын басқарып отырған Ақерке Абылайханқызы жаңа білім реформаларына бет бұрып отырғанын байқадық. Келешекке үлкен сенім артып отыр. Біз ол кісінің жүйесін іске асыруда арнаулы орта колледждер, мектеп ұйымдарды бірлесіп қолдау білдіруіміз керек. Ол Білім және ғылым министрлігінде жұмыс істеген. Тәжірибесі мол. Біліктілігі жоғары. Сондықтан Оңтүстік өңірінің білім сапасын жоғары белестерден көрсетеді деген сенімдеміз.

Қ. ТАСБОЛАТҰЛЫ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *