ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАДЫ

Билік Жастар Заң Мәселе Саясат Уақыт Қоғам
29 Views

Түркістан қаласындағы Азаматтарды қабылдау орталығында облыс тұрғындарын жеке қабылдау кестеге сәкес тұрақты жүргізіліп келеді. Облыс әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбек кезекті рет өңір тұрғындарын жеке қабылдап, өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.

Қабылдауға Түркістан және Арыс қалаларының, Жетісай, Сайрам, Бәйдібек, Сарыағаш аудандарының тұрғындары келді. Олар әлеуметтік қолдау алу, өтемақы алу, полигонды реттеу, тазалық жұмыстарын күшейту бойынша өтініштерін жеткіді. Сонымен қатар денсаулық сақтау және білім салаларына, құқық қорғау органдарының жұмыстарына қатысты шағымдар айтылды. Әрбір мәселе бойынша жауапты басқарма басшыларының қатысуымен тиісті түсіндірмелер беріліп, заң аясында шешу жолдары қарастырылды.Мәселен, сайрамдық азаматтар жедел жәрдем бригадасының санын арттыру керек екенін айтып, Қарабұлақ ауылына жаңа емхана салып беруді сұрады. Облыс әкімінің орынбасары қосымша дәрігерлік бригада қарастырылғанын, жақында жұмысын бастайтынын айтты. Айта кетейік, Сайрам ауданының орталығында көпсалалы аурухана бар. Әлеуметтік нысанға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, биыл аяқталады. Сондай-ақ, Қарабұлақ ауылында жедел-жәрдем станциясын салу көзделуде. Жетісай ауданынан келген тұрғын қаржылай көмек көрсетуді сұрады. Қазіргі таңда тұрғынға мемлекет және демеушілер есебінен тиісті көмек көрсетіліп келеді. Тегін дәрі-дәрмек, шипажайға жолдама және жәрдемақы қарастырылған. Демеушілер тарапынан қосымша көмек қаралатын болды.Қанат Қайыпбек тұрғындармен ашық диалог нәтижелі болуы керек екенін атап өтіп, әрбір азаматтың мәселесі назардан тыс қалмайтынын жеткізді. Тұрғындардың өтініштері заң аясында қаралып, нақты шешім қабылданатынын айтты.Қабылдау барысында бірқатар мәселелер сол жерде шешімін тапты. Қосымша зерделеуді қажет ететін өтініштер бойынша жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктелді.Орындалуы бақылауға алынды.Айта кетейік, өңір халқын жеке қабылдау тұрақты түрде жалғасады. Облыс әкімі және оның орынбасарларының жеке қабылдауына жазу жұмыстарын Түркістан облысы әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау бөлімі жүргізеді. Қабылдауға egov.kz порталы, е-otinish бірыңғай базасы арқылы және «Ашық әкімдік» кеңсесіне келіп, жазбаша өтініш тастау арқылы жазылуға болады.